Банк пайызы (проценті) банктің қарызға ақша бергені үшін алатын төлемі


Жұмыссыздар саны. 2.Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді?



бет6/8
Дата20.12.2019
өлшемі335,76 Kb.
#53871
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абсолютті рента

Жұмыссыздар саны. 2.Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді?


Предыдущая6789101112131415Следующая









Жұмыссыздық деңгейі = -----------------------------------*100%

Жұмыс күші

2.Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді? Эконом белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байланысты белгілеген Оукен заңы. Бұл заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейден 1%-ке өсу ЖҰӨ көлемін 2.5%-ке азайтады. Осы 2,5 Оукен коэффициенті деп аталады. Бұл 1:2,5 қатынасы жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздық пен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.

Мысалы, құлдырау жылдарында жұмыссыздық деңгейі – 9,5% немесе 6% табиғи деңгейден 3,5% -ке жоғары. Осы 3,5%×2,5 Оукен коэффициентіне көбейтіп ЖҰӨ -нің арта қалу көлемі 8,75% құрағанын көреміз. Басқаша айтқанда толық жұмысбастылық жағдайында жұмыссыздық деңгейі болатын болса ЖҰӨ 8,75% көп болған болар еді . Оукен заңы 2 бөліктен тұрады.

1) ЖҰӨ өсімінің белгілі бір шамасы тек қана жұмыссыздық деңгейін өсірмеу үшін қажет. Жұмыс күшінің саны жыл сайын өседі, ал оны қолдану бұл кезде одан әрі өнімді болады. Осы себептер бойынша 2,5 тен 3 %-ке дейін нақты ЖҰӨ жыл сайынғы өсімі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстап тұруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет

2) Қарқынды өсім жұмыссыздықты азайтады, ал өсу қарқынының төмендеуі жұмыссыздардың үлесін ұлғайтады. Егер өсім қарқыны мысалы, 3 тен 5,5% -ке дейін өсетін болса, жұмыссыздық үлесі шамамен 1 % -ке түседі. Оукен заңының маңызды аспектісі оның екінші бөлігі, яғни 2:1 ережесі табылады. 2:1 ережесі жұмыссыздық мәселесін шешу үшін эконом өсім қандай болуы тиіс екендігін көрсетеді.

Айталық, жұмыссыздық үлесі 8%, ал үкіметтің міндеті оны 6%-ке төмендету. Бұл салықтық ынталандыру ақша саясаты арқылы экономикалық өсудің жоғарғы темпіне қол жеткізуді білдіреді. Бірақ экономикалық өсу қандай болуы тиіс? Жұмыссыздық жыл ағымында 2%-ке түсуі тиіс. Бұл үкімет алдағы жылы нақты ЖҰӨ өсу қарқынын шамамен 6,5% деңгейінде қамтамасыз етуі тиіс екендігін білдіреді. Оның 2,5% жұмыссыздық деңгейін өткен жыл деңгейінде сақтау үшін қажет, ал тағы да 4% жұмыссыздық деңгейін 2%-ке қысқарту үшін қажет.

 

3.Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануынан болатын әлеуметтік-экономикалық процестер жиынтығы. Инфляция жалпы баға деңгейінің көтерілуімен байқалады. Инфляцияға ықпал етуші факторлар мыналар:



Яндекс.ДиректПолучите сильного наставника

1. Мемлекет секторының өсуі және мемлекеттің экономикаға араласуы. Бұл мемлекеттік шығындар мен табыстардың теңсіздігіне алып келеді, ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығын туғызады. Бұл жағдайда Орталық банк тапшылықты банкнот эмиссиясымен, ал коммерциялық банктер несиені кеңейтумен, яғни депозиттік-чектік эмиссиямен өтей алады. Нәтижесінде ақша санының өсуімен олардың құнсыздануы орын алады.

2. Бір жағынан трансұлттық корпорациялар ретінде жеке биліктік ірі институттардың пайда болуы, екінші жағынан кәсіпорындардың пайда болуы. Қандай да монополист бағаның жоғарғы дәрежесін ұстап тұруға мүмкіндік беретін тапшылықтың болуын қалайды. Кәсіподақтар да өздерінің мүшелерін қолдау мақсатында осындай саясатты жүргізеді. Бұл баға мен жалақының өсуіне алып келеді.

3. Тауар тапшылығы сұраныстың ұсыныстан алшақтануына алып келеді және осының негізінде бағаның өсуі.

4. Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы

5. Ұлттық экономиканың ашықтығының өсуі және әлемдік шаруашылық байланыстардың кеңеюі "импортталған инфляцияның" қауіптілігін тудырады.

6. Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы. Бұл нарықта тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының пайда болуына алып келеді. Нәтижесінде тауарларға баға өсіп, инфляциялық процестерге негіз пайда болады.

7. Экономиканың рационалдық емес құрылымы. Инфляцияның пайда болуы ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Инфляцияның сыртқы себептеріне сыртқы саудадан түсетін түсімдердің қысқаруы, төлем және сыртқы сауда балансының теріс сальдосы жатады. Ішкі себептеріне халықшаруашылық құрылымдарының деформациясы және шаруашылық механизмнің кемшіліктері жатады.

Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

- ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;

- өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғарғы мөлшерде жұмсалуы;

- өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;

- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;

- мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғарғы деңгейі;

- басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.

Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Инфляция ашық және басыңқы инфляция деп бөлінеді.



Ашық инфляция- еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңділік сұраныс жағына қарай өзгерсе және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция деп атаймыз. Ашық инфляция бірнеше көрсеткіштер бойынша жіктеледі:

1.Бағаның өсу қарқыны

2.Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы

3. Инфляцияның күтілуі және алдын-ала болжануы

Бірінші белгі, яғни бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляция 3 түрге бөлінеді:

· Баяу


· Қарқынды

· Ұшқыр


Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі (жылына 10%-ке дейін). Инфляция 2-3 % болған жағдайда нарық үшін орынды құбылыс болып табылады. Мысалы, 1992 жылы инфляция Францияда –2,7%, Германия мен АҚШ-та –3,8% құрады.

Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи өседі (жылына 20%-тен 200%-ке дейін). Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік-экономикалық салдарға ұшыратады (тұрғындардың өмір сүру деңгейі төмендейді, кәсіпорын күйзеліске ұшырайды).

Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен 1000% және одан да жоғары өседі.

Екінші белгі бойынша инфляция балансталған және баланстанбаған инфляция болып бөлінеді. Баланстанған инфляцияда әртүрлі тауарлар мен қызметтер көрсетудің бір-біріне қатынасында баға өзгермейді, ал баланстанбаған инфляцияда әртүрлі тауар мен қызмет көрсетудің бағасы бір-бірімен салыстырғанда тұрақсыз және әртүрлі пропорцияда өзгереді. Ол шағын және орта бизнестің дамуына кедергілер келтіреді.

Үшінші белгі бойынша күтілетін және күтілмейтін инфляция болып бөлінеді. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляцияда бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды нашарлатады.

Басыңқы инфляция оны кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ тауар тапшылығы, өнім сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың дамуы мен бартерлік іс -әрекетте көрінеді. Басыңқы инфляция мемлекеттің бағаны сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы пайда болады.

Инфляцияның өлшенуі:

 

ТБИ а.ж.-ТБИ б.ж.



Инфляция деңгейі (баға индексі)= ------------------------- 100%

ТБИ б.ж.


Инфляцияның табысқа тигізетін ықпалын түсіну үшін ақшалай немесе номиналды және нақты табыс арасындағы айырмашылықты білу қажет. Номиналды табыс –бұл жалақы, рента, процент немесе пайда түрінде алатын ақша саны. Нақты табыс –номиналды табысқа алуға болатын тауарлар мен қызметтердің саны. Егер номиналды табыс баға деңгейіне қарағанда жоғарғы қарқынмен өсетін болса, онда нақты табыс көтеріледі.

Инфляция – жалпы бағаның өсуімен болатын тұрақты тенденция. Инфляция жағдайында бағаның әртүрлі типі бірдей өзгермейді. Кейбір бағалар тез өседі, екіншілері жай өседі, ал енді біреулері өзгеріссіз қалады.

Дефляция – жалпы бағаның түсуінен болатын тұрақты тенденция.

Дезинфляция – инфляция деңгейінің төмендеуі, сұраныс инфляциясы артық жиынтық шығындарының салдары сияқты пайда болады. Шығын инфляциясы өнім бірлігіне орта шығындардың өсуімен жиынтық ұсыныстың өсуі негізінде пайда болады.

4.Жұмысбастылық пен инфляция арасында байланыс бар. Бұл байланыс экономист Филлипспен көрсетілген. Қисық инфляция деңгейі аз болған жағдайда жұмыссыздық жоғары, ал инфляция өскенде жұмыссыздық азаятындығын көрсетеді. 1958 ж. Филлипс номиналды жалақы мен жұмыссыздық арасындағы байланысты қарастырды. Ол келесі шешімге келді: жұмыссыздық дәрежесінің төмендеуі, бағаның және жалақының өсуімен бірге болады (Филипс қисығы).

 

Инфляция



  А

  3

 

  2

 

 

 




 1

D

 



 

 


1 2 3 жұмыссыздық (%)

 

 

Қаншаға инфляция дәрежесі жоғары болса, соншаға жұмыссыздар үлесі төмен. Мемлекеттің араласуы жиынтық сұранысты көбейтіп отырып, жұмыссыздықтың дәрежесін төмендете алады. Осы жағдайда пайда болатын еңбек нарығындағы күйзеліс жалақыны, бағаның инфляциялық өсуіне жағдай жасайды.



Инфляцияны төмендету үшін сұранысты шектейтін саясат жүргізу керек. Ал ол өндірістің қысқаруына және жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдай тек қысқа мерзімге тән. Ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздықтың өте төмен дәрежесі инфляцияның өсуінен сақтайды.

Статистика көрсеткіштері көрсеткендей, инфляцияны 1% төмендету үшін жыл бойы жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі 2% жоғары болуы керек. Еңбекке деген сұраныс жоғары болған жағдайда өзіне қажетті жұмысшыларды тарту үшін жұмыс берушілер жалақының жоғарғы ставкасын ұсынады. Жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі. Бірақ бұл жағдай қысқа мерзімге тән сипат. Ұзақ мерзімде (5-10жыл ) жұмыспен қамтылудың төменгі деңгейінің өзі инфляция өсімімен сақталмайды. Инфляцияны 1%-ке түсіру үшін жыл бойына жұмыссыздық 2% табиғи деңгейден жоғары болуы тиіс. Бірақ бұл жағдай да бір шешімге келген емес.

Өндірістің терең құлдырауы, яғни экономикалық өсімнің тоқтауы стагнация деп аталады. Инфляцияның стагнациямен қатар жүруі стагфляция деп аталады.

 

12-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Жұмыссыздықтың түрлерін анықтап біздің елде қай түрі басым екенін қарастыру. Мемлекетте жұмыссыздық деңгейін есептеу. Жұмыссыздықпен күресу үшін мемлекетте қандай іс-шаралар жүргізіліп жатыр? Оукен заңы арқылы нені анықтаймыз? Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты қарастырып, талдау. Инфляция деңгейін есептеп, оның зардаптарын қарастыру. Инфляцияның пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет