Бап. Медиацияның қолданылу саласы


-бап. Медиация тараптарының құқықтары мен міндеттері



бет4/11
Дата08.02.2022
өлшемі27,7 Kb.
#118840
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
медиация

11-бап. Медиация тараптарының құқықтары мен міндеттері
1. Медиация тараптары:
1) медиаторды (медиаторларды) ерікті түрде таңдауға;
2) медиатордан бас тартуға;
3) медиацияның кез келген сәтінде оған қатысудан бас тартуға;
4) медиацияны жүргізуге жеке өзі немесе өкілеттіктері заңда белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатқа негізделген өкілдері арқылы қатысуға;
5) дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған кезде сотқа немесе оған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медиация жүзеге асырылған, іс жүргізуінде жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жүгінуге құқылы.
2. Медиация тараптары дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға міндетті.
3. Медиация тараптарының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтары мен басқа да міндеттері бар.
12-бап. Медиатордың бас тартуы
1. Медиация тараптары өзара келісім бойынша басқа медиаторды таңдауға құқылы.
Азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар бұл туралы сотқа не қылмыстық қудалау органына хабарлауға міндетті.
2. Медиация қағидаттарына сәйкес медиатордың өз функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайда, медиатор дереу өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті.
3. Егер медиатордың пікірі бойынша медиацияны жүргізу процесіндегі одан арғы күш-жігер тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) шеше алмайтын болса, медиатор оны жүргізуден бас тартуға не тараптардың жазбаша нысанда бекітілген келісімімен медиацияны тоқтатуға құқылы.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет