Баққожа Мұқай өмірбаяны
Баққожа Мұқай 1948 жылы 31 қаңтар күні Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында өмірге келген. 1971 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1965 жылы Кеген (қазіргі Райымбек) аудандық “Коммунизм нұры” (қазіргі "Хантәңірі") газетінде еңбек жолын бастаған. 1970-1988 жылдар аралығында “Білім және еңбек”, “Жұлдыз” журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990-1995 жылдарда Мәдениет министрлігінің репертуарлық редакциялық алқасында Бас редактор, бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық “Қазақ тілі” қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі. Бірнеше медальдармен марапатталған. “Парасат” журналының Бас редакторы болды
Жазушы “Жалғыз жаяу”, “Өмірзая” атты романдары мен “Жаңбыр жауып тұр”, “Өмір арнасы”, “Аққу сазы”, “Мазасыз маусым”, “Дүние кезек”, “Тоят түні”, “Жеті желі”, “Алғашқы махаббат”, “Ертегідей ертеңім” атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы “Водоворот”, 1988 жылы “Белая птица” атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. “Қош бол, менің ертегім” пьесасы мен “Аққу сазы” хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), “Өмірзая” романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). “Парасат”орденінің иегері (2006).
Алғашқы романы “Жалғыз жаяу” не туралы
“Жалғыз жаяу” жазушының ауылдағы аңыз әңгімелерге негізделген. Негізгі прототипі 1930 жылдардағы Мергенбай банды. Ауыл қарттарынан бала кезде естіген әңгімелерін кейіннен қаламгер романға айналдырады. Кеңес өкіметімен арадағы қақтығысты, өмір шындығын ол өз романында сәтті бейнелеген.
Мемлекеттік сыйлық алған “Өмірзая” романы
Өмірзая – Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.
Жазушы романы XX ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Басты кейіпкері – Аяған Қуатов. Зерделі тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Ұстазы, профессор Алдияр Ақпанұлының жолын әрі қарай жалғастырып, ол Кенесары туралы еңбек жазса, бұл Сыздық төре туралы көлемді зерттеуін тәмамдайды. Бар шырғалаң содан басталған.
Әуелі Алдияр ақсақал құлаған. Содан соң өз басына қатер төнеді, жұмыстан шығарады. Бірақ Аяған әділ заңның күшіне сенеді. Ақсақалдың да, өзінің де ешқандай жазығы жоқ. Аяған ең жоғары советтік мекемелерге, ең биік партиялық басшыларға арыз жазады. Жаздым, жаңылдым деп емес, ісім ақ, қазақ тарихына қиянат жасалып отыр деген сарында. Нәтижесінде әуелі түрмеге түседі, одан шығысымен жындыханаға қамайды, ақыр аяғында өлтіріп тынады.Романда күрес жолындағы азаматтың барлығы да шейіт болады. Роман-трагедияның ең басты мұраты – отарлық заманның қара түнек зұлматын айғақтау екен. Бұл мақсат өзінің үдесінен шыққан.
«Қаһар» – І.Есенберлинниң «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы болғанымен, бірінші жазылған шығарма. Бірінші кітап болып шықса да, трилогияның үшінші кітабына айналу себебі – үш кітаптың негізгі түйіні осы «Қаһарда» тұрғандығында.
«Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы – «Алмас қылыш» (1971 ж.),
екінші кітабы – «Жанталас» (1973 ж.), үшінші кітабы «Қаһар» (1969 ж.) деп
аталды. Орыс тіліндегі нұсқасы 1978 жылы Мәскеуде жарық көрді. Аударған – Морис Симашко. Сондай-ақ «Көшпенділер» трилогиясы 1983 жылы Польшада және 1986 жылы Венгрияда басылып шықты.
Үшінші кітаптың атауы алғашында «Хан Кене» болады. Бірақ саяси жағдайға байланысты «Қаһар» деп өзгертіледі. Бұл туралы жазушы Қабдеш Жұмаділов: «Қаһардың» алғашқы аты «Хан Кене» болатын. «Хан Кене» болып
шығару қиын болды. Содан ақылдаса келе, кітап баспадан шығарда біз «Қаһар» деп ат қойдық. Біз деп отырғанымыз кімдер? Ілияс өзі баспаға директор
болып келген соң жан-жақтан жастарды шақырды. Мені «Қазақ әдебиетінде»
істеп жүрген жерімнен шақырды. Мұхтар Мағауинді, Рамазан Тоқтаровты,
Тұтқабай Иманбековті шақырып алды. Кілең жастарға арқа сүйеді.
Ілекеңнің сол кезде ең даулы– тарихи тақырыпқа баруы оның керемет жүректілігін, отансүйгіштігін, ұлтшылдығын көрсетеді. Ол кісі кейінгі қаламдас інілеріне
жол ашты. Тарихи мектепті қалыптастырды. Менің «Дарабозды», «Соңғы көшті»,
Мұхтардың «Аласапыранды» жазуына… бәріне жол ашқан Есенберлиннің романдары. Мұзжарғыш кемедей алға жол тартты», – деп еске алады.
«Қаһар» тұңғыш рет 1969 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрді.
1970 жылы орыс тілінде «Простор» журналына (№5,6) «Хан Кене» деген атпен
жарияланып, 1971 жылы Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан жеке
кітап болып шықты.
«Алмас қылыштың» бас кейіпкері – Әбілхайыр, «Жанталаста» – Абылай
хан, «Қаһарда» – Кенесары. Мұнда автор Кенесары образы арқылы қазақ хандығының жер бетінен жойылу себебін баяндайды. Романдағы бас кейіпкер Кенесары (1802–1847 жж.)– қазақтың ең соңғы ханы (1841–1847 жж.). Ол – Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның Қасымнан туған немересі. Жазушы Кенесарыны айбынды хан, айбарлы қолбасшы, халқын ерекше сүйген батыр азамат, мемлекет қайраткері ретінде сомдайды. Трилогияның екінші кітабы «Жанталаста» қазақтар Абылай ханды ақ
киізге отырғызып, үш жүзге хан көтергенімен, патша өкіметі мұны бекітпейді.
Орта жүз ханы боп қана қалған Абылай үш жүздің басын қосып, ешкімге тәуелді
болмауды мақсат еткенімен, жеңіске жете алмайды. Бірақ халық рухы бұдан
кейін де өшкен жоқ.
Оны 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Кенесары хан дәлелдеді. Міне, романның негізгі идеясы – еркіндік
рухының өшпеуі. Ол – тәуелсіздік идеясы. «Көшпенділер» трилогиясының жанрын кезінде тарихи роман зерттеушілері Шерияздан Елеукенов пен Рахманқұл Бердібаев «роман-хроника» деп атады. «Роман-хроникаға жан-жақты суреттеу тән емес, сондықтан Есенберлин, негізінен, қазақ елі тәуелсіздігінің идеологиялық мәселелеріне баса назар аударған.
Идеология дегеніміз – белгілі дүниетаным көзқарасы бойынша жүйеленген
идеялар. Есенберлиннің көшпенділер туралы роман-трилогиясының сындарлы
идеологиясы – ұлттық идея», – дейді Ш.Елеукенов («Ғасырмен сырласу»).
Ал Р.Бердібаев: «…түрлі кітаптар, қолжазбалар, шежірелер арасында
шашырап жатқан анық фактілерден құралғандықтан және оқиғалардың жылнамасы сақталғандықтан, мұны роман-хроника деп атаған абзал… Қазақ жырлары мен аңыздарының бірқатары халықтық роман тәрізді. Оларда әлеуметтік
сипат, адамдар ісіне дәл, нақты мінездеме беру де жиі ұшырайды. Бұларды
ретіне қарай жазба профессионал әдебиеттің қажетіне жаратуға әбден болады», – деген пікір білдірді («Қазақ тарихи романы»).
«Қаһар» романында ХІХ ғасырдың І жартысындағы Кенесары Қасымұлы
бастаған халық көтерілісі сөз болады. Патша отаршылдарының шектен шыққан
қысымы, әсіресе, ата-бабасынан мирас боп келе жатқан туған жерінен зорлықпен ығыстырылуы халықтың қанын қайнатып, ашу-ызасын туғызды. Бұл наразылықтың көтеріліске ұласуына Абылай ханның немересі Кенесары тікелей
басшылық етеді. Шығармада Кенесарының жеке басы ерлік пен мәрттікке толы.
Романда кездесетін орыс сөздері қазақтың өз тіліне бейімдеп айтылуы бойынша
берілген. Мысалы, устав – ұстап. Бұл сөз патшаның 1822 жылғы Сібір қазақтарын басқару жөніндегі уставына байланысты қолданылған. Жазушы архивтік
құжаттар мен Кенесарының орыс билеушілеріне жазған хаттарына сүйене
отырып, шығарма мазмұнын нақты деректерге құра білген.
Достарыңызбен бөлісу: |