Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет386/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Сүйек-буын жүйесі.
Іштен туа болған ақауларға, буындардағы ісіктерге, қимыл
көлемінің, пішінінің өзгерістеріне, ауырсынуларына (лейкоз) көңіл бөліп анықтайды.
Лимфа түйіндері. 
Лимфа түйіндерінің жүйесі – лимфа, лимфа фолликулаларын және
лимфа тамырларынан тұрады.
Негізінен беткі лимфа түйіндерін клиникалық тексеру мүмкіндігі бар. Сонымен
қатар, іш және кеуде қуысының лимфа түйіндерін тексеру керек.
Беткі лимфа түйіндерін келесідей топтарға бөледі
.
1.
Шүйде тобы.
1.
Сүйір өсінді
маңындағы топтар.
2.
Иек асты тобы.
3.
Жақтар
астындағы топ.
4.
Мойынның
алдыңғы бетіндегі топтар.
250


5.
Мойынның
артқы бетіндегі топтар.
6.
Бұғана
үстіндегі топтар.
7.
Бұғана
астындағы топтар.
8.
Қолтық
топтары.
9.
Кеуде немесе
торакальды топтар.
10.
Шынтақтық
топтар.
11.
Шабтық
топтар.
12.
Сандық топтар.
Лимфа түйіндерін зерттеу –
қарау, жылжымалы пальпациялау, пункция және
биопсия әдістерімен жүргізіледі. Қарағанда 
– 
тек өте үлкейген, жоғары орналасқан лимфа
түйіндерін, әсіресе, мойын тобын (лимфагрануломатоз) байқауға болады 
(87 сурет).
Пальпация жүйелі түрде екі жақтан бірдей жүргізілу керек. Лимфа түйіндерін
пальпациялағанда, олардың көлемін (мөлшерін), санын, қозғалу мүмкіншілігін, тері, шел
майымен және өзара қарым-қатынасын, сезімталдығын (ауыратындығын) анықтау қажет.
Дені сау балаларда, әдетте лимфа түйіндерінің үш-ақ тобы (жақтар асты, қолтық, шаб
топтары) пальпацияланады.
Әр топта 3 түйіннен артық қолға ілінбесе бірең-сараң лимфа түйіндері, ал одан көп
болса, көптеген лимфа түйіндері пальпацияланады деп есептелінеді.
Лимфа түйіндерінің мөлшерін анықтау қиын болып келеді, сондықтан оларды
тарының дәнімен, бұршақпен, шиенің сүйектерімен, орман жаңғағымен және тағы
басқалармен салыстырады. Дені сау балаларда лимфа түйіндері әр топтағы саны 1-3
(бірлі-жарым) мөлшері (0,2-0,3 см) жасымықтан кішкене горохқа дейін, жұмсақ
(эластикалы), ауырмайтын болып келеді. Лимфа түйіндері пальпациялағанда алынатын
мәліметтер тері асты шел майының жағдайына да байланысты болып келеді. Ерте жастағы
сәбилерде шел майы жақсы дамыған, ал лимфа түйіндерінің қабығы (капсуласы) нашар
жетілгендіктен оларды пальпациялау қиынға түседі.
Шартты түрде лимфа түйіндерінің төмендегідей мөлшерлерін анықтайды: мөлшері
тарыдай (I дәрежесі), жасымық тәрізді (II дәрежесі), горох (III дәрежесі), бұршақ тәрізді
(IV дәрежесі), грек жаңғағы тәрізді (V дәрежесі), көгершін жұмыртқасы тәрізді (VI
дәрежесі). Көгершін жұмыртқасының мөлшерінен асып кетсе, ісік тәрізді сыртқы
лимфаденит болып есептелінеді.
Шүйде лимфа түйіндері шүйде сүйегінің аймағында орналасқан. Олар бастың
терісінен және мойынның артқы бөлігінен лимфа жинайды. Оларды зерттеу үшін қолын
жалпағынан шүйде сүйегіне теріні басыңқырап салып, айналдыра сипап, барлық шүйке
сүйегін пальпациялап шығады.
Сүйір өсінде маңындағы лимфа түйіндер ортаңғы құлақпен, құлақ айналасындағы,
теріден және сыртқы есту жолынан лимфа жинайды. Оларды зерттеу үшін сүйір өсінді
аймағын ұқыптылықпен сипап шығады.
Иек астындағы лимфа түйіндері төменгі ернінен, қызыл иектің кілегей қабығынан
лимфа жинайды. Тексергенде, баланың басын сәл еңкейтіп иек астын пальпациялайды.
Жақ асты лимфа түйіндері бет терісінен, қызыл иек кілегей қабығынан лимфа
жинайды. Баланың басын сәл төмен еңкейтіп, жартылай бүгілген саусақ жақ сүйегінің
астына теріні тығыздау басып енгізіледі. Содан кейін жақ сүйегінің үстімен жәйлап 
251


а) б) в)
г) д) е)
ж)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет