«Балдәурен» (5-6жас) Мектепалды тобы Ата – аналармен өткізілетін жылдық жұмыс жоспары



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата25.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#159854
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
Ата аналар жылдык жоспар балдәурен-1

Шешімі: 
Жиналыстың қортындысында балабақшаға ертеңгілік балаларды 
уақтылы әкелу, кешіккен немесе қалған күндерінде себебін айтып 
ескертулері айтылды. Сонымен қатар «Тәй - тәй» технологиясы 
бойынша ата-аналардың уақыттарын тауып, оқу іс-әрекеттеріне 
қатысып, балалармен өз шебрліктерін бөлісуге шақырды. 
Тәрбиеші Абдуллаева Н 
Хатшы: Пазылова Ә 


ТРЕНИНГ 
 БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ 
 
Мақсаты:
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып 
қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-
қатынас орнату. 
Міндеттері:
Ата-аналардың 
балабақшамен, 
тәрбиешімен 
тығыз 
байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа 
тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса 
жоғарылауына ықпал ету. 
Қажетті құрал-жабдықтар:
Үлестірме қағаздар, сауалнама бланкілері, А3 
формат, қалам, маркерлер және т.б. 
Әдіс-тәсілдер:
пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар. 
Психолог сөзі: 
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала 
тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» атты семинар-тренингімізге қош келдіңіздер! 
Ата-ананың тілегі - баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен 
еңбектегі табыстары. 
Баланы жастан бақпасаң, 
Жамандықтан қақпасаң, 
Қадірден жұрдай қасқа боп, 
Кешкенің өмір босқа тек – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, 
жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол 
әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзейді. 
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, 
демеуші – ата-ана. 
Шаттық шеңбер
. Ата-аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне 
тұрғызу. 
Қане бәрімізбір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. 


Талқылау:
Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп 
атаймыз? Қалай ойлайсыздар? 
Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу 
беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре 
аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, 
сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет