Ажырату диагнозы
әдетте, ФД-мен бірдей (сондай аурулармен жүргізіледі).
Емі
кешенді. Өршу кезінде физикалық және психикалық тыныштық, емдәм, дәрілік
және физиотерапиялық ем қажет. Механикалық және химиялық аяушылықпен, сөліністі
қоздыратын тағамсыз, бөлікті тамақтандыру керек.
Асқазанның қышқылтүзу функциясы қалыпты немесе жоғары болғанда
сорылмайтын антацидтер: фосфалюгель, мегалак, маалокс, протаб қолданылады. Тұз
қышқылы шектен өнетін болса селективті холинолитиктер: гастроцепин, риабол беріледі.
Басқа антисөліністік дәрілерді (Н
2
-гистаминблокаторлар, протонды айдағыштар (насос)
блокаторлары) шектеп қолданады.
Эрозияларда пленкақұраушы дәрілер (сукральфат, денол) және ПГЕ
2
простогландиндер синтетикалық аналогтері (мизопростол) қолданылады.
Хеликобактериоз анықалғанда инфекцияға қарсы ем (ОЖА қара) жүргізіледі:
-
асқазан және он екі сақиналы ішек клегей қабатында эрозиялық өзгерістер болғанда;
-
қайтпайтын бездер атрофиясымен жүретін нодулярлы гастритте немесе
гастродуоденитте (гистологиямен дәлелденсе);
-
от басында пилородуоденальды аймақтың эрозивті-жаралы арулары немесе асқазан
рагі байқалса;
-
Нр дәлелденген вируленттігінде (СagA және VacA серологиялық белоктары анықталса
немесе морфологиялық - кілегей қабатының клеткаларының вакуолизациясы - жолмен
анықталса);
-
Helicobacter pilori (Нр) эрадикациясына қосымша, Маастрихтік ІІІ келісімі бойынша
(2005 ж.), көрсеткіш болып протондық помпаның ингибиторларын (ППИ) немесе
стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді ұзақ қабылдау, Верльгоф ауруы, теміртапшылық
анемия есептеледі.
Физиотерапиялық ем индуктермияны, новокаинмен, папаверинмен электофорезді,
озокеритті және парафинді аппликацияларды қамтиды.
Алдын алу
тиімді тамақтануға, күн тәртібін оңтайландыруға және физикалық және
психоэмоциялық салмақтарды қалыптастыруға жағдай жасаудан, инфекциялық
ошақтарды, паразитоздарды санациляаудан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |