Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет667/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   663   664   665   666   667   668   669   670   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Диагноз қою.
Гипотрофия диагнозын қою мен оның дәрежесін анықтау үшін тері
асты шел майы қабатының қалыңдығы негіз болып табылады.
Емі.
Ем кешенді болуы тиіс және оған жатады:
1) гипотрофия тудырушы факторларды анықтап, оларды түзету немесе жою;
2) емдік тамақтандыру;
3) тиімді режим, күтім, тәрбие, уқалау мен гимнастиканы ұйымдастыру;
4) созылмалы инфекция ошақтарының, қосалқы ауруларды анықтау және оларды емдеу;
5) ферменттік, дәрумендік, белсендіруші және симптоматикалық ем. Емдік тамақтанды-ру
– тиімді емдердің негізі. 
Негізгі принципі 2 сатылы ем болып табылады:
1) тағамға толеранттылықты анықтау кезеңі.
2) күшейтілген тамақтандыру кезеңі.
Тағамдық үлкен жүктеме кенеттен және ерте енгізілсе, науқаста диспепсия мен
күйзеліс шақыруы мүмкін. Емдік тамақтандырудың маңызды принциптері келесілер:
1) емнің бастапқы сатыларында тек жеңіл қорытылатын тағам (ана сүті, ол болмаса, бей-
імделген немесе жартылай бейімделген қоспалар, ең дұрысы сүтті – қышқылды
ацифильді «Малютка», «Малыш», «Балбөбек», «Биолакт», «Бифилин» және т.б.);
2) жиірек тамақтандыру;
3) тамақтануға, нәжіске, диурезге, ішкен және парентеральды енгізілген сұйықтық
көлеміне, тұз мөлшеріне адекватты жүйелі бақылау жасау.
Тағамға толеранттылықты анықтау І гипотрофияда әдетте 1-3 күн, ІІ дәрежесінде -3-
5 күнге және ІІІ дәрежесінде 7-10 күнге созылады.
І дәрежелі гипотрофияда емдеу басынан бастап тағамның тәуліктік мөлшері баланың
жасына және дене салмағына сәйкес жүргізіледі. ІІ және ІІІ дәрежелі гипотрофияда сүт
немесе қоспаның бастапқы тәуліктік көлемі салмағының 2/3-1/2 бөлігі есебінен болуы
421


тиіс. Жетіспейтін тағам мөлшері сұйықтықпен (шай, итмұрын тұнбасы, жеміс
шырындары, көкөніс және жеміс қайнтпалары) толтырылады. Баланың жағдайы
жақсарған уақыттан бастап, тағам мөлшерін қалыпты көлемге дейін жеткізеді.
І дәрежелі гипотрофияда тамақтануды есептеу және түзету болуға тиіс салмағының 1
кг-на саналады. ІІ дәрежелі гипотрофияда тәуліктік рациондағы белок пен көмірсу болуға
тиіс (орташа салмаққа немесе шамалап алынған салмақ) салмағының 1 кг-на есептеліп,
май мөлшері қазіргі салмаққа есептеледі. ІІІ дәрежелі гипотрофияда белок пен көмірсу
мөлшері орташа болуға (шамалап алынған салмақ) тиісті салмағының 1 кг-на (қазіргі
салмағы + қазіргі салмақтың 20 %), ал май мөлшері – қазіргі салмаққа есептеледі. Бала
жағдайының қалпына келуі мен салмақ қосудың тұрақтануы кезінде тағам мөлшерін
болуға тиіс салмаққа шағып есептейді. Белок қажеттілігін қамтамасыз ету ақуыздық
қоспалар мен тағамдарды (ақуыздық энпит, айран, ақуыздық сүт, сүзбе, сарыуыз ет
өнімдері); көмірсуларды – қант сиробын, жеміс шырыны мен пюресі, ботқаларды қосу
арқылы, ал майды – май энпиті, қаймақ, өсімдік майы немесе сары майды қосу арқылы
жүзеге асырылады. 
Баланың ең тиімді тағам түрі – емшек сүті болып есептеледі, ол болмаса –
бейімделген сүт қоспалары қолданылады. Сүтті-қышқылды тағамдар қабылдаған жөн,
өйткені олар асқорыту сөлінің бөлінуін белсендіріп, дисбактериозды азайтып, тез қоры-
тылу мен сіңірлуге жақсы әсер етеді. Ішек микрофлорасын жақсарту үшін биологиялық
белсенді қоспалар (БАД-1, БАД-2, БАД-1Л) тағайындау қажет. Бірақ, әрбір науқас балаға
диета тағайындау мен, оны кеңейту жеке шешілуі қажет, ол міндетті түрде копрограмма,
дене салмағының қисығы мен қант қисығын ескере отырып, қарастырылады.
І дәрежелі гипотрофиямен ауыратын баланы ауыр қосалқы ауруы мен асқынуы
болмаса, үйде емдеуге болады. ІІ және ІІІ дәрежелі гипотрофияны міндетті түрде
ауруханада емдейді. Науқасты жарық, кең, үнемі желдетілетін бөлмеге жатқызу керек.
Палатадағы ауа температурасы 24-25
о
С төмен болмауы, бірақ 26-27
о
С аспауы керек,
өйткені бала тез салқындап, тез қызып кетеді. Серуендеу ауа температурасы –5
о
С болғанда
рұқсат етіледі. Күз бен қыста серуендеуге аяққа жылытқыш қойылады. Балада жағымды
тонус шақырған жөн, жиірек қолға алу қажет. Қосарланатын инфекцияның алдын-алу
қажет, науқасты оқшай бокске ауыстыру, бокста күнделікті кварцтау жүргізу керек. Жылы
гигиеналық ванналардың (су температурасы 38
о
С) жағымды пайдасы көп. Уқалау мен
гимнастика міндетті түрде жасалуы тиіс.
Гипотрофиямен ауыратын балаларды емдемейді, оларға күтім жасайды деп
есептеледі.
Гипотрофияның емінде, тамаққа толерантығын анықтау кезінде, кеңінен ферменттер
қолданылады. Осы мақсатта абомин, асқазан сөлдері, фестал, мексаза, мезим сияқты
ферменттер қолданылады. Егер копрограммада бейтарап майлар мен майлық қышқылдар
көп болса, қосымша панкреатин, панзинорм, креон беріледі.
Витаминдермен емдеу гипотрофия емінің ажырамас бөлігі. Витаминдер алғаш
парентеральды түрде ішуге тағайындалады. Алғашқы күндері С, В
1
, В
6
, беріледі. Кейіннен
А, РР, В
15
, Е, фолий қышқылы, В
12
витаминдері беріледі.
Организмнің белсенділігін көтеру емінің негізі апилак, дибазол, пентоксил, метацил,
жень-шень, пантокрин және басқалар бірінен соң бірі емдік курс түрінде жүргізіледі. 
Белгілеріне сәйкес ем гипотрофияның клиникалық көрінісіне байланысты. Анемия
болса, фолий қышқылы, темір дәрі-дәрмектері және басқа тиімді ем жүргізіледі.
Ультракүлгін, массаж, физиоем пайдалы болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   663   664   665   666   667   668   669   670   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет