Балдырлар



Дата14.10.2019
өлшемі19,64 Kb.
#49920
Байланысты:
Балдырлар

Балдырлар
Жазда тоған суының кейде жасыл түсті болатынын байқймыз.Ал оның неден болатынын білесіңдер ме? Жылы тоған суында ерекше өсімдіктер балдырлар тез көбейе бастайды.Суды жасыл түске енгізетін солар.Егер сендер «жасыл» суды микроскоппен қарасаңдар,толып кішкентай түйіршіктерді көресіңдер бұл балдырлардың шоғыры болып табылады.

Жер бетінде балдырлардың түрі өте көп.Олардың арасында ұзындығы 40 метрге жететін алыптары бар, олар мұхиттарда өседі.Бар болғаы бір клеткадан тұратын балдырлар да  бар.Олар әдетте түйіршіктер шоғырына жиналады және су бетінде осындай сансыз шоғырлар түзіп,оның бетін түрлі түске бояйды.

Түсі жөнінен жасыл көк,жасыл, қоңыр және қызыл балдырлар болады.

Жасыл көк балдырлар тек суда ғана өспейді.Қазақстан мен Орта Азия шөлдерінде олар топырақ бетінде кездеседі.Бұл жерлерде жаңбыр жауатын көктем мен күзде жасыл көк балдырлар барынша көбейеді,ал құрғақ кезде қабыршаққа айналып топырақ бетін жауып тұрады.Жел бұл қабыршақтарды

Жан-жаққа ұшырып әкетеді.Жаңбыр жауса болғаны- жасыл көк балдырлар қайта жанданады.

Жасыл балдырларда топырақ бетіне өсе алады, бірақ олар көбінесе суда тіршілік етеді.Олардың арасында бір клеткалы балдырлар да бар- олар су бетінде қалқып жүреді,ал  ірі балдырлар су түбіне бекиді.

Қоңыр балдырлардың бәрі ірі өсімдіктер.Олар теңіздер мен мұхиттарда су асты орманын-нағыз джунгли түзеді.Саргасс теңізінде саргасс балдырлары өседі. Теңізде соған орай Саргасс аталған.Бұл балдырлар теңіз жағасында су түбіне бекиді,ал ашық теңізде қалқып жүреді-ығады.Балдыр қалың болған кезде,тіпті олар кемелердің жүзуіне кедергі жасайды.

Қызыл балдырларда теңіздер мен мұхиттарда өседі,бірақ олар ыға алмайды, жартастарға, бақалшақтарға немесе басқа балдырларға бекиді.

Су бетінде қалқып жүретін ұсақ балдырлар ескек аяқты шаяндар мен жәндіктерге қорек болады.Ал бұл теңіз жәндіктерінің бірін көптеген балықтар өз кезегінде сүйсіне қорек етеді.Міне, сондықтан да балдырлары бар жерде балық аулау тиімдірек болады.

Алайда балдырлар тек теңіз жануарларына азық болып қана қоймайды.Олар суды оттекпен  байытады  және  оны шіріту  бактерияларынан  тазартады.

Адам көптеген  балдырларды тамаққа пайдаланады.Олардың ішінде  біздің  солтүстік  теңіздерімізде өсетін  ламинария да бар.

Балдырлар –үй жануарлары  үшін жақсы азық.Олар тіршілігін жойған соң  су қоймаларының түбінде қалың тұнба қабат-сапропель түзеді.Бұл үй жануарларына азыққа жарайды,сонымен қатар өте жақсы тыңайтқыш болып табылады.

 

М.Горки атындағы жалпы орта мектеп



Реферат

Тақырыбы: Балдырлар

Орындаған:



Тексерген:

2019-2020 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет