Жедел паранефриттің клиникалық көрінісі көп жағдайда іріндіктің орналасқан тұсына, инфекцияның вируленттігіне және организмнің реакциялылығына байланысты. Жоғарғы паранефрит кезінде (диафрагма) асты абсцесінің, жедел холициститің, пневмонияның немесе плевриттің симптомдары-дамуы мүмкін. Төменгі паранефрит жедел аппендицит пен оның асқынуларының (аппендикулярлық инфильтрат, ретроцекалдық абсцесс) тән үлгісі бойынша өтуі мүмкін. Алдыңғы паранефрит кезінде асқорыту ағзаларының ауруларына тән сипатты симптомдар байқалуы ықтимал.