174
1 дәрежесі – 35 – 37 апта
2 дәрежесі – 32 – 34 апта
3 дәрежесі – 29 – 31 апта
4 дәрежесі – 29 аптаға дейін.
Шала туылудың себептері алуан түрлі. Мезгілінен бұрын туу көбінесе жүктіліктің
35 – 37 апталары арасында, ал сирек жүктіліктің 29 – 35 апталарының арасында болады.
Шала балалар көбінесе қыста және көктемде, ал жаз айларында сирек туылады.
Барлық уақытта шала туылған нәрестеге баға бергенде, оның морфо–
функционалдық статусы мен гестациялық жас арасындағы сәйкестікті анықтау керек.
Қандай да бір өзгерістер тек шала туылған нәрестеге тән, ал қайсыбірлері әр түрлі
патологиялық жағдайлардың көрінісі болуы ықтимал.
Нәрестенің
жалпы
жағдайы
көпшілік
мақұлдаған
шкала
бойынша
қанағаттанарлықтан өте ауыр жағдайға дейін бағаланады. Ауырлықтың негізгі
сипатбелгілер болып ең бірінші кезекте патологиялық жағдайлардың айқындылығы
(инфекциялық токсикоз, орталық ненрв жүйесі (ОНЖ) зақымдалуы, тыныс бұзылыстары)
болып табылады. Тіпті «таза» түрдегі шалалықтың өзі де, салмағы 1 кг төмен болып
туылған жағдайда да олардың жағдайының ауырлығының синонимі болмайды.
Шала туылған нәрестелерге баға бергенде олардың жетілгендігіне баға берілуі
шарт. Ескеретін жайт, жаңа туған нәрестенің жетілуі дегенде, олардың гестациялық
жасына ОНЖ морфологиялық және функционалдық сәйкес болуын айтамыз.
Жетілудің эталоны болып дені сау жаңа туылған нәресте (ЖТН) болып табылады.
Онымен салыстырғанда барлық ШТН жетілмеген болып есептеледі. Бірақ ШТН әр
гестациялық жасына сәйкес жетілу дәрежелері бар.
Барлық айы - күні жетіліп туылғандардың және шала туылған ЖТН салмағының және
гестациялық жасының арақатысына қарай (ГЖҮ);
-гестациялық жасына сәйкес (ГЖС);
-гестациялық жасынан кіші (ГЖК).
Бұл топтарда тек жеке өздеріне ғана тән патология кездеседі. Оларды туылғаннан
кейін осындай топтарға бөлу, оларда қандай ауыртпашылықтар болатынын болжауға
мүмкіншілік береді. Бұл практикалық медицинада өте маңызды нәрсе, өйткені ол аурулар
бұл ЖТН – де бір - біріне өте ұқсас болып келеді. Егер осы жағдайды ескермесек, біздер
бұлардағы ауруларды анықтауда және емдеуде қателіктер жіберуіміз мүмкін. Мысалы,
гестациялық жасынан кіші (ГЖК) нәрестелерде кездесетін қозу және (немесе) құрысу
синдромын тек қана гипоксияның салдарынан болады деп тұжырым жасасақ, бірақ
гестациялық жасынан кіші (ГЖК) ЖТН - де жиі кездесетін және осындай синдромдар
пайда болғанда, алдын – алу үшін шұғыл шаралар қолдануды керек ететін, зат алмасудың
өзгерістерінен (гипогликемия, гипокальциемия) туындайтын ОНЖ бұзылыстары
ескерілмей қалуы ықтимал.
Шала туылған нәрестелердің тірі қалуы, олардың туылған уақыттағы гестациялық
жасына және салмағына тығыз байланысты болады. Салмағы 1500 г және оданда төмен
балалар (гестациялық жасы 30 – 31 апта) барлық тірі туылған ЖТН тек қана 1 % - ын
құрайды, сонымен қатар барлық неонатальды кезеңіндегі өлім көрсеткішінің 70 % - ын
(туа пайда болған ақауларды қоспағанда) осы 1500 г және одан да төмен салмақтағы ЖТН
құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: