2. Операциялық аудит
Жалпы жағдайда бизнестiң қаржы-зкономикалық тұрақтылығы операциондық аудит әдiстемесiнің маңызды элементтерi болып төменде келтiрiлгендер бола алады:
1) клиенттiң бизнесiмен танысу мен оның iс-әрекетiнiң негiзгi көрсеткiштерi деңгейiн алдын ала шолу;
2) iс-қызмет процестерi мен циклдерiне операциялық тексерiс жүргiзудiң бағдарламасы мен күтiлетiн жұмыс жоспарын әзiрлеу;
З) аудиторлық тәуекелдiлiктiк елеулiгi мен деңгейiн бағалау;
4) бизнестiң жағдайы жайлы ақпараттың анық сенiмдiлiгiн тексеру мен жинау,өңдеу;
5) бухгалтерлiк есеп пен субъектiнiң iс-қызметiн iшкi бақылау жүйелерiндегi болуы ықтимал «күрделi нүктенi» бағалау;
6) бизнестi басқару жүйесiнiң оңтайлы‚ ұйымдастыру аудитi:
7) жабдықтау, өндiрiстiк және қаржы-өткiзу iс-қызметiнiң функционалды аудитi;
8) жабдықтау, өнiм, жұмыс және көрсетiлетiн қызмет өндiрiсi мен өткiзу процестерiн ұйымдастырудың тиiмдiлiгiне факторлық талдау;
9) өнiмдi өткiзу, кiрiс алу, ресурстарды алу мен жұмсау циклдерiне арнайы аудит;
10) тексеру нәтижелерiн жинақтап қорыту, тұжырымдарды қисындастыру, резервтердiң жиынтық бағасы мен бизнестiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.
Операциондық аудиттiң әрбiр элементi мен кезенiнiң өз әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етiлуi, бағдарламасы
мен процедуралардың мiндеттi тiзбесi болады. Талдаушы процедураларға көбiне қорытындылайтын қаржылық коэффициенттердi есептеу кiредi, бұл әр түрлi пайдаланушылар тұргысынан болатын құбьлыстар арасындағы өзара байланысты тусiнуге көмектеседi.
Операциондық аудиттiң функционалдық. ұйымдастырушылық және арнайы сияқты ерекше түрлерiн қолдану қосымша талдау мен аудиторлық тестiлеуге тистi ықтимал проблемалар саласын терең зерттеу мен ұксастандыруға мүмкiндiк бередi.
Ағымдағы активтердiң функционалды аудитiн өткiзгенде мәлiметтердiң сол ресурстарын сатылық және циклдiк қозгалысы бойынша толықтығы мен анық сенiмдiлiгiне көңiл аударған жөн. Ағымдағы активтердiң айналымдылығы компания кызметiнiң үш: жабдыктау, өндiрiстiк және қаржы-өткiзушiлiк сатыларын қамтиды. Осыған орай, аудитор iс-кызметтiң тексерiлетiн процестерiнiң әрбiр саласында ағымдағы активтердi калыптастыру мен пайдалану туралы акпараттың анық сенiмдiлiгiн айқындауы тиiс.
Ұйымдастырушылық аудиттi еткiзу компанияның функционалды және желiлiк бөлiмшелерiнiң iс-кызметiн жоспарлаудың, ұйлестiрудiң және реттеудiң жағдайын анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұл оның активтерi мен капиталын тиiмдi калыптгастыруға және қолдануға жол ашады. Сонымен бiрге, шаруашылық есептiң барлық турлерiнiң оныц ішiнде, бухгалтерлiк статистикалық және жедел-техникалық мәлiметтер мүмкiндiгiнше толық жиналып, зерттелуi тиiс.
Кешендi сипаттағы қаржылық есеп беруде бiрдей шаруашылық операциялардың әрқилы, аспектiлерiн көрсететiн мәлiметтерге ерекше кеңiл бөлген жөн. Мысалы, бухгалтерлiк баланста ұсынылған мәлiметтер «Табыстар мен шығыстар туралы есепте» бар мәліметтердi толықтырады және керiсiнше.
Операциондық аудит пен бизнестің жагдайын талдау үшiн ең мол акпаратты форма кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы болып табылады. Ол субъектiлердiң бар активiн, меншiктi капиталы мен мiндеттемелерiн корсетедi, олар бизнестi тиiмдi жургiзудi анықтауға тiкелей байланысты маңызды элементтер ретінде кызмет етедi.
Балансты окымас бҰрын оның ҚЕХС (Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары) мен бухгалтерлiк есептiң отандық стандарттар талаптарына сай жасалған дұрыстығына, аралық және жалпы корытындыларды, баскадай тура және жанама бақылау аракатынастар көрсеткiштерiн есептеу мен өлшем бiрлiктерiнiң бiркелкiлi мен дәлдiгiне көз жеткiзу қажет. Дедуктивтiк әдiске сүйенгенде, кешендi операциондык аудитгi қаржылық есептiң мәлiметтерiн және баска түрлерiн қатыстыра отырып, кезең басындағы, жоспарлы балансы және өткен жылдардагы балансы бар, шаруашьлык iс-кызметтің өзгерген қажылық нәтижелерiмен жасалған баланс қорытындысын өзгерту қарқынын жалпы бағалаумен салыстырудан бастауға болады.
Операциондық аудiтте қаржылық есептiлiктi түсiндiрудiң (интерпретация) озық тәсiлдерi — көлденең (горизонталды), тiк (вертикалды), трендiлiк және факторлык талдау кеңiнен колда- нылады. Көлденең талдаудың басты ерекшелiгi — абсолюттi баланстық көрсеткiштердiң өсуi мен төмендеуiнiң салыстырмалы жылдамдығын қатыстыра отырып, бұл немесе бiрнеше аналитикалық кестелер кіру болып табылады. Көлденең талдау процесiнде белгiлi бір кезең үшiн баланстыстар түрлi баптарының абсолютте және салыстырмалы өзгерiстерi анықталады және бағаланады. Көлденең талдаудың нұсқасы даму тенденциясын талдау (трендiлiк талдау) болып табылады, мұндайда активтердiң, меншiктi капиталдың және есептi кезең мiндетемелерiнiң, әр-бiр позициясы бұрын болып өткен кезеңдермен қатар салыстырылады және тренд, яғни кездейсоқ ыкпалдан тазарған және кезеңнiң жеке ерекшелiктерiнсiз, қаржылық есеп берудiң бұл элементгерi мөлшерiнiң өзгеру қаркынының негiзгi тенденциясы айкындалады.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қаржылық жағдайын бағалау үшiн салыстырмалы көрсеткiштер түрiндегi қаржылық есептiлiк‚ ұсынуға мүмкiндiк беретiн активтердi, мiндеттемелердi және меншiктi капиталды тiк (крылымдык) талдаудың маңызы да кем емес. Құрылымдык талдаудың мақсаты — баланс қорытындысында жеке баптардың үлес салмагын есептеу және оның өзгеруiн бағалау. Тiк (вертикалды) талдаудың көмегiмен инфляциялык, аймактық және бизнестiң тиiмдiлiгiне басқадай
әсердi бәсендету арқылы аралық шаруашылық, салалық және елдiк салыстырмалы салыстырулар жүргiзiледi.
Кешендi операциондық аудиттi және субъектiлердiң iс-қызметiнiң тиiмдiлiгiн талдау белгiлi бiр сәттегi қаржылық жағдайды мақсатқа сәйкес жалпы бағдарлаудан бастаған жөн. Iшкi шаруашылык және фирма-аралық талдау жалпы кабылданган салыстырмалы коэффициенттер есебiмен бiрге жүргiзiледi. Бәрінен бұрын мiндеттемелер мен меншiктi капитал арасындағы арақатынастар, қамтамасыз ету мен активтер кұрылымын аныктайды.
Факторлык талдау тасiлдерiнiң негiзiнен шаруашылык жүргiзушi субьектiлер iс-қызметiнiң даму келешегi мен тәуекелшiл деңгейін болжау багасы жасалады. Аудитор қойылган сұрактарга негiзгі жауаптар беруге, бизнестiң тиiмдiлiгiн арттыруға мумкiндiк беретiн жағымды факторлар үшiн жағдай жасап, жагымсыздарын жою женiнде ұсыныстар әзiрлеуге тиiс.
Коммерциялык уйымның каржылык-экономикалык жагдайна алдын-ала шолу олардың табыстылығын айкындаудан басталады. Табыстылық деңгейi ең бастысы сату көлемiне жаңе өнiм, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет өндiрiсiнiң шығындарына байланысты.Нарык жагдайында табыстылык көрсеткiштерi компанияның төлемге қабiлетгiлiгiне, өтемдiлiгiне және каржыльк тұрактылыгына әсер етедi. Мысалы, каржылык турактылыктың және төлемге қабiлеттiлiктiң көрсеткiштерi бiрiн-бiрi толыктыра келiп, шаруашылык жургiзушi субъектiнiң өткен, ағымдагы және келешектегi кеэендегi каржылык жагдайы мен экономикалык әлеуетiн колданудын тиiмдiлiгiн толык багалауга мумкiндiк бередi.
Нарыктык экономика елдерiнде жеке баланстык корсеткiштер, топтык нәтижелер мен тутастай баланс қорытындысының аракатынастарын өлшеудiң белгiлi бiр ережелерi калыптасты. Актив көлемi мен олардың қалыптасу көздерiнiң шамасы компанияның каржылық жагдайының тұрактылығын айкындайды. Корлардың және калыптасу көздерi шыгындарының қамтамасыз етiлуi каржылык турактылықтың мәнiн ашып көрсетедi, оның төлемге қабiлетгiлiгi сырткы түрi болып шыгады.
Компанияның қаржылық турактылыгын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерiнiң бiрi — меншiктi капиталдың барлык каржысының жалпылай жиынының үлес салмагы болып саналады. Бул көрсеткiш «автономия (даралык) коэффиценть> атауын алды. Соган карап кәсiпорынның қарыз капиталына қаншалықты байлынысты екендiгiн пайымдайды. Субъсктiнiң меншік каражаты кем болган сайын ол нарыктык экономиканың «ойда жок сыйлыктарын» қасқая қарсы алады.
Қаржылык тұрақтылык жиынтык капиталдың құрамымен ана емес, оның компания активiнiң жеке элементтерiне дұрыс салынгандыгмен сипатталады. Шаруашылық жүргiзушi субъекгiлердiң қаржылық тұрактылығын бағалау тұрғысынан икемдi жұмылғыш, таза қаржының мөлшерi икемдi қаржы мен кыска мерзiмдi борыш арасындағы айырым ретiнде белгiленедi. Бул есептеу егер барлык кыска мерзімдi борышты бiрден өтесе, кәсiпорын айналымында не калады деген сұраққа жауап бередi.
Меншiктi айналма капиталын есептеп шыгару компанияның акшалай каражатының бiраз белiгi мен кұнды кагаздар калдыгы ұзак мерзiмдi карыз капиталы есебiнен жабылуына жол бередi. Мұндайда негiзгi капиталдың едуiр белiгi де узак мерзiмдi карыз капиталы есебiнен куралады. Бул шарт меншiктi айналма капиталын колданудын негiзгi өндiрiсiн аныктайды. Онымен өндiрiстiк корлардың және өнiм сатып алушылармен есеп айырысудың негiзгi белiгi жабылады.
Алайда, кәсiпорынның меншiктi айналым капиталының едуiр сомасы бар болса және аса кажеттi жағдайда оны негiзгi капиталга салымды улғайту жағына карай кайта бөлудi аткаруга болады. Сол себептi, аудитор маневрлiк коэффицентгiн кемегiмен меншiктi капиталдың жалпы сомасындагы айналма капиталынын улестiк салмагын айкындау жолымен меншiктi капиталды бөлу кұрылымын багалайды, мұндайда компаниянын меншiктi каражатынын кандай белiгi икемдi (мобильдi) сипаттағы құндылыктарға тагайындалмаганын және оның азды-көптi еркiн маневр жасауга мумкiндiк беретiн формада турганы жайлы сұраққа жауап алады.
Достарыңызбен бөлісу: |