Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері



бет3/4
Дата27.12.2023
өлшемі28,52 Kb.
#199646
1   2   3   4
Байланысты:
ТЖБ қазақ тілі 7-сынып Т1 (1)

Оқылым
1-НҰСҚА.
Тапсырма
Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Оларды тақырыбы, мақсатты аудиториясы (кімдерге арналған?), құрылымы тұрғысынан салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. [10]



А мәтіні

Ә мәтіні

Мәтіндерде не туралы айтылған?







Мәтіндердің құрылымын ажыратып көрсетіңіз.

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім

Мәтіндер кімдерге оқуға арналған? (аудиториясы кімдер?)







Мәтіндердің ұқсас тұстарын атап көрсетіңіз.




Мәтіндердің айырмашылығы неде?







А мәтіні
Музыканың адамға деген әсері зор екені бәрімізге белгілі құбылыс. Бұл сиқырлы да сырлы дыбыстар адамды қуаныш-шаттыққа бөлеп қоймай, мұң-зарға да сейілткен. Ежелгі гректер музыканың емдік қасиеті бар екенін анықтап, медицина саласында қолдана білген. Әуеннің белгілі бір ырғақтары, дыбыстары арқылы адам организміне әсер ете білген. Сол себепті, оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге немесе оларды алдын алуға қолданған. Тіпті қазірге кезде кейбір емханаларда музыкатерапиямен емдеу жолдары қолданылуда. Сырлы да сазды музыка әуендерін тыңдау жас балалар үшін қажет. Оның себебі, музыка, жастардың ой-өрісін жетілдіріп қоймай, олардың рухани дүниелерін байыта алады. «Музыка – адамзаттың әмбебап тілі.» деп Лонгфелло айтқандай, қазіргі заманда, өздеріңіз байқайтындай, кәдімгі тұрмыста көптеген жастар түгілі ересек адамдар да тұрмыста құлаққап киіп алып, сан түрлі ұлттық қана емес, шетел музыкаларын да тыңдайды.
Шынымен де, музыка әуені адамды ерекше рахатқа бөлейтін күш деп айтсақ артық болмас. Өзі, әуенді сүймейтін, тыңдайматын адам жоқ та шығар. Айтар ойымды түйіндей келе, құрметті оқырман, сіздерге деген кеңесім, музыка тыңдап өмірлеріңізді бір керемет сезімдерге толтырыңыздар. Себебі музыка деген жан-дүниемізді өзге әлемге жетелеп, бір өзгеше ғажайып сезімдерге бөлейді.

Ә мәтіні

Сүйіспеншілік - тіршіліктің негізгі тірегі. Сүйіспеншілік - тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелділік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп – білгендерін, рухани дүниесіне жиған – терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып – ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.
Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет