Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет162/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Антибиотикалық ем
пневмонияның жедел кезінде инфекциямен күресуге 
бағышталған емнің негізгі түрі.
Антибиотикалық емнің негізгі қағидалары:
1. Этиотроптық ем пневмония диагнозы қойылғаннан бастап немесе науқастың жағдайы 
ауыр болса, тағайындалады. Ал, диагноз күмән тудырған жағдайда, науқастың жағ-
дайы көтерсе, рентгенографияның нәтижесі белгілі болғаннан кейін, тағайындалады;
2. алғашқыда, аурудың клиникалық белгілеріне сәйкес, антибиотиктер шамамен 
тағайындалады; 
3. басқа альтернативті антибактериальды дәрілерге ауыстыру ауыр емес пневмонияда 
клиникалық тиімділігі 36-48 сағат, ал ауыр түрлерінде 72 сағат өткеннен кейін 
байқалмаса немесе жағымсыз әсерлері байқалғанда, шешіледі; 
4. пневмококктар гентамицинге және басқа аминогликозидтерге берік келеді, сондықтан 
ауруханадан тыс пневмонияларда бұл топ антибиотиктері тағайындалмайды; 
5. асқынбаған пневмониялардың ауыр емес түрлерінде антибиотиктердің ішетін түрін 
қолдаған жөн, ал ем парэнтеральды жолмен басталған болса, дене қызуы 
қалыптасқаннан кейін, ішкізілетін антибиотиктер қолданған дұрыс;
6. антибактериальды емнен кейін биопрепараттар тағайындалады.
«Үй» пневмонияларының құрамын және емнің үйде жүргізіліп жатқанын ескере 
отырып, ішкізілетін антибиотиктерге ерекше көңіл бөлінеді: жартылай синтетикалық 
пенициллиндер (амоксициллин, ампициллин), солармен бірге клавулды қышқылдармен 
немесе сульбактаммен қосарланған антибиотиктер (аугментин, уназин, амоксиклав); 


278 
цефалоспориндердің 2-ші ұрпағы (цефураксим-зиннат және басқалар); макролидтер 
(азитромицин, кларитромицин, роситромицин және басқалар). 
Муколитикалық, қақырық жүргізетін ем жедел бронхиттегімен бірдей.
Витаминмен емдеу. 
С, В
1
, В
2
витаминдері физиологиялық мұқтажыдықтан 4 есе 
артық қолданылады.
Фитотерапия. 
Пневмонияның жедел кезінде
 
жастан асқан балаларға, қақырық 
жүргізу әсері бар өсімдіктер жиынтығы (қараандыз тамыры, мия тамыры, шалфей, өгей 
шөп, тасшөп) қолданылады. Қайың, шайқурай жапырақтарын қолдануғада болады. 
Қуаттандырушы ем. 
Жақсару және сауығу кезінде
 
жедел кезеңнен кейін 2-3 апта 
бойына төмендегі дәрілермен организмнің қорғаныс қабылетін қуаттандыру жүргізіледі:
Натрий нуклеинат (Natrii nucleinas). Нуклеин қышқылының натрий тұзы ашытқыны 
гидролиздеу нәтижесінде алынып, тазаланған. Ұнтақ күйінде шығарылады. Бір жасқа 
дейнгі балаларға – 0,005-0,01, 2-5 жаста – 0,015-0,05, 5-7 жаста – 0,05-0,1 г, 7-14 жаста – 
0,2-0,3 г-нан күніне 2-3 рет 5-8 күн және оданда ұзақ береді. Сол сияқты Метилурацил 
(3-8 жасар балаға – 0,25 г, 8 жастан ересек балаға – 0,25-0,5 г-нан күніне 3 рет), Дибазол 
(Бір жасқа дейін – 0,001 г, 1-3 жаста – 0,002 г, 4-8 жаста – 0,003 г, 9-12 жаста – 0,004 г, 12-
ден асқан балаға 0,005 г ашқарынға күніне бір рет), Пентоксил (бір жасқа дейін 0,015, 1-3 
жаста – 0,025, 3-8 жаста – 0,05, 8-12 жаста – 0,075, 12 жастан асқанда – 0,15 г күніне 3-4 
рет), Жень-шень тұндырмасы (күніне 15 тамшыдан 3 рет), сұйық элеутерококк 
сығындысы (тамақтан жарты сағат кейін күніне 5-20 тамшыда 25-30 күн бойына), А, В
5

В
6
, В
1
, В
2
витаминдері қолданылады.
Жедел пневмониямен ауырған науқастарды ауруханада емдеу. 
Науқасты емдеуді ауруханаға түскеннен бастау керек. Емнің негізгі сатылары: су 
тәртібін тағайындау, тиімді емдәм, антибиотикалық ем, тыныс және жүрек жетіспеушілі-
гін жою, қышқылды сілтілік жағдайды қалыптастыру, гипертермиямен, құрысу 
синдромымен және т.б. күрес, гипокалиемия, ТІШҰ синдромыдарының алдын алу.
Режимдерді ұйымдастыру. 
Ауруханада науқас баланы жеке бокстарға орналастыру 
керек, керуеттің бас жағын көтеріп жатқызу қажет. Бокста науқастың анасымен бірге 
болғаны жөн. Палаталар мен бокстарда ртутті-кварцті шаммен сәулелендіріп, 
желдендіріп, өзара инфекцияның тарауының алдын алып отыру керек.
Тәуеліктік сұйықтық мөлшерінің 1/3 бөлігін глюкоза тұз ертінділері түрінде 
(регидрон оралит) берген жөн. Бұндай ережені сақтау 80-90% науқастарда инфузиялық ем 
жүргізбеуге мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда (сусыздану, талма, микроцирку-
ляцияның бұзылуы, тамыр ішінде шашырап ұю синдромының пайда болу каупі), 
сұйықтықтың 1/3 бөлігі көктамырға жіберіледі. Кристаллоидтарды шектен тыс жіберілсе, 
өкпе шемені байқалуы мүмкін. Тамақтандыруда айтарлықтай өзгеріс болмайды. Науқас 
бала тиісті мөлшерде тамақ ішуі керек. Өте ауыр жағдайларда бірнеше күнге ғана 
тамқтану жиілігін көбейтіп, бір қабылдайтын тамақ мөлшерін азайтады. Содан кейін 
тамақ қалыпты мөлшерде, физиологиялық талаптарға сәйкес беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет