614
Иммундық жауаптың реттелуі мен іске асуында (яғни эффекторлық фаза) ерекше
орынды цитокиндер мен олардың рецепторлары алады. Бұл еритін медиаторлардың үлкен
тобы: интерлейкиндер, колониестимулдаушы факторлар (КСФ), интерферондар, бұларды
негізінен Т-лимфоциттер мен моноциттер түзеді. Бұлардың кабілеті кең түрде, мысалы,
бір цитокин түрлі қабілетті болып, олар әртүрлі жасушаларға арналса; және де түрлі
цитокиндердін эффектісі бірдей болуы да мүмкін.
ИЛ-1, -6, -8 жедел фазалық реакцияны ынталандырады және де иммундық жауап
этаптарына да қатысады: ИЛ-1 СД 4 Т-лимфоциттерді (хелперлер) белсендіреді, соңғылар
ИЛ-2 түзеді. ИЛ-6 В лимфоциттердің жетілуі мен қарсыденелер түзуін ынталандырады.
Цитокиндер әсерінің спектрі кең: пролиферацияны бақылау, лимфоидты
клеткалардың жетілуі, иммуноглобулиндер кластарын түзу (мысалы, ИЛ-4 мен ИЛ-13 Іg Е
түзілуіне жауапты) ж.б., демек, біржола иммунитет, қабыну және гемостаз
құбылыстарына бақылау жүргізеді.
Иммунды компонентті клеткалар, олардың рецепторлары (оның ішінде
иммуноглобулиндік), цитокиндер мен оның рецепторлары және адгезия молекулаларын
(селектин- мен интегриндер) қалыптастыруға қатысатын гендер түрлі хромосомада
орналасқан; НLА жүйесінің гені 6-хромосоманың қысқа иығында. Іg-дердің ауыр тізбегі
және ТСR-дің α, ß, g тізбектері 14-хромосоманың гендерімен кодталады. Іg-дің женіл
тізбектері 2 және 22-хромосомалар гендерімен кодталады. Иммундық жауаптың гендік
байқауы Х-хроморомада орналасқан біраз гендерге қатысты, бұл біріншілік
иммундытапшылық синдромы - ИТС-дардың Х-қиулас тұқым қуалауында байқалады.
ИТС-тың түрлі дерттермен байланысы
Достарыңызбен бөлісу: