№2-нысаны кірістер мен шығыстар жөніндегі есеп беру қорытынды айналымдарды және қаржылык есеп кестесін ескере отырып жасалған баланстың негізінде құрастырылады.
Банктің табыстары мен шығыстары жөніндегі есепті ашып көрсету немесе оның қаржылық есептілігіне ескертулер бухгалтерлік есептің басқа да стандарттардың талабына сәйкес ұсынылатын ақпаратқа қосымша оны келесідей шығыс және табыс бабтарын өздеріне қосуы тиіс, бірақ мұнымен шектеямеуі керск:
- сыйақы түріндегі жәнс ұқсас (аналогты) табыс;
- сыйақы түріндегі шығыс және ұқсас (аналогты) шығыс;
- дивидент тұріндегі табыс;
- комиссиондық және алым түріндегі табыс;
- комиссиондық және алым сомасын төлеу шығындары;
- шығындарды шегергендені бағалы кағаздарды сату нәтижесінде алынған табыс;
- шығындарды шегергендегі басқа да бағалы қағаз бойынша табыс;
- басқа да операциялық табыс;
- қарыз алумен байланысты шығындар;
- жалпы әкімшілік шығындар;
- басқа да операциялық шығындар.
Банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің алатын негізгі табыстарының түрлеріне сыйақы, қызмет көрсеткені үшін алым, комиссиондық және бағалы қағаздар операцияларының нәтижесі жатады. Табыстың әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек ашып керсетіледі
Банктің банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын шығындарының негізгі түрлерінде сыйақы, комиссиондық қарыздар бойынша шығындар инвестицияның, баланстық құнының төмендеуімсн байланысты шығындар, сонымен бірге жалпы әкімшілік шығындар жатады. Шығындардың да әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек қарастырылады.
Сыйақы түріндегі табыс мынадай жағдайларда танылады:
- мәміле жасаумен байланысты банкке экономикалық табыстың түсу ықтималдығы бар болса;
- табыс сомасы жоғары деңгейлі сенімділікпен бағаланған болса.
Мәмілеге сәйкес, банктерде контрагенттің акшасын пайдаланғаны үшін кезінде шығындар пайда болатын жағдайларда ғана сыйақы түріндегі шығын танылады.
Активтерден (міндеттемелерден) алынған нақты табысты (шығысты) есепке алатын уақыт арақатынасы негізінде сыйақы түріндегі табыс (шығыс) танылады.
Банктің табыстары мен шығыстары Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі» Заңының 5-бабына сәйкес бухгалтерлік есептің негізін қалайтын барлык принциптерін ескереді. Төлемі келесі жылдары жүргізілетін жыл үшін банктің табысы мен шығыстары жылдың аяғында есептелінеді.