«Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Мақсаты: балалардың жазғы кезеңдегі физикалық сауығу және демалу жүйесін ұйымдастыру, оларды табиғатты қорғау қызметіне тарту.
Міндеттері: әрбір баланы өз денсаулығын саналы түрде нығайтуға тарту; оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту, мәдени-бұқаралық және спорттық жұмыстарға тарту;
-балалардың тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қимыл белсенділігін жеделдету;
-табиғатқа, ізгілікке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
4.Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |