515
• электролиттерді (натрий, калий) жоғалту арытуына және электролиттер бұзылыстары-
на (гиперкалиемия, гипокалиемия, гипонатриемия);
• экстрацеллюлярлы сұйықтықтың гомеостазының бұзылыстарына;
• гиперазотемия, ацидоз, гипергидратацияға;
•
олиго-анурияға;
СБЖ-нің өршуіне ықпал етеді:
• Емдәмде ақуыздың көп болуы;
• Персистирлеуші протеинурия немесе жүйелі гипертензия.
• Созылмалы және жасырын вирустар (микоплазмалы, хламидия, герпетикалық,
энтеровирусты және т.б);
•
Ішек дисбактериозы, іш қату, асқорыту жүйесінің созылмалы патологиясы.
Клиникалық көрінісі
СБЖ
130 кестеде
берілген.
130 КЕСТЕ
СБЖ САТЫЛАРЫНА СИПАТТАМА ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕМДІК ШАРАЛАР КӨЛЕМІ
(Папаян А.В., Архипов В.В., 1997)
СБЖ сатылары
Сипаттама және негізгі емдік шаралар көлемі
І саты
компенсацияланған
Бүйрек қызметі қалыптыдан 80-нен 50% құрайды,
қызмет ететін
нефрондар саны 50-25%. ШСЖ- 70-50 мл/мин х1,73 м². Креатинин
0,88-0,265 ммоль/л. Микропротеинурия болу мүмкін. СБЖ клини-
калық көріністері қызмет етуші нефрондарының саны 30%-ға
төмендегенше болмайды. Негізгі ауруына консервативті және
оперативті
ем қажет
ІІ саты
Субкомпенсация-
ланған
Бүйрек қызметі қалыптыдан 50-ден 25% құрайды, қалған
нефрондарының саны 30%.ШСЖ - 50-30 мл/мин х 1,73 м².
Креатинин 0,12-0,53 ммоль/л. Әр түрлі тағамдық ингредиенттерге
толеранттылықтың бұзылысы. Са сорылуының бұзылысы. Науқас
интеркурентті ауруларды нашар өткізеді, сонымен қатар
дегидратация, гиперкалиемия, ацидоз дамиды.
Дегидратация болса
ЖБЖ дамуына қауіп туады. Балаларда жиі бой өсудің кідірісі
болады. Консервативті ем бүйректің қалған қызметін сақтап қалуға
бағытталады.
ІІІ саты
Декомпенсациялан-
ған
Бүйрек қызметі көлемі 30% -дан төмен, қызмет ететін нефрондар
саны қалыптыдан 15%-ға ШСЖ - 30-10 мл/мин х 1,73 м².
Креатинин 0,485-0,8 ммоль/л.
Остеодистрофия, анемия, гипертензия тән. Консервативті ем мета-
боликалық бұзылысты түзетуге бағытталады. Науқас егер
қатаң
тәртіп, емдәм сақтап және косервативті емді қабылдаса әдеттегідей
өмір кешу мүмкін. Науқасты диализді емге дайындайды.
ІV саты
Уремия
Бүйректің қалдықты қызметі 5% төмен. ШСЖ- 10 мл/мин х 1,73
м² төмен. Креатинин 0,62-1,1 ммоль/л. Анорексия, жүрек айну,
әлсіздік тән. Ем қабылдамағанда құсу, құрысу, кома және асқорыту
жолдан қан кету болады. Жиі жүрек жетіспеушілігі және аритмия.
Диализ жүргізіледі немесе бүйрек трансплантациясы жасалады.
Диагноз.
Клинико-лабораториялық мәліметтер негізінде қойылады.
Емі:
СБЖ-нің І сатысында негізгі ауруды емдеу және симптоматикалық болады.
ІІ сатысында белокты 1,5 г/кг шектеумен емдәм тағайындау. Азотемия жоғары болса
тәуліктік белок көлемі 0,6-0,7 г/кг-мен, көмірсумен және маймен байытылған емдәм
тағайындалады. Джиордно-Джиованнета емдәмінде ет, балық, сүзбелер
алынып
тасталады. Гипокалиемияда диетаға калиге бай тағамдар (банан, өрік, мейіз, қара өрік)
қосылады. СБЖ барлық науқастарға Вс, В
1
,В
2
,Е,В
6
жоғары мөлшерде тағайындалады.