Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет87/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

56 
кестеде
берілген. 
 
56 КЕСТЕ 
БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТАҒАМДЫҚ ЗАТТАРҒА ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 
МҰҚТАЖДЫҒЫ 
Баланың ас мәзірін құрағанда, төмендегі негізгі элементтерге көңіл аудару керек: 
баланың негізгі тағамдық заттарға мұқтаждығы, әртүрлі тағамдардың құрамы және 
әртүрлі тағамдық заттардың маңызы, тамақтың күн бойына бөлінуі, дайындау тәсілі және 
тамақтың дәмдік қасиеті. Жаңа клеткалар мен тканьдар үшін жұмсалған белоктардың 
орнын толтыру, баланың өсіп жетілуі үшін белоктардың өте қажет екені белгілі. Оның 
азоттық балансы бір қалыпта тұруы үшін де маңызы зор екені белгілі. 
Жасы 
Белок 
Май 
Көмірсулар 
Килокалориясы 
(Кг дене салмағына граммен есептегенде) 
1 – 1,5 
4 – 4,5 
4 -4,5 
15-16 
110 
1 .5 -3 
4-6 
7-11 
12-15 
4,0 
3,5 
3,0 
2,5 
4,0 
3,5 
3,0 
2,5 
14 -15 
14-15 
12-13 
10 
100 
90 
80-70 
70 – 60 


168 
Организмнің дұрыс жетілуі үшін белоктың саны, мөлшері ғана маңызды емес, оның 
биологиялық сапасы да үлкен орын алады. Белоктың биологиялық сапасы оның 
құрамындағы амин қышқылдарымен анықталады. Баланың тәуліктік тағамындағы 
белоктың құрамында төменгі амин қышқылдары болуы керек (мг/кг): гистидин 32, 
изолейцин 90, лейцин 150, лизин 150, метионин 65-85, фенилаланин 90, треонин 60, валин 
93, триптофан 22. Жекелеген амин қышқылдарының мөлшерімен қатар, кейбір амин 
қышқылдарының қарым-қатынасы да маңызды болып келеді. Амин қышқылдарға 
мұқтаждыктың 40% жуығы ауыспайтын амин қышқылдарымен қанағаттандырылуы керек. 
Кейбір өмірге қажетті амин қышқылдарының (триптофан, лизин) және құрамында бар 
амин қышқылдарына (метеонин, цистин) қатынасы 1:3:3 болуы керек. 
Организмге қажетті белоктың 1-3 жаста – 75%, 4-6 жаста – 65%, 7 жастан бастап
50% жануарлар белогімен қамтамасыз етілуі керек. 
Майлардың құрамында көптеген биологиялық құнды заттар бар: қаныққан және 
қанықпаған май қышқылдары, фосфатидтер, стеариндер және т.б. Организмде май 
энергия ғана болып қоймай, ол иммунитетті қамтамасыз етуші, А, Д, Е,U витаминдері 
сияқты майда еритін заттарды тасымалдаушы ретінде маңызды болып келеді. Көмірсулар 
мен белоктардан калорияны 2 есе артық беретін майлар тамақтың көлемін азайтып,
дәмділігінің арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, майдың шамадан тыс болуы 
ұйқы безінің инсулярлы аппаратының зорлануынан, аммиактың, кетондық денелердің, 
фосфаттардың және т. б. мөлшері көбейіп, ацидоздың пайда болуына әкеліп соқтырады. 
Баланың қалыпты тамақтануы үшін майдың сапасының маңызы үлкен. Соңғы 
мәліметтер бойынша өсімдік майлар жалпы май мөлшерінің 5-10%-ын құрауы керек. 
Белок пен майдын қатынасы 1:1 болуы керек. 
Көмірсулар организмде негізінен энергияның көзі ретінде қызмет атқарса, аздау 
мөлшерде құрылыстық материал болып келеді. Көмірсулар белок алмасуына қатысады, 
майдың тотығуына ықпал етеді. Тамақ құрамында көмірсулар жеткілікті мөлшерде 
болғанда белоктың ыдырауы азаяды. 
Көмірсулар жеткіліксіз болғанда, әсіресе, денеге салмақ түскенде, организмде 
жойылған әнергия алғашқыда жедел ыдырай бастайтын қордағы маймен қамтамасыз 
етіледі. Содан кейін ғана белок ыдырай бастайды. Сонымен қатар, көмірсулар жетіспей 
май және белоктардың көп болуы ацидоздың пайда болуына ықпал етеді. 
Көмірсулар 98% жуығы сіңіріледі де, организмге қажетті энергияның 50% 
қамтамасыз етеді. Белок, май және көмірсудың қатынасы 1:1:4 болу керек. 
1,5 жасқа дейін балалар күніне 5 рет (бірінші ертеңгі ас, екінші ертеңгі ас, түскі ас, 
бесін ас, кешкі ас), 1,5 жастан бастап күніне 4 рет тамақтану керек (ертеңгі ас, түскі ас, 
бесін ас, кешкі ас). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет