361
Туа болған жүрек ақауы анықталғаннан кейін өмірінің алғашқы 2 жыл бойына
міндетті түрде 3-4 айда 1 рет /І-ші сатысында/, одан соң жылына 1-2 рет жүйелі түрде
рентгенологиялық, электрокардиографиялық тексерістер жүргізіп, қан қысымын өлшеп,
дәрігер-кардиолог диспансерлік есепке алып, бақылап отыруы керек.
Туа біткен жүрек ақауы бар балаларды емдеу екі мәселені шешуге бағытталған
болуы керек: 1. Жалпы ауыр жағдайда жедел көмек көрсету. 2. Әртүрлі асқынулары және
ілеспелі аурулары бар науқастарды емдеу. Бұлардың ішінде жедел немесе жеделдеу жүрек
шамасыздығын емдеу бірінші орында тұрады /жүрек шамасыздығын қара/.
Оттегі жетіспеушілігінің айқын белгілері байқалса, глуматин қышқылын береді.
Аэротерапияны және оттегімен емдеуді кең қолдану керек.
Сол қарыншаның жедел шамасыздығында қарсы ем /15-20 минут бойы 20%
спиртпен ылғандандырылған оттегі/ қолданылады. Өкпе гипертензиясы немесе кіші қан
айналымында гипертониялық криз дамығанда, венаға 2,4% эуфиллин жіберіп, раувольфин
/серпазил және резерпин/ препараттарын қолдану керек
Кіші айналым шеңберінің азаюымен дамитын туа болған жүрек ақауларында,
қайталанатын және темірге зәру анемияда ауырлау болатын, гипоксемиялық ұстамалар
байқалады. Осыған орай реңдік көрсеткіш 0,8 төмен болса, құрамында темір бар дәрілер
/ферроцеррон, ферракаль/ қолдану, ал ауыр жағдайларда венаға /феррумлек немесе
фербитол/ жіберу керек болады. Бұл дәрілерді гемоглобин мөлшері 150-160 г/л-ге дейін
көтерілгенше қолдану керек.
Гипоксемиялық ұстамада ақыл-есі сақталған болса, оттегімен демалдырып, тыныш-
тандыратын дәрілер /димедрол, пипельфен, промедол/, кардиамин тағайындау керек
Достарыңызбен бөлісу: