Несеп – жыныс жүйелерінің бейспецификалық қабыну аурулары



бет4/10
Дата06.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#81462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
уро-2

Жіті пиелонефрит

  • Жіті пиелонефрит – бүйрек паренхимасы мен тостағанша-түбекше жүйесінің жіті қабынуы.
  • Жіті пиелонефрит бүйрек пен несеп жолдарында ешқандай обструктивті аурулар болмаған жайғдайда,гематогендік жолмен енген инфекциядан туындайды.
  • Екіншілік пиелонефрит обструктивті урологиялық аурулардың жалғасы болып келеді.

Клиникасы,сипаты

  • Жедел пиелонефрит кенеттен басталуымен, қысылуымен, несеп шығуының бұзылуымен және несептің өзгерімен сипатталады. Несеп кейде макроскопияның өзімен-ақ қою көрінеді, ақуыз саны норма шеңберінде немесе аздап көбірек, несеп тұнбасында лейкоциттер, бактериялар көп болады, бірлі-жарым эритроциттер кездеседі.
  • Қаннан лейкоцитоз анықталады, СОЭ көп болады. Толқын тәрізді, қайталанбалы ауру кезінде науқастың халі ұзақ уақыт бойы қанағаттандырарлық болып қалуы мүмкін. Тек асқыну кезінде ғана дене қызуы көтеріліп, халі нашарлайды, белі ауырады. Несеп тұнбасынан лейкоциттер едәуір көбірек мөлшерде табылады. Қабыну процесінің үдей түсуі нефрондар функциясының бұзылуы мен бүйрек кемістігіне әкеп соғады. Латентті ауру жағдайында пиелонефриттің симптомы азырақ болып өтеді, көбінесе бірқатар жылдар бойы анықталмай қалады. Ол кейде қайсыбір жедел ауру жағдайында кездейсоқ анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет