К І Р І С П Е
ПЕДИАТРИЯ МЕДИЦИНАНЫҢ БІР БӨЛІГІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Педиатрия
(грек сөзі – paidos – бала; iatreia – емдеу), 1847 жылы алғаш рет орыс
тілінде жарық көрген «Педиятрика» оқулығында орыс педиатриясының тасын қалаушы
Степан Фомич Хотовицкий берген анықтама бойынша «Негізінен Балалар денсаулығын
сақтау және ауруларын емдеу ерекшеліктеріне негізделген
балалар организмінің
құрылымдық, физиологиялық шығару және балалар аурулары ерекшеліктері туралы ілім».
Басқаша айтқанда педиатрияның негізгі мақсаты, оның туа біткен өмір потенциалын түгел
іске асыруға мүмкіндік беретін балалар денсаулығын сақтау немесе қалыптастыру (ауру
болған жағдайда).
Осыдан толық 1-ғасыр кейін орыс ғұлама педиатры Михаил Степанович Маслов
педиатрияның мақсатын төмендегідей етіп анықтап берді: «Педиатрия өсіп және
қалыптасып келе жатқан адам организмі туралы ғылым бола тұра, әртүрлі
жастық
кезеңдердегі балалар ерекшеліктерін түпкілікті тексеру негізінде, негізі мақсаты ретінде
сыртқы факторларға төзімділігін және оның жанжақты дамуы үшін қажетті жағдай
жасауды талап етіп қояды. Міне сондықтан педиатрияның негізгі бағыты профилактикалық
бағыт болып келеді». Қазіргі кездегі ғұлама педиатрлардың
бірі Игорь Михайлович
Воронцовтың пікірі бойынша педиатрия түсінігін, даму ғылымы ретінде төрт үлкен бөлімге
енгізуге болады:
қорғаныс, қамсыздандыру, сәйкес
(адекватты)
стимуляция
(қуаттандыру),
бақылау
және
дамуындағы ауытқуларды ерте қалыптастыру
.
Педиатрияның өзекті мәселері. Негізінен ересек адамның арауларының көзі құрсақ
ішілік және ерте балалық шақ кезеңдеріңде жатады, осы кезеңде денсаулықтың ірге тасы
қаланады. Халықтың «бесікте не көрсең өскенде соны істейсін», деген нақыл сөзі рас болса
керек. Осы кезге дейін орыс қалқының ғұлама адамдарының бірі Николай Иванович
Пироговтың: «Біз бәріміз балалық шақтанбыз» – деп айта келіп, «біздің ауруларымыздың
бәрі балалық шақта пайда болған» – деген ұшқыр сөзі өзінің маңызын жойған жоқ.
Перинатальдық кезеңде бастан өткен жағдайлардың қалдықты әсерлерін зерттеуден
артық маңызды шаруа жоқ екендігіне ешқандай талас жоқ.
Баланың ата-анасының конституциясының және
тұқым қуалау ерекшеліктерін
ескере отырып, екі қабат әйелді тиімді тамақтандыру ерекше маңызыды мәселе.
Қазіргі кезде көп жағдайда клиникалық тұрғыдан білінбейтін, бірақ олардың кейінгі
қалдықты әсерлері түсініксіз құрсақ ішілік инфекцияның кең таралғаны күмән
тудырмайды.
Неонатальды импритингті (психикалық, антигендік, функциялық жүйелердің)
зерттеудіңде маңызы аз емес.
«Адам геномын» зерттеудегі жетістіктерге байланысты туған кезде генетикалық
кодты және генетикалық төлқұжатты верификация мәселесіде алдымызда тұр.
Алдын ала егу шараларын оңтайландыру,
вакциналардың сапасын артыру, бір
вакцинацияны көптеген вакциналармен қосып жүргізу мәселесіде күн тәртібінде тұрған
өзекті мәселелердің бірі.
Біріккен тәжрибелік педиатрия ғылымын бірнеше тармаққа бөлуге болады:
профилактикалық, клиникалық, ғылыми, әлеуметтік, экологиялық педиатриялар.
Профилактикалық педиатрия –
арулар мен мүгедектіктің алдын алуға бағыштал-ған
шаралар жүйесі. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік алдын алулар деп бөледі.
Біріншілік алдыналу
–
тиімді тамақтану, өмір сүру салты, шынықтыру және профи-
лактикалық егу, рахиттің, теміртапшылығының, йодтапшылығының, фтортапшылығының