«Балке» жеке шаруа қожалығы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан 40 км, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Бірлік ауылында орналасқан



бет1/2
Дата01.06.2020
өлшемі111,66 Kb.
#71923
  1   2
Байланысты:
СалиГулжайна


«Балке» жеке шаруа қожалығы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан 40 км, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Бірлік ауылында орналасқан. Бұл жеке шаруа қожалық 1995 жылы 9 қаңтарда құрылып және Ресстре №30086909 Мемлекеттік тіркеуге тіркелген. «Балке» шаруа қожалығы симментал тұқымы мен қара ала тұқымын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық.

«Балке» жеке шаруа қожалығында 7559,4 га жер көлемінде қолданылып отыр және барлық техниканың түрлері: жеңіл – жүк көліктер, комбайндар, шөп шапқыштар, культиваторлар, жер жыртқыштар, килпалтара тіркемесі, қазғыш тіркемелер, суарғыш насостар және тракторлар тағы басқа техникалар бар, осы техникаларға арналған 10 гараж бар. 313 бас ірі қара, осы ірі қараға арналған 350 орындық қора бар, 40 бас жылқы, 40 бас қой-ешкі, 120 тауық және жеміс – көкөніске арналған 500 тонналық қойма, 300 тонналық жеміс-көкөніс сақтайтын орын қолданылуда, сүт шаруашылығымен айналысады. Жыл сайын шаруа қожалықта 40 адам жұмыс істейді. Кейінгі кездері Семей мемлекеттік Шәкәрім университетінің аграрлық факультетінің агрономия мамандығының студенттері оқу үрдісі барысында, келешек мамандыққа бейімделу мақсатында іскерлік, өндірістік тәжірибеден өтуде.

Жеміс – көкөніс шаруашылығы Балке жеке шаруа қожалығында ең маңызды саланың бірі. Шаруа қожалықта астық тұқымдастар, жүгері, тамыр түйнектер, бақша өсімдіктерін отырғызады. Өсімдік шаруашылығындағы ерекшелігі ерте көктемде жылыжай салынып, сонда бақша дақылдарын отырғызады. Әсіресе (қызанақ, қияр, орамжапырақ)көкөністері жылыжайда егіледі.

«Балке» жеке шаруа қожалығы қосымша салаларының бірі жылқы, қой-ешкі, тауық өсіру. Жылқыны мал бағу, жүк көлігі ретінде және етін пайдаланады. Қой-ешкінің етін, жүнін тоқыма мен әр түрлі заттар үшін қолданады. Тауықтың жұмыртқасын, етін, қауырсынын пайдаланады.

Төменде көрсетілген ауа райына байланысты ірі қара малдарын қыста қорада, ал жазда лапастарда, лагерьлерде ұстайды. Ірі қара қорасы 350 басқа арналған, 2 қатар, 4 бөлікке бөлінген. Қора ішінің бір бөлігінде бұзау тұратын орын бар. Ірі қараны қорада байлаулы ұстайды.

Малды бағу тәсілі – жыл бойы жайылымда бағады, ал оған ауа –райының қолайсыз кезеңдерінде қосымша жем-шөппен азықтандырады. Мал шаруашылығының көп үлесін ет және сүт шаруашылығы құрайды. Қосымша салаларының бірі жылқы, қой-ешкі, тауық өсіреді, сонымен қоса өсімдік шаруашылығы және бақша дақылдары бар. Жылқыны мал бағу, жүк көлігі ретінде және етін пайдаланады. Қой-ешкінің етін, жүнін тоқыма мен әр түрлі заттар жасау үшін қолданады. Тауықтың жұмыртқасын, етін, қауырсынын пайдаланады.

«Балке» жеке шаруа қожалығының негізгі өнімдік бағыты мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы болып табылады. Ол табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жапы өнімнің 50-60% -ын құрайды.«Балке» жеке шаруа қожалығы – селекцияланған сүтті қара ала тұқымын және сүтті-етті симментал тұқымын өсіреді. Ірі қара малға 700 тоннаға жуық қатаң азық сақталады. 100 тоннасы тамыр-түйнек болса, 600 тонна шамасында кебек, жымық дайындалады.

«Балке» жеке шаруа қожалығының климаттық анықтамасы: климаты қатты континентальді, ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы жоғары, қысы ұзақ және қатты, жазы қысқа, құрғақ және ыстық. Жылдың түгел маусымдарында желді күндер көп. Жылдың орташа ауа температурасы 1-3 градусты құрайды. Жылдың атмосфералық жауын шашын мөлшері шамамен 180-230 мм арасында. Жылдар бойынша салыстырсақ, жауын шашын мөлшері әртүрлі, құрғақ жылдары жақсы жылдармен салыстырғанда 1,5-2 есе аз түседі.



Диаграмма 1. Глуховка ауылындағы ауа – райының орташа ауа температурасы.

Қысы суық, кей жылдары өте қатал, қарлы боранды болып келеді, қардың қалыңдығы әр келкі, тіпті аз мөлшерде деуге болады, қардың алғашқы түсуі қазан айының аяғында немесе қараша, желтоқсан айларының басында, қардың жату ұзақтығы 140-160 күн, қараша айынан бастап наурыз айына дейін. Қардың қалыңдығы қыстың бастапқы айларында 2-5 см, ал қыстың ортасында 15-20 см-ге дейін болады, кей жерлерде 50 см-ге дейін болады.

Қыстын ең суық айы - қаңтар айы. Ауа–райының зерттеу станциясы хабары бойынша қыс айының орташа температурасы 20 градус кей кездері 35-40 градусқа дейін болады. Қыс ерте түседі. Күздік шық түсу көбінесе қыркүйектің екінші жартысында, кей жылдары тамызда болады. Жиі қатты желдерде егістік жерлерде қарды үрлеп алып кетеді. Күшті желді күндері 15 м/с жылдамдықта соққан жел жыл бойына 20-30 күндей болады. Жел бағыты батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Шаруашылықтың қолайсыз климаттық жағдайларын қайталанып келетін құрғақшылық, күшті жел, жазғытұрымғы және күзгі қара суықтар.

Нақты қардың жамылғы кезеңі 105-150 күн. Төменгі температура топырақтың 50 см –ден астам бөлігіне таралады. Қар жамылғысы желтоқсан айында тұрақталады, оның биіктігі 13 см –ден 30 см –ге дейін ауысады. Таулы жерлерде қар жамылғысы ұзағырақ жатады.

Климаты – континентальды. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық, кей күндері боранды болады. Қысы суық, кейде өте қатал, қарлы болып келеді. Күзде күн салқындау, жаңбырлы болып келеді. Шық түсу көбінесе қыркүйектің екінші жартысында. Қардың қалыңдығы әр келкі, кей жылдары қалың, кей жылдары жұқа келеді, ең алғаш қардың түсуі қараша, желтоқсан айларының басында, қардың жату ұзақтығы 135-165 күн. Қардың қалыңдығы қыстың бірінші айында 6-10 см, ал қыстың ортасында 22-27 см –ге дейін болады, кей жерлерде 45-50 см –ге дейін болады. Қыстың ең суық айы – қаңтар айы. Қыс айының орташа температурасы 20 градус, кей кездері 37-41 градусқа дейін болады.

Көктемдегі орташа температура -8,5 +8,5 градусқа ауытқиды. Көктемде қар жайырақ ериді. Жаз айлары ыстық, ауаның орташа температурасы 20-21 градусқа жетеді. Атмосфералық жауын-шашын мөлшері жылына шамамен 185-220 мм арасында. Жылдар бойынша салыстырсақ, жауын-шашын мөлшері әртүрлі, құрғақ жылдары 1,5-2 есе аз түседі.

Балке жеке шаруа қожалығындағы 2 жылыжай құрылысы орналасқан. Көшет алу мақсатында салынған жылыжай ішінде: қызанақ, баялды, орамжапырақ және қияр көшеттері арнайы стаканчиктерге отырғызылған. Вегетациялық уақыты 20-25 күн.

«Балке» шаруа қожалығының 7559,4 га жер көлемі, оның 15,9% - егістік, 7,4% - шабындық және 76,7% жайлым құрайды (Кесте 1).







Алқап атауы

Ауданы, Га

Жалпы жер көлеміне, %

Ауыл шаруашылқ алқапқа



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет