Банк пайызы (проценті) банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі


Монополистік бәсеке нарығы. Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді



бет2/8
Дата20.12.2019
өлшемі335,76 Kb.
#53871
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абсолютті рента

Монополистік бәсеке нарығы. Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді


Предыдущая12345678910Следующая









Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді. Монополистік бәсеке нарығының негізгі ерекшелігі:

• Фирмалардың салыстырмалы көп саны;

• Өнімдер бір-бірінен ерекшеленеді;

• Бағалы және бағалы емес бәсеке жүргізіледі;

• Салаға кіру салыстырмалы оңай, бірақ белгілі бір шектеулер пайда болады. Олар: патент, лицензия, сауда маркасы т.б.

Монополистік бәсеке нарығында тауарлар бір-бірінен дифференциалданып ерекшеленеді:

Сапасы жағынан;

• Қызмет көрсету жағынан;

• Фирманың орналасуы жағынан.

Таза монополия.Таза монополияда өнімнің бір ғана өндірушісі болады. Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнім жоқ. Таза монополияның негізгі ерекшеліктері:

• Белгілі бір өнімнің бір ғана өндірушісі және сатушысы болады;

• Бұл өнімді ауыстыратын басқа өнімдер жоқ. Сондықтан монополистің жарнама жасауы өз еркінде болады;

• Монополист бағаға толық бақылау жасайды.

Салаға кірудің шектері өте жоғары болады. Оның экономика, технология, заң жағынан шектері бар. Сонымен қатар табиғи монополиялар да болады: газ, су, электроэнергия, байланыс т.б. Бұл салалар бірнеше қолда болатын болса, шығындарды анықтау қиындап, пайда аз болады. Сондықтан мемлекет бұл салаларды бір кәсіпорынның қолына береді. Бірақ бағаға бақылауды өзі жасайды.

Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.

3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.



Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.


Олигополистік нарық. Олигополистік нарықта фирмалардың аз көлемі үстемдік жасайды


Предыдущая234567891011Следующая








Олигополистік нарықта фирмалардың аз көлемі үстемдік жасайды. Олигополистік нарық стандартты және дифференциалды болады. Стандартты олигополияда ауыр өнеркәсіп өнімдері өндіріледі. Мысалы: құрыш, мыс, т.б. Дифференциалды олигополияда тұтыну тауарлары өндіріледі: автомобиль, киім, т. б. Олигополистік нарықта бірнеше фирмалардың маңызда үлесі бар. Бұл фирмалар бір-біріне тәуелді болады. Олигополиялардың болуы масштаб әсерінен. Олар ҒТП - тің және капиталды орталықтандыру нәтижесінде пайда болған. Көп фирмалар өз әрекеттерін аз ғана капиталмен бастап, басқа фирмалармен бірігіп әрекет етеді. Салаға кіру үшін бірден ірі фирма болу керек, себебі олигополистік нарықта патенттер, лицензиялар, жарнамаларды, стратегиялық тауарларды бақылауға көп шығындар кетеді. Олигополистік нарықта тек қана бағалы емес бәсеке қолданылады, өйткені баға өзгерісіне басқа фирмалар тез арада жауап бере алады. Сондықтан олар жарнамаға көп шығын жұмсай алады. Монополияның пайда болуы ғылыми техникалық прогрестің тоқтауына алып келеді. Сонымен қатар монополия өнім сапасының төмендеуіне және бәсекенің жойылуына ықпал етеді. Сондықтан да мемлекеттің басты мақсаттарының бірі ол нарықта фирманың монополизациясын жою. Сол үшін белгілі бір шаралар қолданылады. Олар әкімшілік және нормативтік реттеу. Әкімшілік реттеу ол монополияға қарсы заңдар шығарып, мемлекет тарапынан бақылау жүргізу арқылы жүргізіледі. Монополияға қарсы акт бірінші рет 1889ж. Канадада пайда болды.

3. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.

Яндекс.ДиректОнлайн-курс Сергея Азимова!18+

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.



Яндекс.ДиректПолучите сильного наставника

3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

 


7.1. графигі . Сұраныстың қисығы

7.2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы

    Р   Р1 А

 

 



 

 В



Ро

D

 

Q 1 Qо Q



 

 


     Р

 

 



D1

D

Do

Q

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).

Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

 

4. Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

5. Бәсекенің деңгейі

6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.



 7.3. графигі. Ұсыныс қисығы

7.4. графигі.. Ұсыныс қисығының жылжуы

               Р S Р1 A B   Р2 Q2 Q1 Q  

Р S1 S0 S2 Q  

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы).

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.

Тепе-теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.



7.5. графигі. Нарықтағы тепе-теңдік.




Р S Р2 Е PЕ D Р1 QЕ Q

Мұнда: Е – сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысқан тепе-теңдік нүктесі; Ре- теңдік баға; Qе- теңдік көлем.    

Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.

Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

 

6-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Тақырыпты қарастыру барысында жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтарының айырмашылықтарын ажыратып, нарықтардың ерекшеліктерін анықтау. Жетілмеген бәсеке нарығына жататын монополия, олигополия, дуополия нарықтарының белгілері мен сипаттарын қарастыру. Нарықтың негізгі элементтері сұраныс, ұсыныс заңдарын меңгеріп, оларға әсер ететін факторларды анықтау.

Икемділіктің мәнін ашып, оның түрлерін қарастыру. Нарықтағы тепе-теңдік баға қалай қалыптасады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет