134
Несептің реакциясы сілтілі немесе қышқыл болады. Ол тамақтың, аурулардың
түрлеріне байланысты.
Протеинурия – несепте белоктың шамадан тыс (0,033 промильден артық) болуы.
Протеинурияны 2 түрге бөледі: бүйрек және бүйректен тыс протеинурия. Бүйрек
протеинуриясы жалған және шын болады.
Шын бүйрек протеинуриясы бүйрек шумақтарының
базальды мембраналары
зақымдалынып, несепке белоктың ірі молекулаларын өткізе бастағанда (нефроз,
нефросклероз)
немесе
өзекшелерде
шумақтардан
өткен
кішкентай
белок
молекулаларының кейін сіңірілуі (реабсорбциясы) бұзылғанда байқалады.
Жалған бүйрек протеинуриясы – организмдегі ауырған жердің негізінен бүйректе
лейкоцит немесе эритроциттер түсіп, олар ыдырап, белоктар пайда болған жағдайда
кездеседі.
Лейкоцитурия (пиурия) әдетте, бір көру аймағында 5-6 лейкоцит болады, одан
көбейсе – пиурия болып есептелінеді. Пиурия, зәр жүйесі қабыну ауруларына
шалдыққанда, байқалады. Жасырын пиурияны табу үшін
арнайы сынамалар
қолданылады.
Нечипоренко сынамасы. Ертеңгісін аш қарынға алынған ортанғы жаңа бөлігінде 1 мл
несептің қан түйіршектерінің саны қалыпты жағдайда лейкоциттер 2 мыңға дейін,
эритроциттер 1 мыңға дейін болады.
Аддис-Каковскийдің сынамасы – тәуліктік несептегі қан түйіршіктерінің саны.
Лейкоциттер 2 млн-ға дейін, эритроциттер 1 млн-ға, гиалинді цилиндрлер 20 000-ға дейін
болады. Тәуліктік несепте белок 50-60 мг-нан 100 мг дейін анықталады.
Бір көру аймағында 10-30 немесе тәуліктік несепте 2-10 млн лейкоциттің болуы
шамалы лейкоцитурия ретінде анықталса, көру аймағында 30-50 немесе тәулігінде 10-40
млн лейкоцит шығарылуы орташа лейкоцитурия, ал көру аймағында 100-ден тәулігіне 40
млн-нан артық болғанда – айқын лейкоцитурия деп есептелінеді. Сонымен қатар,
лейкоциттердің түрін анықтаудың да (уроцитограмма) маңызы зор болып келеді: нейтро-
фильды, мононуклеарлы, аралас. Бұл зақымдалу сипаттамасын ажыратуға көмектеседі.
Дені сау балалардың тәуліктік несебінде белок мөлшері орта есеппен 78,57±10,5мг
болады.
Қанның (эритроциттердің) зәрде пайда болуы – гематурия деп аталады.
Макрогематурияда қанды микроскопсыз көруге болады. Микрогематурияда эритроциттер
микроскоп арқылы анықталады. Қыз балаларда 1 көру аймағында әдетте 1-2
эритроцит
қалыпты жағдайда болуы мүмкін.
Цилиндрлер нефронның дистальды бөлігінен шайылып пайда болған цилиндрлі
денелер. Матрикс бойынша цилиндрлер төмендегідей болып жіктеледі:
Гиалинді (ақ) – цилиндр тәрізді клеткалар айқын протеинурияда көп мөлшерде
кездеседі. Кейде, организмге күш түскенде байқалады. Олар белоктар тұнғанда пайда
болады, аса диагностикалық маңызы жоқ.
Дән тәріздес цилиндрлер – контурлары айқын, бүйрек
эпителийінің ыдыраған
клеткаларынан пайда болады және өзекшелердегі физиологиялық, химиялық жағдайлар
өзгеріп, белоктар ұйығында пайда болады.
Балауыз тәрізді цилиндрлер – өзекшелерде гиалинді цилиндрлер тоқтап біріккенде,
амилоидозда, кейде әдеттегідей жағдайда кездеседі.
Май тәріздес цилиндрлер – нефрозды синдромда,
тубулярлы эпителий
дегенерациясында кездеседі.
Бактерияурия – бактериялар микроскоппен қарағанда көрінеді. Олардың дәл санын
бактериялық зерттеу жүргізіп анықтайды. Ол үшін 1 мл несептегі бактерияның санын
анықтайды. Егер 1 мл несепте 100 000 микробты дене болса – патологиялық маңызды
бактерияурия болып саналады. Ал, 10 000-нан жоғарыда – бактерияурия деп аталады,
бірақ диагностикалық маңызы жоқ.