Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет610/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   606   607   608   609   610   611   612   613   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Патогенезі.
 
Ұрықта инфекциялық процесстің дамуы қоздырғышта гематогенді дис-
семинация сатысымен, көптеген тіндер мен мүшелерде инфекциялық ошақтардың пайда
болуымен басталады. Егер бұл сатыда ұрық өлмей тірі қалатын болса, онда токсоплаз-
мозды инфекция біртіндеп өшеді және жедел ауру сатысы мида, көзде, миокардта, қаңқа
бұлшық еттерінде созылмалы цистаның түзілуіне ауысады. Қазіргі көзқарасқа сәйкес,
адамдағы токсоплазмоз инфекциясының патогенезі, токсоплазмоздың жалпы клиникалық
көрінісінің дамуы, қабыну процесстерінің айқындалу сатысы, аурудың ақыры мен ағымы:
жүктілік кезінде ұрықтың токсоплазмамен инфекциялануы, қоздырғыштың төзімділігі мен
мөлшеріне, ананың және ұрықтың организмінің арнамалы қорғаныш факторларына және
де басқа себептерге байланысты. Клиникалық көріністің айқындалу дәрежесі ұрықтың
құрсақ ішілік зақымдалу мерзіміне байланысты. Егер әйел жүктілікке дейін инфекция-
ланған болса (6 айдан артық мерзім) құрсақ ішілік зақымдалу болмайды. Егер зақымдалу
жүктілікке дейін аз уақыт бұрын болса, ұрықтың зақымдалу қауіптілігі өте төмен.
Ауру жүктіліктің 1-ші триместрінде жұқтырған анадан, туа болған токсоплазмоз 15-
20% жағдайда кездеседі. Ерте фетальды кезеңде ұрықтың зақымдалуы түсік пен гидроце-
фалияға әкеледі. Қоздырғыштың ОНЖ-е тропизімін ескерсек, мидың (менингоэнцефалит)
және көздің (хориоретинит) зақымдалуы мүмкін. Егер де қабыну процесстері түсікке алып
келмеген жағдайда, онда туған нәрестелерде қалдық көріністер болады: мүшелердегі
фиброзды склероздық өзгерістер, олардың қызметінің бұзылыстары жалған ақаулар
дамуына әкеледі. Жүктіліктің 3-ші триместрінде зақымдалу кезінде 65% ЖТН инфекция-
ланады, бірақ кейбір нәрестелерде инфекция клиникалық көрініссіз өтеді. Тек 30% жағ-
дайда құрсақ ішінде зақымдалған нәрестелерде кеш фетопатия кең спектрлі клиникалық
көріністерімен сипатталады. Қалған жағдайларда симптомсыз түрде болады, олар бірнеше
айлар мен жылдардан кейін клиникалық көріністер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   606   607   608   609   610   611   612   613   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет