9. Аудитте талдау тәсілдерін пайдалану
1. Аудиттің іс құжаттарында және қаржылық есепте талдауды пайдалану.
2. Коэффициенттерді талдау және шешім қабылдау
Аудиттің іс құжаттарында және қаржылық есепте талдауды пайдалану
Ұсынылатын операциондық аудит пен бизнес-ұйымдардың қызметiн қаржы-экономикалық талдау әдiстемесiнде мыналардың маңызы зор:
• бiрiншіден, бизнес-ұйымдардың активтерiне салынған қаражатын жалпы жиынтығындағы негiзгi капиталдың үлес салмағын анықтау, өйткенi бұл көрсеткiш оның кәсiпкерлiк iс-кызмет ауқымын бағалауда маңызды бағдаршы кызметiн аткарады;
• екiншiден, негiзгi капиталга салынган каржының босатылу интенсивтiлiгiн айныктайтын ұзак мерзiмдi активтердiң бастапкы кунына тиiстi амортизация есебiн шыгаруга соманың катынасы;
• үшiншiден, таза икемдi қаржынын айналма каржының жалпы шамасына катынасы, бұл икемдi қаржы қурылымының, яғни бизнес ұйымдарының ағымдағы кызметi барысындагы ең жиi өзгерiстерге ұшырауға бейiм баланс активi бөлiгiнiң тұрақтылығын сипаттайды.
Бизнестiң қаржы-экономикалық тұрактылығын алдын ала бағалау шаруашылық жүргiзушi субъектiлер iс-қызметiнiң нақтылы салаларындагы ғылыми-практикалық әзірлеме негiзiнде белгiленген, салыстырмалы көрсеткiштердi есептеу мен олардың iс жүзiндегi деңгейiн кейбiр «төтенше» мәнiмен салыстыру жолымен жасалады.
Аудиторлық талдау тәсілдері – бұл тексеріс барасында мәлімет алу мақсатында аудитордың нақты қызметі. Мақсатына қарай процедуралар тәуелсіз тестер және сәйкестігіне байланысты тестерді қолданумен орындалады.
Сәйкестігіне байланысты тестер орнатылған нормалар бойынша ішкі бақылау процедуралардың сәйкестігін анықтау мақсатында, тексеріс бары-сында қолданылады.
Аналитикалық – айырысу тәсілі - экономикалық анализдеудің дәстүрлі тәсілі, аналетикалық тексеріс, статистикалық және экономикалық математикалық әдіс.
Құжаттық методикалық тәсіл – ақпараттық – моделдеу, нормативтік – құқықтық реттеу, есеп құжатарының тексерісі.
Жалпылау - бұл тексеріс нәтижесінде резюме жасалынатын тәсіл.
Түгендеу - бұл негізгі қорлардың, тауарлы - материалдық құндылықтардың, ақша қорларының және айырысу жағдайларының нақты қалдығын тексеру тәсілі және олардың белгілі бір мерзімдегі бухгалтерлік есепке сәйкестігі.
Эксперттық баға - бұл анрайы мамандардың орындалған жұмыстың көлемін және сапасы, материалдық шығындардың нақтылы және дайын өнімнің шығуы, тауарлы - материалдық құндылықтарды сақтау және транспортирлеу кезінде шығынның, нормасы, технологиялық режимдердің сақталуы, өнімнің мемлекеттік стандартқа және техникалық шарттарға сәйкестігі негізінде жүргізілетін нақты бақылау түрі.
Визиуалдық бақылау - бұл цехтарда және учаскелерде жұмыс орындарында еңбек ұйымын, тауарлы - материалдық қорлардың қоймаларда сақталуын, өткізу жүйесінің жағдайын, материалдарды және дайын өнімді кіргізу және шығаруды бақылау жөніндегі нақты бақылаудың түрі.
Әрбір жұмыс құжатында мынандай параметрлер: тақырып, клиенттің аты; құжаттың дайындалған күні құжатты дайындаған жұмыскердің аты - жөні сияқты болуы тиіс. Сәйкес файлдарды топтастыру үшін жұмыс құжаттарында индекстер қойылуы тиіс.
Аудит шеңберінде жасалынған жұмыс нақты және түсінікті түрде дайындалған жұмыс құжаттарында көрсетліуі тиіс. Әрбір құжаттар өзінің дайындалған мақсатына жету үшін жеткілікті түрде ақпараттар болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |