Стоматологтар назарына!
Қант диабетінде ең ерте белгілерінің бірі аузының құрғауы
(дегидратация салдарынан). Түкіріктің аз бөлінуі клегей қабатының катаральды
қабынуына әкеледі. Ол ісініп, гиперемияланады, жылтырақ, жабысқақ болып келеді. Сәл-
пәл жарақаттанған жерлерде клегей қабаттың қанқұюлу сияқты зақымдалуы, кейде
эрозияда (тамақ жегенде ауысыну) байқалады. Қанда қан мөлшері жоғары болғанда тілдің
беті өзгереді: ақ түсті жабындымен жабылады, кебеді, тілде ауыратын сызаттар
байқалады. Клегей қабаттың күюі, гиперстезиямен қосарланады. Сонымен бірге
пародонттың жиегі қабынады. Бастапқыда қызыл иектің емізікшелерінің катаральды
қабынуы және ісігі, грануляциялық тіннің өсуі анықталады, жиі іріңдіктер мен
кандидоздар дамуы мүмкін.
Гипотиреоз байқалатын науқастарда ауыз қуысының бозғылттығы, ісінуі және құрғақтығы
байқалады. Микседемада жиі тілі үлкееді, еріндері, қызыл иектері ісінеді. Гипопаратиреоз
байқалатын науқастарда клегей қабаты гиперемияланған, ісінген болып келеді. Құрысу
149
(тетания) ұстамасы кезінде науқастар тілінің жансызданғанын, шаншуын, ернінің
жирылғанын, жақтардың құрысуын, бет бұлшықеттерінің қатаюы, күй және құрғақтық
сезім байқалады. Қыс-көктем кезінде бұндай науқастарда ерінінің ішкі бетінде және
тілдің қапталдарында ауыратын афтолар , катаральды және гипертрофиялық гингивит,
пародонтит және пародонтоз байқалады.
Аддисон ауруында (қола ауруы) теріде байқалатын өзгерістермен қатар ауыз қуысының
клегей қабатының пигментациясы байқалады. Бұл өзгерістер пигметтің шектен тыс
тұнуына байланысты болып келеді. Сонымен, науқасты қарау эндокриндік бездердің
көптеген ауруларын анықтау әдістерінің ең мағңыздысының бірі болып келеді.
1.6. БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН БАҒАЛАУ
Балалардың денсаулығын бағалау диспансеризациялау кезіндегі балалар мекемелері
мен емханалардағы балалар дәрігерлерінің алдын алу жұмыстарының негізгі бөлігі болып
табылады. Бақылаудың негізгі мақсаты белгілі бір жас кезеңіндегі денсаулық жағдайын
терең тексеруден өткізу және гармониялық дамуы организмнің оптимальды функциялық
жағдайын және денсаулығының қалыптылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ақыл-кеңес
беру. Сонымен қатар, бала организміндегі ауытқуларды неғұрлым ерте анықтап,
сауықтыру мен емдеу және созылмалы аурулардың алдын алу болып табылады.
Денсаулық жағдайын бағалаудың негізінде С. М. Громбах (1965-1981 жж.) ұсынған
денсаулықтың 6 шегі (критериялары) жатады. Олардың алғашқыларының бірі болып
онтогенездегі ауытқулар, яғни, биологиялық және генеологиялық шежіре, өмірінің
әлеуметтік жағдайы есептелінеді. Денсаулықты сипаттайтын шектер: баланың дене және
нерв-жүйке әрекеттерінің дамуы, резистенттілігі (беріктігі), мүшелер мен жүйелердің
қызметінің (функциясының) жағдайы, созылмалы аурулар мен туа болған мүкістіктердің
(аномалиялардың) болуы ия болмауы. Баланың денсаулығын бағалау үшін даму
тарихынан, перзентхадан шығару парағынан, ата-анасымен (немесе балалардың өзімен)
сухбаттасып, төмендегі ақпараттарды жинайды:
1. Биологиялық шежіре:
А. Перинатальды кезең: анасының экстрагенитальдық аурулары, қызметіндегі жағдай-
сыз әсерлер, ата-анасының жағымсыз әдеттері (ішімдік, нашақорлық және т.б.),
жедел аурулар, операциялар, жүктілік кезіндегі алынған жарақаттар, босанған кездегі
анасының жасы (18-ден жас немесе 30-дан үлкен), жүктіліктің I және II жартысының
токсикоздары, түсік тастау қаупі, қансырау, жүктілік кезінде қан қысымының
көтерілуі немесе төмендеуі.
Б. Интрантальды және ерте постнатальды кезеңде: тез, ұзақ, созылған босану, сусыз
кезеңнің ұзақ болуы, босану кезінде құрал-жабдықтар колдану, баланың жолдасы
мен кіндігінін ауытқулары, ұрықты кезеңнің мерзімінен ұзаққа созылуы,
туылғандағы дене салмағы: 2000 граммға дейін, 2000-2500 және 2501 - 4000 грамм
аралығында, 4000 граммнан артық болуы, ұрықтың жетілу дәрежесі, ұрықтың немесе
жаңа туған нәрестенің ауыр, орташа, жеңіл гипоксиясы (тұншығуы), туылу кезіндегі
зақымдалулар, туа болған ақаулар, жаңа туылу кезеңіндегі аурулар, босанғаннан
кейінгі анасының аурулары (жедел инфекциялық - қабыну аурулар).
2. Генеологиялық асқынған шежіре: аллергоздар, өкпенің созылмалы бейарнамалық
аурулары, туберкулез, ревматизм, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың жа-
расы, өт тасы ауруы, гломерулонефрит, нефротикалық синдром, қант диабеті, даму
ақаулары.
150
3. Әлеуметтік шежіре: әлеуметтік-тұрмыс жағдайының нашарлығы (1 адамға 6 шаршы
метрден аз), материалдық жағдайының төмендігі, анасының білімінің бастауыш
немесе аяқталмаған орташа болуы, анасының жұмысындағы жағымсыз әсерлер,
әлеуметтік канағаттанарлықсыз отбасы (толық емес, алкоголизм және т.б.), көп
балалы отбасы (4-тен көп).
І. Шежіре толық жиналып болғаннан кейін алынған шектер (ақпараттар) бағаланады:
-
жайлы шежіре;
-
жайсыз биологиялық шежіре;
-
жайсыз әлеуметтік шежіре;
-
жайсыз әлеуметтік-биологиялық шежіре.
II.
Дене дамуы және оның гармониялығының дәрежесі:
Сигмальды,
центильді ауыткулар көмегімен дене дамуының тепе-теңдігі
(гармониялығы) бағаланады.
Дене дамуын бағалаудың 4 түрі қолданылады:
-
қалыпты
-
дене салмағының І-ІІ дәрежелері жетіспеушілігі (гипотрофия)
-
дене салмағын І-ІІ дәрежелі артықшылығы
-
бойының аласа болуы (дене дамуының жалпы қалыс қалуы).
III. Жүйке-іс әрекетінің дамуын және оның гармониялығының дәрежесінің бағалау
тиісті аймақтар бойынша жасына байланысты жүргізіледі: бір жасқа дейінгі
балалардың жүйке-іс әрекеттерінің даму көрсеткіштері, 3 жастағы балалардың
жүйке-іс әрекеттерінің даму көрсеткіштері, ересек балаларды жасына сәйкес талап
бойынша жүргізіледі.
ФУНКЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ
Достарыңызбен бөлісу: |