Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет609/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

2.4.7.2.6. ТОКСОПЛАЗМОЗ
 Токсоплазмоз
 
– 
латентті және созылмалы ағыммен жүретін ретикулоэндотели-
альды жүйені, бұлшық етті, миокардты және көзді зақымдайтын паразитарлы ауру.
Токсоплазмоз проблемасының көптеген жылдар бойы табиғатта қоздырғыштың
таралуымен, инфекциялық жиілігі жоғарылығымен және созылмалы токсоплазма
паразитінің тіндерде және органдарда сақталуымен өзекті болып саналады.
Токсоплазмамен инфекциялану барлық елдерде кең таралған болып саналады.
384


Этиологиясы.
 
Токсоплазма қоздырғышы Toxoplasma gondii – қарапайымдыларға
жататын және даму циклі күрделі облигатты клетка ішілік паразит. Олардың 3 негізгі түрі
болады: трофозиттер (эндозоиттар), цисталар және социттер.
Эпидемиологиясы.
Токсоплазмоз табиғи ошақты зоонозға жатады. Адамдарда
инфекция 3 жолмен беріледі: ауыз арқылы (оацист және цистаны жұту),
трансплацентарлы, сонымен қатар қан құю және мүшелерді алмастыру кезінде.
Донорлардың токсоплазмамен зақымдалуы клиникасы сау адамдар сияқты, бірақ
реципиенттерге токсоплазманың берілу жағдайы байқалмайды. Мұндай жағдайлар
иммунитеттті әлсіреген (СПИД және лейкомия т.б. ауруламен ауыратын жағдайда)
адамдарға қан құйған кезде, сонымен қатар мүшелерді алмастыру кезінде болады.
Педитриялық тәжірибеде құрсақ ішілік анадан нәрестеге жұғу маңызды болып табы-
лады. Ұрықтың құрсақ ішілік зақымдалуы тек жүктілік кезінде біріншілік инфекциямен
ауырған әйелден жұғатыны дәлелденген, себебі, бұл жағдайда паразитемия және қоздыр-
ғыш қанмен плацентаға өту мүмкіншілігі болады. Бұл жерде инфекцияынң бірінші ошағы
түзіледі, содан соң токсоплазмалар гематогенді жол арқылы ұрыққа енеді. Жүктілікке
дейін жұққан әйелден қоздырғыштың ұрыққа берілуі дәлелденбеген, анасындағы дамыған
иммунитет ұрықты жұғудан қорғайды. Жүктілік кезінде инфекцияланған әйел клиникалық
сау болып есептелінеді. Тек 10-ның біреуінде ғана клиникалық симптомдарды байқауға
болады, көбіне лимфоаденит түрінде кездеседі.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   605   606   607   608   609   610   611   612   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет