Бар елде ғана қалана


Өз білімін тексеру сұрақтары



бет45/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана

Өз білімін тексеру сұрақтары

1.Аудитте талдау қалай жүргізіледі?


2.Аналитикалық процедуралар қалай өткізіледі?
3.Қаржылық талдаудың негізгі әдістерін атаңыздар?
4.Салыстырмалы талдау деген не?
5.Коэффициенттерді талдау әдісі қалай жүргізіледі?
10. Аудиттің корытынды кезеңі

1. Аудиттің қортынды кезеңінде пайдаланатын аудит тәсілдері


2. Аудиторлық қорытындыларды бағалау



  1. Аудиттің қортынды кезеңінде пайдаланатын аудит тәсілдері.

Аудитор қорытындысының негізгі бөлімінде аудитор тексеруінің жалпы көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқықтық жағы стандартына сүйене отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы аудит материалын қолданушылар, тұтынушылар үшін сенімді мәлімет болады.


Аудит қорытындысының негізі бөлімінде келтірілген мәлімет қаржы есебінде жіберілген қате немесе кемшіліктер болуы мүмкіндігін, аудит күдігі қаңдай мөлшерде зиянды болатынын қарастырады. Яғни, ол көрсеткіштерді мәлімет тұтынушылардың есіне салады. Одан кейін, аудит технологиясының барысы көрсетіледі:
а) тест арқылы талдау жасау. Қаржы есептерін құжаттар арқылы дәлелдеу, анықтау;
б) бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы есебін жасаудағы тиімділігін нақты, дәлелді түрде көрсету
в) жалпы қаржы есебіне баға беру.
Аудит есебінің қорытындылау бөлімінде аудит қорытындысын жасау қажет. Оның негізгі мақсаты субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын, оның мемлекет заңына, нормативтік құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық стандарт талабына сәйкес жасалынғанын көрсету. Қаржы есебі туралы басқадай нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анықтамалар, сараптау қорытындылар арқылы көрсетеді. Аудит стандартының талабына сәйкес аудит қорытындысының түрі мен мазмүны бір жүйеге келтіріледі.
Аудитор фирмасы шаруашылық субъектісі ретінде ол өз жұмысын шаруашьшық есеп түрінде жүргізеді. Аудит жұмысының барысы, көлемі, қызмет көрсету жұмысы, жалпы орыңдалатын аудит жауапкершілігі келісім-шарт жасау арқылы анықталады. Аудит фирмасы өзінің қорын, ақшалай қаржысын, мүлкін өз еркіне қарай тәуелсіз жұмсайды, пайдаланады, өзінің балансы болады. Дербес шаруашылық субъектісі ретінде өз жұмысының қажетіне қарай жұмысшылар алады, қажет болған жағдайда келісім-шарт жасап уақытша мамандар жалдайды. Мемлекетіміздегі заң талабына сәйкес аудит фирмалары өзінің қалауынша әр түрлі ассоциацияларға, күрделі бірлестіктерге қосылуға құқығы бар. Өзінің қалауынша негізгі және айналым қорларын, әр түрлі арнайы қорларды (өндірісті дамыту, әлеуметтік қор, резервтік,) қарастыруға құқылы. Аудит фирмасы өз шаруашылығына байланысты материалдық қаржылық жағдайдағы барлық құбылысқа тікелей жауапкершілікте болады. Аудит фирмасының бастығы директор болады, ол өз бұйрығымен жұмыскерлер алады, жұмыстан босатады, фирма жұмысына байланысты барлық заңдылықты сақтай отырып басқару жұмысын атқарады.
Жұмыс фирманың құрылымымен байланысты болмаса аудитор фирмалары аудиторлар өндіріс барысымен немесе коммерциямен айналыспайды. Аудитор фирмасьг аудиторларды тексеруге келісім-шарт жасап аудит жүргізуге келіскен жағдайда аудит жүргізуге құқысы жоқ жағдайлар: аудитор сол шаруашылық субъектісіне құрылтайшы немесе басқару қызметіне қатысты болса, туыскандық қатысы және бухгалтерлік есебін ұйымдастыруға немесе есеп ақпаратын жасауға қатысты болса; шаруашылық субъектісінің меншігіне үлестес болса немесе беруден қатысы болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін жүргізсе, ақпаратын және қаржылық акпаратын жасауға қатысқан болса.
Бұл жағдайлар анықталған кезде келісім-шартты бұзу қажет. Осы жұмыстар туралы тапсырушылар материалдық, қаржылық шығын болған жағдайда, оны аудитор фирмасы немесе аудиторлар түгелдей төлеуге міндетті.
Аудит қызметінің құпиялылығын қатал сақтау қажет. Аудит тексеруі барысында анықталған кемшіліктер немесе әртүрлі қылмыстылық фактілерді аудитор тек қана тапсырушыга хабарлап және сол кемшілік немесе қылмыстылық фактілерді қалай түзетуге болатынына толық түсініктеме беруі қажет. Яғни, тексеру барысындағы анықталған кемшіліктер туралы тек қана тапсырушы және аудитор ғана білуі керек. Ұлыбритания аудит этикасының кодексі бойынша аудитор аудиторлық тексеру материалын үшінші бір жаққа немесе мемлекет құрылымына тек қана тапсырушының келісімі, рұқсаты бойынша немесе мемлекет заңының талабына сәйкес жағдайда ғана хабарлайды немесе жазбаша түрінде береді.
Аудит фирмаларының, жеке аудиторлардың жұмысына сонымен катар аудит этикасының талабына сай сақталуына арнайы құрылған "Бақылау комиссиясы", "Тәртіптілік комиссиясьг", Бірлескен тәртіптілік комиссиясы бақылау жасайды. Тапсырушылар аудит қызметінің барысына немесе қорытындысымен келіспеген жағдайда өзінің шағымын "Бақылау комиссиясына" тапсырады, комиссия өз тарапынан тапсырушының шағымын орынды және белгілі шара қолдану керек деп тапса, бақылау комиссиясы сол шағымды "Тәртіптілік комиссиясына" тапсырады. Олар оз кезегінде тәртіп сақтау жүйесінде жаза шығарады. Тапсырушылардың шағымы күрделі болған жағдайда "Бақылау комиссиясы" ол шағымды "Бірлескен тәртіптілік палатасына" тапсырады. Олар өз кезегінде тәртіптілік жаза қолданады. Тапсырушылар "Бірлескен тәртіптілік палатасының" шешіміне келіспеген жағдайда, одан ары өз шағымын "Аппеляциялық комиссияға" тапсыруға құқысы бар. Аппеляциялық комиссияны бірлескен тәртіп палатасы құрайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет