Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет89/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

Стоматологтар назарына!
Дұрыс тамақтандырмау
 
баланың дамуы мен өсуіне , 
тістерінің жағдайына әсер етуі мүмкін. Анасының жүкті кезінде тамақтануының 
теңестірілуі және баланы емізу сүт тістерінің және тұрақты тістердің дұрыс 
минерализациялануына маңызды минералды заттармен толық қамтамасыз ете алады. 
Клегей қабат альвеолярлы өсіндінің қырын оның үстінде қатты білік жасвап дауып 
жатады. Тамақтану кезінде сәби емшекті қызылиектік біліктермен қысады. Табиғи 
тамақтануда емшек ұшы баланың аузында жұмсақ таңдай деңгейінде орналасады, яғни 
ареола мен емшек ұшы ауыз қуысының барлығына дейін алып тұрғандықтан, баланың 
аузы кең ашылады. Емшек ұшын ұстауда, сыртына қайырылған төменгі ерін белсенді 
қатысады. Көптешен балалар 5-10 минут ішінде тойса, кейбіреулеріне 20-30 минут қажет 
болады. Табиғи тамақтандыру барысында тіл жүгеншігіне («уздечка») байланысты 
мәселелер туындауы мүмкін. Бұндай жағдайда бала емізік ұшын толық қамти аламайды да 
сорған кезде тілімен қағады (соғады). Мезгілінде қысқа тіл жүгеншесін қиып жіберсе , 
сору процессі қалыптасады. Жұмсақ таңдайдың қысқаруы немесе оның жасырын 
жарылуы байқалса бала емген кезде сүтке шашалуы мүмкін. Баланы стоматологке қарат, 
тікесінен ұстап емізу қажет.
Жүкті және бала емізетін әйелдің негізгі макронутриеннттерге жоғары мұқтаждығы
көп жағдайда толық қанағаттандырылады. Ана сүтінің құрамындағы белоктар әйелдің 
жейтін тамағының құрамына байланысты болмайды. Олар әйел организмігнің гемеостаз 
механизмімен қалыптастырылады. Ана сүтінің белоктік құрамының балансы тұрақтылау, 
май және көмірсулар бойынша тұрақтылық төмендеу болады және микронутриенттердің 
ана организміне түсуінің азаюы айқын бұзылысьтарға әкеледі. Адам организмі оған 
қажетті микронутриенттерді өзі түзе алмайды, ұзақ уықытқа қор жинау қабылеті де жоқ, 
яғни олар физиологиялық мөлшерде тұрақты сырттан келіп тұруы керек. Дәрумендер мен 
минеральдық заттардың (макро- және микроэлементтер) залықтың барлығында болуы 
мүмкін, дегенмен жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларда ерекше байқалады. Болашақ 
аналардың барлығына жуығында микронутриенттер жетіспеушілігі байқалады: темір, йод, 


171 
мырыш, магний, фтор, селена, фоль қышқылы, С,А, D, В тобы дәрумендері. Аналарында 
йод жетіспегендіктен байқалатын нәрестелердегі өткінші гипотиреоз физикалық және 
интелектуальдық дамудың кідіруіне әкелуі мүмкін. Фоль қышқылының жетіспеуі 
ұрықтың нервтік түтігінің, ал селенаның жетіспеуі жүрек және басқа мүшелердің
қалыптасуын бұзады. Ерте жастағы балалардағы темір жетіспейтін анемия көбіне жүкті 
әйелдердегі темірдің жетіспеу саладрынан болады. Тағаммен белоктің жеткіліксіз берілуі, 
минералдың 
алмасуының 
теңестірілмеуі 
эмальдың 
гипоплазиясының, 
табиғи 
жылтыраудың болмауына, ерекше түстің пайда болуына, эмалда әртүрлі мөлшерлі және 
формалы ойықтар болуына ықпал етеді. В

дәруменін, фтор қабылдау анасының 
тістерінің бұзылуының алдын алып, балада тісінің дұрыс қалыптасу болжамын 
жақсартады. Кальций препараттарын немесе құрамында ол көп тамақтар қосу балада 
остеогенездің бұзылу каупін төмендетеді.
Ауыз қуысының рН көрсеткіші төмен және сахароза мөлшері жоғары болса қалыпты 
микрофлорада (лактобациллдер, актиномицетер, Str. Salivarium, Str. mutans) тісжегілік 
(кариесогенді) қасиет пайда болуы мүмкін.
Организмді кальциймен қамтамасыз етуде ішектің алатын орны ерекше. Сорылу проессі 
бұзылған жағдайда сүейкте қоры жиналу, сүйектің минерализациялануы бұзылады. 
Кальцийдің сорылуы Са/Р қарым-қатынасына және Д –дәрумененіне байланысты болып 
келеді.
Кальций гомеостазына сонымен қатар магний және бейарнамалық фосфат әсер етеді.
Магний жетіспегенде кальцийдің шектен сорылуы төмендейді.
Организмге көмірсулардың шектен тыс түсуі тісжегісінің пайда болуына ықпал етеді.
Организмнің , оның ішінде тістер мен сүйектердің дамуында фтордың маңызы үлкен. 
Фтордың қатысуы дентин мен тіс эмальдарының белоктік және минералдық құрамының
мықтылығын анықтайды. Оған мұқтаждық тәулігіне жасына байланысты 0,5-1 мг 
құрайды. Фторидтердің организмге түсуіні жетіспеуісүйектің минральдық тығыздығының 
төмендеуіне, ал жетіспеуі ұзаққа созылғанда- остепорозға әкеледі. Фторидтер тістің 
қышқылға резистенттілігін артырады. Сүйектер мен тістердің бұзғыш фактор лардың 
әсеріне беріктігін артырады. Тіс эмалының түсінің өзгеруі, тіс жегісінің пайда болуы 
мүмкін. Фторидтердің организмге түсуі көзі болып ішетін су, сүт (анасының сүтіде), теңіз 
балығы, теңіз өнімдері, көк шай есептеледі. Тағамдық өнімдер құрамындағы фтор , суда 
еріген фторидтермен салыстырғанда , нашар сіңіріледі. Ауыз қуысында жиналған 
сұйықтықта кальций фториді түрінде жиналып, кариесостатикалық әсер етеді. Тіс 
пастасының құрамында аз мөлшерде тұрақты түсіп тұруы эмаль резистенттілігін 
қолдайды. Фторидтердің ішетін судағы тиімді концентрациясы кариеске қарсы әсер ететін 
тиімді концентрациясы 0,7-1,0 мг/л деңгейінде де деп есептеледі. Фторидтерді күнделікті 
қабылдау 0,05-0,07 мг/ кг дене салмағына болады деп есептеледі. Дегенмен фтордың 
организмге ұзақ уақыт көп мөлшерде қабылдануы басында тек тістердің , ал одан әрі 
барлық дене қаңқасының флюорозына әкеледі.
Флюороз- фтордың мөлшері жоғары аймақтарда өлітуылудың және баланың өлімі 
көрсеткішінің жоғары болуының себебі болуы мүмкін эндемиялық ауру. Фтор әртүрлі 
заттек алмасудың бұзылуын, жұмсақ тіндердің , тарамыстардың кальцификациясына 
ықпал етуі, тістердің бұзу әсерін тигізуі мүмкін. Тіс флюорозасы эмалдың бетінде дақтың 
(ақ түстен қоңыр түске дейін) пайда болуымен білінеді. Дентиннің құрылымында да 
бұзылыстар байқалады.


172 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет