ТРЕНИНГ
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Мақсаты:
Қазіргі кездегі баланың дамуына,
жеке тұлға болып
қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-
қатынас орнату.
Міндеттері:
Ата-аналардың
балабақшамен,
тәрбиешімен
тығыз
байланысын арттыру,
балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа
тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу
саласының аз да болса
жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар:
Үлестірме қағаздар, сауалнама бланкілері, А3
формат, қалам, маркерлер және т.б.
Әдіс-тәсілдер:
пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.
Психолог сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала
тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты семинар-тренингімізге қош келдіңіздер!
Ата-ананың тілегі
- баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен
еңбектегі табыстары.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін,
жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол
әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз
- ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзейді.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы,
демеуші – ата-ана.
Шаттық шеңбер
. Ата-аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне
тұрғызу.
Қане бәрімізбір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық.
Талқылау:
Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық,
жылулық шеңбері деп
атаймыз? Қалай ойлайсыздар?
Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу
беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып,
бір-бірімізді жақсы көре
аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне,
сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: