Бар елде ғана қалана


Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті



бет39/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті.

Жұмысшылар мен қыметкерлерге еңбекақы төлеудiң тексерудің негiзгi мiндетi — еңбекақы төлеуде нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап калу мен еңбекақы телеуде бухгалтерлiк есептi жүргiзудi дұрыстығын тексеру болып табылады.


Бақылау барысында қолданылатын ақпарат кездерi болып «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебi және еңбекке ақы төлеудi есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс iстеген уақыт есебi табелi мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемдi есептеу, нормативтi құжаттар, бұл операцияны реттейтiн ҚР «Еңбек туралы» заңы, Қызметкерлердiң еңбегi мәселелерi жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстар, олардың орташа еңбек ақысын есептгеу тәртiбi жөнiндегi нұскаулық және т.б. басшылыққа алынады.
Қызметкерлермен еңбекке төлеу бойынша есеп айырысушыларды тексерудi әр айдың бiрiншi күндегi 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп керсеткiштерiнiң және бухгалтерлiк баланстағы, бiр уақытгағы Бас кiтаптағы жазулармен сәйкестiгiн анықтап, бастаған жөн. Бұл үшiн Бас кiтаптағы қарастырып отырған айлардың бiрiншi күндегi 3350 тiзiмдемесiнiң ведомостiнiң жиынтық сомасымен (берiлетiн) кәсiпорын балансындағысымен салыстыру қажет.
Айырмашылық табылғанда олардың себептерiн анықтау керек. Сондай-ақ мәлiметтердi депозитке салынған еңбекақы есеп кiтабы көрсеткiштерiмен салыстыру керек. Сосын бастапқы құжаттардың анық сенiмдалiгiн, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбектi өтеудiң басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативтi кұжат талаптарына сәйкестiгi тексерiледi.
Еңбектi уакыт бойынша төлеуде тарифтiк мөлшерлеме немесе мәмiле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесiмдi төлеуде — жұмыстың сандық және сапалық көрсеткiштерiн орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дрыстығы тексерiледi.
Еңбек пен оны төлеу есебі жөнiндегi бастапкыь, кұжаттарды тексергенде орындалған жумыс есебi үшiн жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар-жоқтығын, барлық деректемелердiң толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшiрiлген (ескертiлмеген) түзетулердiң бар-жоғын т.б. аныктайды.
Жұмыс уақыты мен нарядтар есебi табельін, сондай еңбектi төлеудi есептеу жөнiндегi бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған (жасанды) тұлғаларды кiргiзу жағдайлары бар-жоқтығын анықтау қажет. Бұл үшiн оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебi табельдеріндегі жұмысшылардың аты-жөндерiн жеке кұрам есебiнiң және төленген сомалар туралы мәлiметтерімен салыстыру керек.
Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар-жоқгығын, бiр адамның аты-жөндерi бiрнеше есептеу-төлемдiк тiзiмдемелерде (ведомостерде) қайталануын тексеруде маңызды. Кәсіпорынның тiзiмдiк құрамында жоқк, аз уақыт жұмыс iстеген адамдарға жазылган нарядтарға, сондай-ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аударған жөн.
Бастапқы құжаттар мен есептiк тiзiмдемелердi тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңiл бөлу керек.
Аудиторлық тексерудiң жүзеге асатын одан әрi кезеңдерi мыналар:
• төлемдi есептеудiң дұрыстығын iрiктеп тексеру;
• жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты қосымша ақыны ресiмдеу тәртiбi;
• құжаттық ресiмдеу мен iркiлiс төлемi;
• өнiмнiң ақауын кұжатпен ресiмдеу мен оны төлеу;
• түнгі мезгiлдегi жұмысқа косымша ақы;
• жұмыстан тыс уақыттағы еңбектi өтеу
• мерекелiк күндердегi жұмысқа төлеу;
• iс жүзіндегi заңнамада карастырылған (еңцбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу және т.с.с.) жұмыспен өтелмеген уақытка төлем есептеу;
• уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу
• жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.
Заңнамаларға сәйкес жалақыдан мыналар ұсталады: жеке табыс салығы, зейнетақы қорына аударымдар, бұрын берiлген аванс бойынша берешектi, сондай-ақ арифметикалық қате нәтижесiнде артық төленген соманы өткiзуге; есеп беретiн сома бойынша берешектi өтеуге; пәтерақы, баланың мектепке дейiнгi балаларға мекемеде тәрбиеленгенi үшiн, еңбеккерлердiң кәсiпорынға келтiрiлген материалдық зиянның орнын толтыруға; ақшалай начеттар (заңсыз жұмсаған қаржыны бiреудiң мойнына жазу); несиеке сатып алынған тауарға; газет пен журналдарға жазылғаны үшiн; орындалатын (үкiм) кұжаттар бойынша, өнiм ақауы үшiн. Жалақыдан басқа ұсталымдар еңбеккерлердiң келiсiмiмен ғана ұсталады.
Жеке табыс салығы ҚР «Салықтар және бюджетке мiндеттi басқа төлемдер туралы» Кодексiмен белгiленген тәртiп пен мөлшерде ұсталынады /5/.
Зейнетақы жарнасын ұстауы және төлеу қызметкердiң ай сайынғы табысының 10% мөлшерiнде жүргiзiледi.
Қарызға алынған тауарлар үшiн ұсталымдар азаматтарға ұзақ пайдалану үшiн несиеге тауарлар сату ережелерiнде қарастырылған тапсырма-мiндеттеме негiзiнде жасалады.
Қызметкерлер келтiрiлген материалдық зиянның орнын толтыру үшiн ұсталым кәсiпорын бойынша (еңбеккерлердiң келiсiмi болғанда) бұйрық негiзiнде не болмаса сот шешiмi бой ынша атқарылады.
Тексеру қорытындысында мыналарды анықтау қажет:
• шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;
• жеке төлемдердi өнiмнiң (жұмыстың, көрсетiлген кызметтің) өзiндiк құнына жатқызудың дұрыстығы;
• бухгалтерлiк өткiзбе желiлерi (проводкаларды) еңбектi өтеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;
• синтетикалық және аналиткалық есептi, жиынтык мәлiметтердi және еңбекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлiк есеп беру формаларын толтыруды жургiзудiң дұрыстығы
• 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты арқылы орындайтын (үкiм) қағазы және депозитке салынған еңбекақы, 8,10 журнал-ордерлердегi (есептiң журнал-ордерлiк формалары) жазбасы, Бас кiтап пен баланс жағынан аналитикалық есеп жазбаларына сәйкестiгi.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет