Банктердің қаржылық есеп беру



бет5/7
Дата28.11.2023
өлшемі2,48 Mb.
#193988
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15 Банктердің қаржылық есеп беру

Біріккен қызметтегі қатысу үлесі болатын есептілікті үйлесімді шоғырлаңдыру әдісін пайдаланып ұсынатын банктер, ақша қозғалысы жөніндегі шоғырлаңдырылған есепке, бірігіп бақылау жасалатын заңды тұлғаның ақшалай ағымдарының үйлесімді үлесін қосады. Біріккен қызметтегі қатысу үлесін есептілікте ұсыну үшін қолданған кезде, ақша козғалысы жөніндегі есепке, бірігіп басқарылатын занды ұйымдарға инвестиция салумен бөліп таратулармен және банкпен бірігіп басқаратын заңды ұйымдар арасындағы басқа да төлемдермен немесе түсімдермен байланысты ақша ағымдары қосылады.

  • Банктің қаржылық есебінде бөлек нысан ретінде көрсетілетін, меншікті капитал қозғалысының есебінде келесідей ақпараттар болуы және ашылуы керек:
  • - есепті кезеңдегі таза табыс және шығын;
  • — басқа да стандарттардың талаптары бойынша тікелей капиталға қосылатын табыстар мен шығындардың әрбір бабы және осындай баптардың жалпы сомасы;
  • — есеп саясатындағы өзгерістер мен түбегейлі қателердің түзетулерінің жиынтық әсері;
  • - құрылтайшылармен капитал бойынша операциялар және оларды орналастыру;
  • — кезең бойынша әрбір өзгерісті жеке аша отырып, есепті кезеңнің басында жинақталған таза табыстың немесе шығынның сомасы;
  • - есепті қезеңнің басындағы және аяғындағы бабының баланстық құнын капиталдың әрбір акция эмиссиясынан түскен табысты және әрбір резервті өзгерісті жеке аша отырып салыстырып тексеру.

Қарыздар меи аванстардан пайда болатын шығындар

  • Мерзімі өткен, шектемелі және есептен шығарылған қарыздар туралы есеп өз кезегінде бірнеше кестеден тұратын, мерзімі өткен, шектемелі және есептен шығарылған қарыздардың санын және жағдайын көрсететін қаржылық құжатты білдіреді.
  • Есептен шығарылған қарыздардың кестесі темендегідей:
  • - кезең басындағы резервтерден;
  • - қайтадан құрылған резервтерден;
  • - есептен шығарылған қарыздардан;
  • - есептен шығарылған қарыздарды резервтің көбеюі ретінде қайтарудан;
  • - кезең аяғындағы резервтерден. Банк келесілерді ашып көрсетуі керек:
  • - өндіріліп алынуы үмітсіз карыздар шығын ретінде танылып есептен шығарылуына негіз болатын есеп саясатын;
  • - кезең ішінде банк қызметінің нәтижесінде болатын зияндарды жабу үшін құрылған резервтегі өзгеріс туралы нақты мәліметтерді;
  • - күдікті қарыздың есебінен орны толтырылған есептен шығарылған қарыздардан болған шығындарды есепті кезеңде шығындар деп танылатын сомаларын;
  • - баланстық есеп күніндегі шығындарды жабуға кеткен резервтік жиынтық сомасын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет