сұйықтық мөлшері 30-60мл/кг/тәуліктен аспайды, басқасын ішкізу керек. Коллоидтармен
глюкозаның қатыныасы 1:2, старттық
ертінділер Реополиглюкин, Рефартан, 10, 20%
Альбумин (5-10 мл/кг) болады. Зәр жүргізу үшін салуретиктер (Лазикс) 1-3 мг/кг есебінен
қолданылады. Жеделдетілген диурез міндетті түрде сағат сайынғы зәр мөлшерін, несеп
қабына түтікше қойып, анықтауды талап етеді. Жеделдетілген диурез үш
бағытта
(регидратация, нормагидратация, дегидратация) жүргізіледі.
Соңғы кезде көптеген қаламгерлер пневмонияда инфузиялық емді мүмкіндігінше
қолданбаған жөн екенін атап көрсетіп отыр.
Деструктивті пневмонияларда енжар (пассивті) иммунизация ретінде гипериммунды
антистафилококкты плазма, антистафилококкты гаммаглобулин қолданылады. Нативті
стафилококкты анатоксинмен активті иммунизация жүргізу тиімді болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: