Бар елде ғана қалана


Қаржылық есеп аудитінің мақсаты және тексеру кезеңдері



бет4/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана

2. Қаржылық есеп аудитінің мақсаты және тексеру кезеңдері

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек. Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады. Жеке және ұжымдық меншік иелері–акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және бсқаларға қажет. Халықаралық және отандық аудиторлық компаниялардың практикасын талдау көрсеткендей, қаржылық есеп аудиті үрдісіі 10 кезеңге дейін барады. Мекемелерді тексеру стратегиялары мен тәртібі әр түрлі болады, бірақ белгілі бір схема бойынша жүргізіледі.


ТМД елдеріндегі алдыңғы тәжірибеге сәйкес ҚЕ Аудитін 4 кезеңге бөлуге болады:

  • Ақпарат жинау;

  • Жоспарлау ;

  • Аудитті жүзеге асыру;

  • Есепті тапсыру.

ҚЕ Аудиттің 1 кезеңінде фирманың іскерлік ортасы зерттеледі. Осыған байланысты фирма басшылығы есептілігнде мынадай сұрақтарды қарастыруы қажет:

  1. фирманың клиентурасы қандай;

  2. жаңа өнімдер жасау шаралары жүргізіле ме

  3. қажетті өндірістік ресурстарды сатып алу жағдайы ;

  4. өндірс процесінің ұйымдастыру сипаттамасы;

  5. Өнімдерді, қызметтерді сату.

Жылдық ҚЕ түсніктеме жазуларында кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері көрсетілуі тиіс. Атап айтқанда, шығарылатын өнімнің тиелуімен мен көрсетілетін қызметің жүргізілуі туралы мәліметтер беріледі.
ҚЕ Аудитінің технологиясының 2 кезеңінің негізгі процедуралары - аудиторлық тәуекелділік деңгейін бағалау, келесі бағыттар бойынша стратегиялар мен жалпы жоспарды жасау:

  1. Клиент-компанияның қызметінің объектілерімен циклдары бойынша нақты бағдарламаларды жасау;

  2. аудиторлық маңыздылық пен тәуекелділік деңгейін анықтау;

  3. Баланс пен Бас кітап баптарын тексеру, шығындар мен қаржылық нәтижелерімен корреспонденцияланатын шоттарды анықтау, шығындардың өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың дұрыстығын тексеру ;

  4. Табыстарды алу мен өнімді сату циклы Аудиті;

  5. Сатып алу циклы Аудиті;

  6. Өндіріс пен ресурстарды шығындау циклы Аудиті;

  7. Еңбек ақыны есептеу мен төлеуді тексеру;

  8. Таза табысты қалыптастыру мен пайдалану тәртібін тексеру;

  9. Бюджетке төленетін салықтарды есептеумен мерзімділігін тәртібін тексеру;

  10. Меншікті капиталды қалыптастырумен пайдалнуды тексеру;

  11. Міндеттемелердің дұрыстығымен уақтылығын тексеру;

  12. Дебиторлармен кредиторлармен есеп айырысуды тексеру;

  13. Ұз. мерз. Активтердің Аудиті;

  14. Ақша қаражаттарымен басқадай активтердің Аудиті.

3- кезеңде тексеру объектілерінің жағдайына тәуелсіз пікір беру үшін мәліметтермен фактілерді жинақтау, бағалау жүзеге асырылады. Бұл кезең алдыңғы кезеңмен тығыз байланысты, яғни Аудиттің жалпы жоспарымен бағдарламасын , стартегиясын жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Жекелеген есептік көрсеткіштерін талдаудан соң аудиторлық қателердің тәуекелділігін анықтау керек, яғни аудитордың қорытындысы қате болуы мүмкін, себебі ол дұрыс емес көрсеткіштерге сүйене отырып жасаған.
Қорытынды кезеңде тексеру нәтижелері шығарылады, резервтер анықталады, қорытындылар негізделіп, кемшіліктерді жою, субъектінің қызметінің тиімділігін жоғарлату туралы ұсыныстар жасалынады.
БЕ жүргізу мен ҚЕ жасаудағы қателерді жіктеумен анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Аудиторлық тексеру тәжірибелері БЕ алғашқы құжаттармен есеп регистрлерін толтырумен өңдеуде бекітілген стандарттармен ережелерді бұзуда кейбір қателер кездесетіндігін көрсетеді. Мысалы, алғашқы құжаттарды толтыруда мынадай типтік қателер болады:

  1. Реквизиттердің толығымен толтырылмауы;

  2. Штамптың немесе толтырылған, төленген даталардың көрсетілмеуі;

  3. Түзетулерге т.сініктеме жазылмауы;

  4. Ұқыпсыз толтыру;

  5. Номерленбеуі, жауапты адамдардың қолдарының болмауы т.с.с.

Қаржылық есеп беру аудитінің екінші кезеңі аудит технологиясының, негізгі процедуралары аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін бағалау, тексерудің стратегиясы мен жалпы жоспары мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) компания-клиенттің объектілері мен іс-қызмет циклдерін тексерудің нақты бағдарламасын жасау;
2) аудиторлық тәуекелдіктің елеулілік деңгейін анықтау;
3) баланс баптары мен Бас кітаптың баптарын тексеру,
шығындар және қаржы нәтижелерінің шоттары мен сәйкестендірілетін шоттарды анықтау, шығындарды өнімінің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру;
4) өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызмет көрсету мен
кірістерін алу циклінің аудиті;
5) сатып алу циклінің аудиті;
6) өндірістің және ресурстарды жұмсау циклінің аудиті;
7) еңбек ақыны есептеу мен төлеу тәртібін тексеру;
8) таза пайданы анықтау мен қолдану тәртібін тексеру;
9) бюджетке салық төлеудің уақтылығы мен есептеудің дұрыстығын тексеру;
10) меншікті капиталды қалыптастыру мен қолдануды тексеру;
11) міндеттемелерді өтеудің дұрыстығы мен уақтылығын тексеру;
12) дебиторлар және несиеорлармен есеп айырысуды тексеру;
13) ұзақ мерзімді активтердің аудиті (негізгі құралдар, қауымдасқан компанияларға, еншілес және тәуелді ұйымдарға ұзақ мерзімдік инвестициялар);
14) ақша мен басқа ағымдағы активтердің аудиті (касса, ағымдағы және валюталық шоттар, құнды қағаздар мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық босалқылар) және т.с.с.
Үшінші кезеңде құзыретті мәліметтер мен фактілерді тексерудің мәні мен объектілері жағдайы туралы тәуелсіз пікірді білдіру үшін жинау мен бағалау іске асады. Бұл кезең компания жағдайымен, жалпы жоспарымен оның стратегиясымен және аудит бағдарламасымен өзара тығыз байланысты. Аудитті жүргізуде тексеру жоспарын және бағдарламасын қайта қарау мен түзеу қажеттілігі туындауы мүмкін.
Аудитордың назары қаржылық есеп көрсеткіштерімен қатар, тексерілетін компания басшылығы негізге алып жасаған тұжырымдарға бағытталуы керек. Қаржылық есептілікті аудиторлық тексеру барысында бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар, ақша қозғалысы, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептіліктерді жасаудың дұрыстығы, есеп саясаты жайлы ақпарат пен түсіндірме хаттың сәйкестігіне көңіл бөлінеді (8).
Мысалы, аудитор негізгі қызметтен салық салуға дейінгі табыстың есептеудің дұрыстығын анықтау мақсатымен кірістер мен шығыстар туралы есепті тексереді. Жиынтық табыс тұтастай кәсіпорын мен оның жеке құрылымдық бөлімшелері мен қызмет түрлері бойынша қаржылық нәтижелілігімен анықталуы тиіс. Егер кәсіпорында мұндай жұмыстар дұрыс жүргізілмесе, аудитор оларды өзінің тұжырымдарын негіздеу үшін қорытындысында көрсетеді.
Сонымен катар аудитор мыналарды тексеруі тиіс:
1) жарғы капиталы көлемінің өзгеруі туралы кәсіпорын иелерінің шешімдерінің толық орындалуын;
2) синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің актив, меншікті капитал және баланста көрсетілген міндеттемелердің шоттары бойынша сәйкес болуын;
3) қаржылық есеп беруге дебиторлық және кредиторлық борыштың, болашақ кезеңдердің кірістері мен шығыстарын кіргізудің түгелдігін, активтерді бағалаудың дұрыстығын.
Әдетте, кәсіпорынға кіріс немесе айналым әкелетін барлық операциялар: тоқсан немесе қаржылық жыл соңында тіркелген операциялар; акциялар мен құнды қағаздар бойынша кірістер мен шығыстар; кәсіпорынға сот шағымының себептері мен сипаты, әсіресе акционерлердің талаптарына байланысты және т.б. аудиторлық тексеруге жатады.
Акционерлік кәсіпорындардың аудиті тексеру көлеміне мынадай баптарды, процестерді және жағдайларды кіргізумен ерекшеленеді:
1) акционерлік капитал (қаржы түрлері бойынша);
2) рұқсат етілген, шығарылған және төленбеген акциялар саны;
3) өтелмеген акциялардың құны;
4) атаулы (номиналды) құн мен әрбір акциядан түсетін табыс;
5) тексерілетін кезең ішіндегі акционерлік капиталдың шоттары бойынша қозғалыс;
6) дивиденттерді бөлудегі құқықтар, артықшылықтар және шектеулер;
7) артықшылықты акцияларға шоғырланып (куммулятивті) жинақталған дивиденттер бойынша борыш;
8) құнды қағаздарды өткізуден алынған түсім;
9) опциондар мен келісімдер бойынша сату үшін резервтегі акциялар.
Есепті мәліметтердің мәнділігін талдаудан соң аудиторлық тәуекелділікті , яғни ықтималды мәліметтерге сүйенгендіктен, аудитордың тұжырымы қате болып шығуы мүмкін. Мәліметтердің мәнділігін бағалай отырып, аудиторлық қатенің ықтималдығын анықтаған соң тексеру бойынша жұмыс көлемін елеулі қысқартуға болады. Аудиторлық жүмыстың тәуекелдігіндегі қателік деңгейін бағамдау кезінде, жіберілген қателікті іздеп табу мүмкіншілігі мен бақылап қадағалау жүйесімен тығыз байланысты. Осы жүйенің ішінде белгілі аудиторлық тәуекелдіктің деңгейін бағалай отырып жүзеге асқаны дұрыс.
Аяқтау кезеңінде тексеру нәтижесі жинақталып қорытылады, резервтер анықталады, тұжырымдар негізделеді және жасалып, қалыптасады, табылған кемшіліктерді жою және шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін арттыру мен оңтайландыру жөнінде ұсыныстар жасалады. Сонымен бірге бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасау жөнінде тектес (типтес) қателерді табу мен жіктеуге ерекше назар аударылады.
Аудиторлық тексерулер тәжірибесі бухгалтерлік есептегі ең маңызды кемшіліктер бастапқы құжаттарды ресімдеу мен өңдеуге және белгіленген стандарттар мен ережелерді бұрмалаған есеп регистрлерін жүргізуге байланысты екендігін айғақтайды. Мәселен, бастапқы құжаттарды ресімдеудің типтік кемшіліктері мыналар:
1) деректемелерді толтыруда операцияларды қалдырып кетулер;
2) жасалған немесе өтеген ай-күн, жылды көрсететін белгінің немесе мөртаңбанның болмауы;
3) түсінік берілмеген түзетулер;
4) ұқыпсыз толтыру;
5) нөмірленудің, жауапты адамдардың қолдары болмауы және т.с.с.
Нәтижесінде құжаттардың заңды күші камтамасыз етілмейді, оларды қайтадан пайдалану мен теріс пайдалануға мүмкіндік ашылады.
Кәсіпорын бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарында қарастырылмаған шоттар мен аралық шоттарды кіргізетін немесе олардың кейбірін жүргізуден негізсіз бас тартатын жағдайлар да орын алады.
Әсіресе еңбекақыны, өндіріс шығындарын және қаржылық нәтижелер есебінде көптеген кемшіліктер табылады. Кейбір кәсіпорындарда есептік төлемдік тізімдемелер (ведомостер) ай сайын және әр тоқсан бойынша топтастырылмайды, ал оларда көрсетілген есептелген еңбекақы мен ұсталымдар, соның ішінде салық сомалары үдемелі жиынтықпен есептелмейді. Жеке шоттар, жеке құрамның (персоналдық) еңбекақы есебі карточкалары болмауы салықты дұрыс есептеуді, анықтама беруді және т.б. қиындатады. Еңбек ақыны кейде қолхаттар немесе жете ресімделмеген шығыстық кассалық ордерлері бойынша төлейді.
Есепті кезеңдер арасындағы айырмаларды бөлудегі қателіктер негізінде жаңа өндіріс пен кәсіпорынды игеруге, жыл ішінде негізгі құралдарды жөндеуге шығатын біркелікі емес шығындарды өтеу мен қате көрсетуге, маусымды салалардағы дайындау бітіру жұмыстарына жұмсалатын шығыстарға, сондай-ақ демалыс ақысын және т.б. төлеуге шығатын шығындарды есептеу мен төлеуге байланысты.
Сонымен бірге кәсіпорынның ішкі экономикалық жұмыстарының есебінде, әсіресе валюталық операцияларды жүргізу барысында көптеген бұрмалаушылықтарға жол беріледі, мысалы сауда-саттық операцияларды атқару кезеңінде және ай соңындағы бағамдық айырмашылықтар ескерілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет