139
Буындардың пішіндері өзгеріп, артроз, контрактуралар, патологиялық сынықтар пайда
болады. Зақымданғаннан, операциядан кейін, өмірге қауіпті қан кетулер байқалады.
Гематомды геморрагиялық синдром А және В гемофияларына тән болып келеді.
2. Петехиальды дақты немесе микроциркуляторлы түрі. Тері және кілегей қабықтарда
петехиялар мен экхимоздар пайда болады. Өзінен-өзі немесе сәл ғана зақымдалғанда
мұрыннан, қызылиектен, бүйректен қан кетумен сипатталады. Гематомалар сирек
байқалады, сондықтан буындарда, әдетте зақымдалғанда ғана байқалады.
Тонзиллоэктомиядан басқа операциялардан кейін қан кету байқалмайды. Жиі де
қатерлі асқынулар түрлері миға қан құйылу болып табылады. Оның алдында, әдетте
теріде және кілегей қабықтарда, кішкене
петехия тәріздес қан құйылу байқалады.
Геморрагиялық
синдромның
микроциркуляторлы
түрі
тромбоцитопатияда,
тромбоцитопенияда, гипо- және дисфибриногенемияда, X, V және II қан ұю факторлары
жетіспегенде байқалады.
3.
Аралас (микроциркуляторлы-гематомды) түрі: жоғарыда берілген микро-
циркуляторлы және гематомды түрлерінің қабаттасуымен сипатталады. Сонымен қатар,
кейбір ерекшеліктер байқалады. Микроциркуляторлы түрі басымдау, ал гематомды түрі
шамалы білінеді. Көбіне-көп тері асты шел майына қан құйылу байқалады. Буындарға қан
құйылу сирек байқалады. Қан кетудің бұл түрлері Виллебранд ауруына және Виллебранд-
Бргенс синдромында байқалады, үйткені плазмалық факторлардың (VIII, IX, VIII, V, VII,
XII) коагуляциялык (ұю) активтілігінің жетіспеушілігіжн тромбоциттердің әрекеттік
бұзылыстары (дисфункциясы) бірге байқалады. Бұндай қан кетудің пайда болатын түрлері
тамыр ішінде канның шашырап ұйыу синдромдарында, антикоагулянттарды тиісті
мөлшерінен артық бергенде байқалады.
4.
Васкулитті-пурпурлі турі, иммуноаллергиялық және улы токсикалык бұзылыс-
тардың әсерінен микротамырлардағы экссудативті қабыну құбылыстардың нәтижесінен
пайда болады. Бұл топтың негізгі өкілі болып геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох
ауруы) есептелінеді. Геморрагиялық синдром негізінен аяқ-қолдарының үлкен буында-
рында симметриялы орналасқан сау теріден ашық бөлектеніп, бетіне шығып тұратын
түйіндермен (папулалармен), күлдіреулермен, торсылдақтармен (көпіршік) анықталады.
Бұл бөртпелер, «көктеп» қызыл түстен, сары түске дейін, өзгеріп түлейді. Сонымен қатар,
іші ауырып, ішінен, бүйрегінен қан кетуі – макро- және микрогематурия байқалуы мүмкін.
5.
Ангиоматозды түрі, телеангиэктазының әртүрлі формаларына тән болып келеді.
Рандо-Ослер ауруы жиірек кездеседі. Геморрагиялық синдромының бұл түрінде теріге,
шел майына, басқа мүшелерге жедел, зақымдалулардан кейін қан кету болмайды. Бірақ,
ангиоматозды өзгерген тамырлардан (мұрыннан, ішектен, сиректеу гематурия және
өкпеден) қан кету қайталап тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: