130
дамыған, бел тұсында біраз кеңдеу болады да, тізе тәрізденіп иіледі. Ол, әсіресе,
интрамуральды бөлігінің интравезикальды бөлігіне ауысатын жерінде жақсы көрінеді.
Қуық.
Жаңа туған балада құрсақ мүшесі болып есептелінеді. Алғашқы 2 жылда ол
тез кіші жамбасқа түседі, іш перде тек оның артқы қабатын жауып тұрады.
Еті нашар
жетілген, жиырылуы әлсіз. Уретраның ішкі тесігі қасағаның буындасуының үстіңгі
жиегінің тұсында болады.
Қуықтың физиологиялық сыйымдылығы. Жаңа туған баланікі – 30 мл.
1-3
жаста
– 50 - 90 мл
3-5 жаста
– 100-150 мл
5-9жаста
– 100-150 мл
9-12 жаста
– 200-300 мл
12-15 жаста
– 300-400 мл
Үрпі каналы.
Ер балалардың үрпі каналының ұзындығы 5-6 см, жыныс мүшелерінің
жетілуі кезеңінде 12-10 см.
Диаметр бойынша бірдей емес, жіңішке және енді болып,
кезектесіп отырады.
Уретраның 3 физиологиялық тарылуы бар: ішкі сфинктірде,
жамбас көк етінен өтетін
жерде, және несеп жолының сыртқы тесігінде. Морфологиялық ерекшелігі – эластикалық
тіні, дәнекер тіні негізі әлсіз жетілген. Кілегей қабығы жақсы жетілген. Қыз балалардың
үрпі каналы қысқа (барлығы 1-2 см), ал диаметрі енді. Бұл катетеризация және
цистоскопия жүргізгенде практикалық маңызды болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: