Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет427/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Патогенезі
. ВИЧ инфекциялық құбылыс басында селективті түрлі бұзылысқа Т-
тимоциттері, хелперлер (Т, СД, ОКТ, Lеиsа), кейбір макрофаг пен моноциттер ұшырайды 
(макрофаг алдындағылар) – бойында СД рецепторлары көп болғандықтан ВИЧ беткей 
белогі – гликопротеин осыларға «қонады». 3 фермент көмегімен (негізгісі теріс 
транскриптаза/ревертаза) клеткаға енген соң; алдымен I молекула ДНК түзіледі (геномның 
вирустық РНК көшірмесі), соңынан екінші, әрі қарай қосорамды ДНК инфекцияға 
ұшыраған клеткалық хромосомалық ДНК-ына қыстырылады. Бұл вирустық ДНК, 
провирус деп аталады. Жаңа вириондар өндірісі спорадикалық түрде, онда да тек 
инфекцияға ұшыраған клеткалардың кейбірінде жүреді. Бұл құбылысты жігерлендіретін 
жағдай (-лар) әзірше белгісіз. Дегенмен, вирустың орасан түрдегі репликациясын 
арандатушы жайларға біріншілік және екіншілік иммундық тапшылықтар, оның ішінде 
түқымқуалаушылық комплемент тапшылығы, вирустық инфекциялар (мысалы герпес 
вирусының 6-шы типі, везикулярлық стоматит вирусы) жататыны дәлелденді. СД
4
беткей 
рецепторларының аз мөлшерде организм клеткаларының көбінде болатынын ескерсек, (В- 
лимфоциттер алдынғыларда, сүйек майы клеткалары, ми глиясының клеткалары, тері, 
Лангерганс клеткалары т.б.), вирустар қанда мол болса, түрлі ағзалардың бұзылысы 
ықтимал. Клеткалардың СД
4
санының үдемелі түрде азаюына байланысты СД
4
мен СД

(супрессорлар, цитотоксикалық лимфоциттер) арасындағы қалыпты арақатынас өзгереді 
(қалыпта 1,5-2,0), 1-ден кем болады. Лимфоциттер мен макрофагтарға улы әсер ВИЧ-тің 
түрлі бөлшектеріне (компоненттеріне) қатысты; ВИЧ-инфекция салдарынан иммунитет 
түгел (интегральды түрде), яғни оның барлық түрлі буындарының организмге генетика-
лык бөгде информациямен материалға қарсы әсері бұзылып, иммундық тапшылық өрбиді; 
соңғының көрінісі – адамға әдепкі комменсалдардың қаупі үдейді, яғни күнделікті оның 
төнірегін қоршайтын микроб, саңырауқұлақтар (Саndida аlbісаns, рnеumocysta сагіпі және 
т.б.), вирустар (ең алдымен цитомегаловирус пен герпестің басқа вирустары), бактериялар 
(стрепто-, стафилококктер және т.б.). Бұларды 
оппортунистік
инфекциялар дейді (лат. 
орроrtunis – ыңғайлы, пайдалы). Бұдан басқа, арнайы емес және тиімсіз поликлональдық 
гипергаммаглобулинемия өрбиді, аутоантиденелер өндірісі белсенді жұмыс істейді (тек 
вирустан өзгеріс көрген клеткаларға ғана қарсы емес). Инфекцияға ұшыраған клетка 
тағдыры түрліше болуы ықтимал: егер онда вирус репликациясы аса жоғары болса, 
жалғыз немесе басқа клеткалармен қосыла өлуі мүмкін; қатерлі ісікке де ауысуы ықтимал, 
кейде поливирустың белсенділігінің көтерілуі ай-жылдарға (10 жылға дейін) созылуы 
байқалады. СПИД ерекшеліктері көбіне оған айыпты вирустың құбылмалы «тәртібіне» 
байланысты, осының арқасында қожайын-клеткадағы жағдайларға сай вирус өрбуі 
түрліше жүруі мүмкін; геном вирусының 20 %-ы құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. 
Ауру барысында науқас вирустың түрлі қасиеттерінің құбылмалылығы, олардың 
мутациялары ВИЧ-ке қарсы тұрақты вакцина алу жұмысын қиындатып отыр. 
Жіктелуі.
АҚШ-тын аурулар мен оның алдын-алу орталығы (СДС) 1994 ж. балалар 
мен АИГВ-инфекциясының 13 жасқа дейінгі жіктелуін ұсынды 
(140, 141 кестелер
). 
 
140 КЕСТЕ 
13 ЖАСТАН КІШІ БАЛАЛАРДЫҢ АИГВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ 
Иммунологияқ 
критерийлері 
Клиникалық критерийлері
Н-
симптомсыз 
А- симптомп-
дары шамалы 
В- симптомдары 
көрнекті 
С- симптом-
дары ауыр 
Иммуносупрессия жоқ 
Н
1
А
1
В
1
С
1


634 
Иммуносупрессия 
шамалы 
Н
2
А
2
В
2
С
2
Иммуносупрессия ауыр 
Н
3
А
3
В
3
С
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет