«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Сүйіспеншілік пен достық. Морфология Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология
1-НҰСҚА Тыңдалым мен айтылым Тапсырма Үзіндіні тыңдап, еліктеуіш сөздерді қолдана отыра оқиғаның жалғасын өз болжамыңызбен жалғастырыңыз.
Түпнұсқаны тыңдап, болжамыңыздың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.
[10]
Мәтін
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі де, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді.
Сұрақ: Патша ауылда қандай отбасыларды көруі мүмкін? ...
Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
Сұрақ: Қарт патшаға не деп жауап берген екен? ...
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
-Осы-ақ па? - дейді.
-Иә, -деді ақсақал. -Барлық жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.