Жедел цистит әдетте кенеттен, тоңудан бірнеше сағат өткенде немесе басқа ушықтырушы фактордан пайда болады. Жедел циститке тән белгілер — жиі дәрет сындыру және ондағы ауырсыну (дизурия), қуықтың ауыруы, пиурия, терминальды гематурия. Қуықтың қабыну процесі қаншама күшті болса, дөрет сындыру соншама жиілеп, ауырта бастайды. Циститтің ауыр түрінде науқастар әрбір 20-30 минут сайын дәрет сындыруға мәжбүр болады, мұнда ашып ауру және несеп шығарудың соңында бірнеше қан тамшысы пайда болады.
Жедел цистит
Жедел цистит кезінде қасаға үстіндегі ауру несеп шығарудан басқа уақытта да басылмайды, ал қуықты басқанда — қатты ауырады. Қуықтың кілегейлі қабықшасынан келетін тұрақты ауырту импульстері детрузорды жиырылтады, қуық ішіндегі қысымды арттырады, сондықтан қуықта тіпті аз ғана несептің жиналуы дәретке бару сезімін туғызады. Ұл балаларда несеп қуықтың қабынған мойнынан өткенде қатты ауыртатындықтан, зәр шығару кейде тоқтап қалады. Жедел циститте бүл процеске қуыктың мойны да қатысатындықтан, ауру аралыққа артқы тесікке және үрпінің басына таралады. Мезгілсіз дәрет сындыра беруден кейде 7-12 жастағы балаларда жалған зәр ұстамау байқалады. Қуық жиырылғанда оның болбыраған және қансырап, қабынған кілегейлі қабықшасынан қан шығуы салдарынан шүғыл циститтегі гематурия әдетте терминальды гематурия болады. Қуықтың мойны мен үшбұрышы басым зақымданғанда терминальды гематурия ерекше жиі байқалады.
Жедел цистит
Наукастарда несеп түсінің бозаруы онда лейкоциттердің, бактериялардың, қуықтың түлеген эпителийінің жөне эритроциттердің көптігіне байланысты. Жедел циститте науқастың дене температурасының көтерілуі сирек кездеседі, өйткені қуықтан сіңірілу өте аз болады. Цистит кезінде дене температурасының көтерілуі, өсіресе дененің қалтырауы қабыну процесі бүйректі де қамтығанын көрсетеді (пиелонефрит). Цистит кезінде дене температурасының көтерілуі жас бапалардан ғана байқалады, мүнда жедел пиелонефрит емес деп айту қиын болады. Бала жас болған сайын жедел циститтің клиникалық көрінісінде жалпы белгілер басым болып, жергілікті белтілер аз болады.
Простатит
Простатит – қуық түбі безінің қабынуы – еркектердің жыныс мүшелерінің ең жиі кездесетін ауруы.
Белгілері
Простатит белгілерінің үш топқа бөлініп қарастырылуы мүмкін: - зәрлік аппарат тарапынан бұзылыстар (зәрге жиі ауыртпалы шығу, қуықтың толық емес босау сезімі), құрсақтың төменгі бөлігіндегі ауырсыну; - жыныстық қызмет бұзылыстары (эякуляция кезіндегі зәр шығару түтігінің бойындағы және тік ішектегі ауырсыну, әлсіз эрекция, мезгілінен ерте эякуляция, оргазмды жоғалту және с.с.); - науқастардың өз жай-күйіне жете үңілуінен туындайтын жоғары мазасыздану және жүйке жұқаруы
Эпидемиологиясы
Простата безіне инфекция урогенді,гематогенді,лимфогенді жолдармен түседі.Көбіне бұл инфекциялар - хламидиоз, трихомониаз, гарднереллез немесе соз (гонорея) инфекциялары. Жұқпа аталық безге кіші жамбастың қан тамырлары мен лимфа тамырлары бойымен зәр шығару түтігінен, қуықтан, тік ішектен түседі.
Жедел простатит
Жедел простатит әдетте 39-40° С дейін қызбамен бірге дене қызуының көтерілуінен басталады. Зәрге шығу қиындайды және ауырады. Зәрге шығу жедел кідірісін шақыратын аталық без ісінуі дамиды. Созылмалы простатит мейлінше тыныш өтеді, бірақ жағымсыз факторлардан кез-келген сәтте асқынуы мүмкін. Симптомсыз ағым иелену де ықтимал.
Асқынулар
Мынадай асқынулардың болуы мүмкін: - жедел простатиттің созылмалыға ауысуы; - жедел зәр кідірісімен бірге хирургиялық емді талап ететін қуық обструкциясы; - еркек бедеулігінің дамуы; - рецидивті цистит; - пиелонефрит және бүйректің басқа зақымданулары; - хирургиялық араласуды қажет ететін аталық без абсцессі (іріңдігі).