Бақылау сұрақтары
1) Статистикалық функциясларды қалай қолданылады.
2) ЕСЛИ функциясының логикасын түсіндіріңіз.
3) Диаграммаларды құру кезеңдерін түсіндіріңіз.
2-тәжірибелік жұмыс. Төлем ақыны есептеуді автоматтандыру. Қарапайым тізімділікті құру.
MS EXCEL кестелік процессорының мүмкіндіктерін пайдаланып, жұмыс кітабының «Зарплата» атты парағында еңбек ақыны есептеу (айлық төлемдік-есептік ведомосін) үшін 3.6-сурет үлгісіндегі кестені құрыңыз. Фирманың 20 қызметкері бойынша бір айға қарапайым үлгіде еңбек ақыны есептеңіз.
Келесі мәліметтер белгілі: табельдік номер, аты-жөні, оклад, жұмыс күні саны, еңбек сіңірген күн саны. Қалған көрсеткіштер формула бойынша есептелінеді: жалақы сомасы, табыс салығы, кәсіподақ салымы, зейнетақы қорына салым, ұсталған жалпы сома, қолға берілетін сома.
Ескерту: Оклад көлемін, айдағы жұмыс күні санын, еңбек сіңірген күн санын өзгерткен жағдайларда, нәтижелердің мәні автоматты өзгеретіндей етіп кестені құру керек. Ол үшін есептеу формулаларында берілгендердің нақты мәнін емес, берілгендер орналасқан ұяшық адрестерін пайдаланыңыз.
Келесідей белгілеулер енгіземіз: О – оклад, ЖКС – айдағы жұмыс күні саны, ЕСК – еңбек сіңірілген күн саны, ЖС – жалақы сомасы, ТС – табыс салығы, КОС- кәсіподақ салымы, ЗаҚС – зейнет ақы қорына салым, ҰС – ұсталған жалпы сома, ҚбС – қолына берілетін сома.
Жалақы сомасы: ЖС = О / ЖКС * ЕСК
Кәсіподақ салымы: КОС = ЖС-ң 1%-ы
Зейнетақы қорына салым: ЗаҚС = ЖС-ң 10%-ы
Табыс салығы: ТС = (ЖС-ЗаҚС-Ағымдық уақыттаға ең төменгі жалақы мөлшері)*10%
Ұсталған жалпы сома: ҰС = ТС + ЗаҚС + КОС
Қолына берілетін сома: ҚбС = ЖС – ҰС
Достарыңызбен бөлісу: |