Байланысты: Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)
- Мембранозды ГН;
- Мемебранозды – пролиферативті ГН;
- Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз;
- Мезангиопролиферативті ( IqA-нефропатия);
- Фибропластикалық
СГН ағымы болу мүмкін:
- дәрілік қайталаушылық немесе әртүрлі ұзақтықтағы сауығумен, спонтантты жазылу.
- процесстің үздіксіз белсенділігімен персистерлеуші;
- СБЖ-нің дамуы мен тез үдемелі ( 2-5 жылдан кейін)
Клиникалық көрінісі СГН түрімен анықталады.
Гематуриялық түрінде аурудың басталғанын білу қиын (микрогематурия
кездейсоқтан табылып қалады). Шағымы әдетте жоқ болады, артериальдық қан қысымы
қалыпты болады (7-8% жағдайда жоғарлауы байқалады), транзиторлы ісік, дизурия және
интоксикация болмайды. Кей кезде терінің бозаруы, іште немесе бел аймағында
ауырсыну, шаршағыштық, бас ауыру байқалады.
Аурудың негізгі белгісі – тұрақты гематуриялық синдром. Бүйрек қызметі сақталған
болу мүмкін. Бүйрек биопсиясында мезангиопролиферативті ГН немесе – ( IqA
нефропатия (Берже ауруы) тән.
СГН-тің ісікті-протеинуриялық түрі жедел басталады. Дененің салқындауы,
вакцинация, ангина, жедел респираторлы аурулардан соң немесе кейде сыртқы
499
себептерсіз көп мөлшердегі протеинуриямен жедел нефрит клиникасы басталады.
Аурудың негізгі белгілері болып есептеледі: