3. Аудит жүрзгізудегі обьекті бойынша және циклдік амалдар.
Аудитті сегменттеудің бірнеше әдістері бар. Әрбір шоттың сальдосын жеке сегмент ретінде қарастыруға болады. Бірақ мұндай сегменттеу тиімсіз. Сондықтан аудитті бір-бірімен байланысты операцияларды көрсетілетін шоттары бойынша цикл бойынша жүргізу тиімді. Бұл циклдік амал деп аталады. Мысалы, өнімдерді сатумен тиеуге байланысты операциялары қолма қол ақшаны алуға байланысты квитанцияларды толтыру, дебиторлардың көптеген шоттары сатумен табыс алуға байланысты. Сол сияқты төлем ведомостерімен еңбекақы есептеуге байланысты есептеулер еңбекақыны ұйымдастырумен төлеуге байланысты.
Бұл циклдік амалдың логикасын шаруашылық операцияларын есеп регистрлеріне, одан соң олардың нәтижелерін Бас кітаппен қаржылық есепке тіркелу бойынша түсіндіруге болады.
Шаруашылық операцияларын сегменттерге бөлу экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметіне , қолданылатын БЕ және құжатайналым жүйесіне байланысты.
Циклдік амалдың негізі - капитал айналымы. Мысал ретінде, өндірістік кәсіпорынын алайық. Кәсіпорын ашу үшін жарғылық капитал қалыптастырылады, (ақшалай, материальдық активтер түрінде). Бұл ақша шикізат, материал,НҚ мен басқадай активтер алуға жұмсалады. Есеп айырысу операциялары жүргізіледі. Бұл циклды сатып алу циклы д.а. Алынған ҚОРЛАР өңдеу үшін өндіріске жіберіледі. Өнімді өндіру үшін белгілі шығындар жұмсалады (өндіріс циклы). Ары қарай дайын өнімді сатады, шот-фактура толтырылады, төлемдер алынады (сату және табыс алу циклы басталады). Осылайша, алынған ақша қаражаттары дивидендтермен пайыздарды төлеуге және жаңа циклдарға пайдаланылады.
Кейбір бухгалтерлік шоттардың бір емес, бірнеше циклды өтетінін ескеру керек. Оларға ақша қаражаттары, дебиторлар шоттары, ҚОРЛАР т.с.с жатады. Мұның барлығы циклдар арасындағы белгілі байланыстарды көрсетеді.
Шаруашылық операцияларын циклдерге бөлу аудит барысында екі жақты жазу принципіне негізделген тестілеу әдісін пайдалануға мүмкіндік береді.
Екі жақты жазудың ерекшелігіне байланысты, шоттың кредиті бойынша қателермен жазылмай қалулар корреспонденцияланатын шоттың дебеті бойынша да жетіспеушілктерді көрсетеді. Аудитор бір шоттың дебетіне тестілеу әдісін пайдаланса, корреспонденцияланатын шоттың кредиті бойынша да тест жүргізеді. Осылайша, типтік өткізбелерді тестілеу әдісі аудитті жүргізуде шығындарды, уақытты оптимизациялауға мүмкіндік береді.
Объектілік әдісте аудиттің сегменттері БЕ объектілерімен сәйкес келеді, және шаруашылық операциялары аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін жекеле тестіленеді.
Сонымен әрбір шаруашылық операциялары аудиті аудиторлық дәлелдемелерді алу үшін БЕ шоттарының белгіленген критерийлерге сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі. БЕ әрбір шоттарының Аудиті аяқталған соң алынған нәтижелерді қорытындылау үшін олардың арасындағы байланысты талдау қажет. Әрине, Аудиттің бұл вариантын рациональды дей алмаймыз, себебі бір қаржы – шаруашылық операциялары аудиторлар тобының мүшелерімен қайталанып тексерілуі мүмкін.
Экономиканың нақты секторындағы көптеген компаниялар үшін неғүрлым маңыздыл циклдар:
1. Сатып алу циклі (алу мен дайындау), кредиторлық борыштың пайда болуына әкелетін тауарлық-материалдық құндылықтарды дайындау мен айналымнан тыс активтерді құру және алу жөніндегі шаруашылық операцияларды біріктіреді.
2. Өндіріс цикліне еңбек құралдарын (материалдық емес активтер мен негізгі құралдар), (қорларды) және өнімді дайындау мен шығару үшін еңбектің өзін (өндірістік-шаруашылық жұмыстарын орындау мен оларға төлеу) өндірістік тұтыну бойынша шаруашылық операциялары кіреді.
3. Өткізу мен табыс табу циклінде дайын өнімді өткізуге, дебиторлық борыштың пайда болуымен және қаржылық қорытындыларды жасаумен байланысты операциялар бар.
4. Қаржылық-инвестициялық цикл активтерді алу, инвестициялау, бағалы қағаздарға немесе басқа кәсіпорындарға салу, дивиденд пен пайыз алу жөніндегі операциялар.
5. Төлеу цикліне ақша қозғалысына, дебиторлық және кредиторлық борышты ақшалай төлеу жолымен де, өзара талаптарды есепке алу немесе бартерлік операциялар арқылы да өтеуге байлынысты шаруашылық операциялары жатады.
1-сурет. Аудитті жүргізу кезеңдері мен циклдары
Бақылау жүйесінің тиімділігі көбіне есепті мерзімнің аяқталуына дейін бағаланады, бұл аудиторларға әрбір цикл бойынша бақылаудың сапасын бағалауға, тестілеу процедураларын жүзеге асыруға және жыл соңында орындалатын тексерудің алдын-ала бағдарламасына өзгерістер еңгізуге мүмкіндік береді. Кейіннен аудиторлық жұмыстың жоспары жасалады. Сонымен бірге әрбір циклдің жалпы және арнайы бағыттары бойынша тексерістің нақтылы процедураларын анықтайды.
Өткізу циклін бақылау мен кірістерді алу тиімділігін бағалаған кезде мыналардың барысында жүзеге асатын шаруашылық операциялары қарастырылады:
а) тапсырыстарды қабылдау;
ә) несиелер беру;
б) тауарлар мен қызметтер ұсыну;
в) тұтынушыларға шот көшірмелерін беру;
г) борышты (мерзімі өткен шоттарды) төлету;
ғ) ақшалай түсім алу.
Шығарылатын өнім тұтынушыларын айқындап алу, қаржыландыру көздерін, ақша алуды, айналымнан тыс актив қорларын сатып алуды, еңбек пен материалдардың дайын өнімге айналуы, оларды өткізу мен табыс алуда циклдік тәсілді қолдану қолайлы екендігін атап өткен жөн (1-сурет).
Әдетте тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу процесіне қызметтің мынадай түрлері кіреді: сатып алушылардың тапсырыстарын алу мен тіркеу; несие мен тауарларды жөнелту жағдайларын белгілеу; тапсырыстарды орындау (тауарлар жөнелтуді тіркеу немесе көрсетілетін қызмет ұсыну) туралы белгі кіреді.
Аудитор кірістік операцияларды көрсетуде қолданылатын бухгалтерлік есептің жүйесін, сондай-ақ бақылау әдістемесін талдағанда негізінде сауда операциялары санкцияланғанын және тиісті тәртіппен тіркелгенін, яғни бақылау мақсаттары орындалғандығын растайтын процедураларға көңіл бөледі.
Әкімшілік сатып алушыларға берілетін несие мөлшерін анықтайды; тиісті тәртіппен бұл туралы ақпарат береді; оның орындалуын бақылайды. Әрбір компанияның несие мөлшерін анықтау, баға белгілеу сияқты процедуралардан тұрады. Тұрақты, сенімді сатып алушылардың тапсырыстары, несиенің белгіленген мөлшерлерінен аспаса, автоматты түрде орындалады. Несие бөлімі жарияланатын ақпарат немесе қаржылық есепті сұрауы арқылы сатып алушылардың тұрақты қаржылық жағдайына көз жеткізеді. Осылайша жаңа сатып алушылардың несие қабылеттілігі тексеріледі. Көптеген компаниялар несиені үлғайтпастан бұрын және несиелік чек жазбас бұрын ең аз шамадағы соманы белгілейді. Кез келген жағдайда несиеге санкция әдетте несие бөлімі бастығының немесе басқа жауапты адамның жазбаша түрдегі рұқсатымен беріледі.
Барлық қажетті рұқсат алынғаннан кейін тауарды жөнелту немесе оларды өндіру туралы шешім қабылданады.
Тауарларға тапсырысты қабылдау әдетте мынадай кезеңдерден өтеді: тапсырыс, дайындау, орау және жөнелту, Олар жөніндегі нұсқаулықтар бір немесе бірнеше бланкіде берілуі, қолдан рәсімдеу немесе принтерде басылуы мүмкін. Тапсырысты орындау процесінде, мысалы, тауарды сатып алушының қалауы бойынша жіберілсе, бірнеше кезеңде дайындалуы мүмкін. Сатып алушының арнайы тапсырысы бойынша дайындалатын тауарлар үшін қосымша жұмыстар жасалуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сатып алуышының тапсырысы қолда бар дайын тауар қорынан, заводтағы өндірістік тапсырыс немесе жабдықтаушылардың тапсырысы арқылы орындалады. Мұндай жағдайларда көліктік жүкқұжаттарды (накладнойларды) әдетте тапсырысты орындау үшін тауардың бар екенін анықтау мақсатымен негізгі инвесторлық карточкамен салыстырады. Мұндай салыстыру тапсырысты алудан бұрын жасалады.
Аудиттің өткізу циклі мен табыстарды табу мақсаттарына жетуі бақылау көбіне өндіріс циклін тексеру процедураларымен сәйкес келеді. Өндіріс циклінің аудиті ең күрделі және көп еңбек сіңіруді қажет етеді, іс-тәжірибесі жүзінде әркашан клиенттің саласы мен бизнесіне байланысты өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан өндіріс цикліне тексеруді ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік процестердің, басқару процедураларының, шаруашылық түсіну маңызды.
Барлық жіберілген жүктерді тіркеуді хронологиялық тәртіппен жазылған немесе алдын ала көшірілген көліктік жүкқұжаттармен расталады. Жіберілетін мерзімі өткен тапсырыстардың жеке есебі жіберілген ретінде әлі белгіленбеген санкциялы тапсырыстарды анықтауға көмектеседі.
Көптеген жағдайларда шот-фактура буып-түю, орау және жөнелту процестері толық біткенге дейін жазылмайды, ондайда көліктік жүкқұжаттың көшірмесі негізгі құжат болып қызмет етеді. Кез келген жағдайда бақылау әдістемесінің түйіні аяқталмаған операцияларды анықтау мен қарау үшін материалдары бар папкілерді әрбір бөлімнің өз жұмысын орындауы туралы белгілерді салыстырады. Тексеру барысында аудитор ішкі бақылаудың, мысалы, сұраулар тізімі сияқты қосымша жұмыс құжаттарын жасайды
Ішкі бақылаудың сұраулар тізімінде осы жүйеге тән сұрақтар мен жауаптарға арналған бағаналар («қолданылмады», «иә», «жоқ» және аудитор белгісі) болады. «Жоқ» деген жауап бақылаудың осал жақтарын көрсетеді. Бухгалтерлік есептің нақтылы тәртіпке салынған жүйесінде немесе шаруашылық операциялары циклдерін тиімсіз бақылауда шот-фактуралардың көшірмесі мен қорытындыларды шығару жөнінде жағдайды едәуір бұрмалау пайда болуы мүмкін. Сатып алу мен өнімді өткізу циклдары аудитінде мынадай жағдайлар туындауы мүмкін:
- шоттар жазылмаған, тиелмеген тауарлар кірістермен, дебиторлық борышты кемітуге әкеледі;
- санкцияланбаған тиелімдерде сату берешегінің пайда болына душар етеді;
- шот-фактуралардағы байқамаған қателер кірістерді, дебиторлық және кредиторлық борыштарды кеміту немесе ұлғайтуды туындатады;
- операцияларды синтетикалық және аналитикалық есепте тіркеудегі қателіктер тиісті қалдықтарды бұрмалауға әкеледі.
Сондай-ақ қорытындыны шығарудағы қателіктер дебиторларды шоттары бойынша борышты өндіру немесе жабдықтаушылар мен кредиторлар алдындагы өздерінің міндеттемелерін уақтылы өтеу мүмкіндіктеріне әсер етеді.
Сатып алу циклі шығыстардың ең ірі циклінің, ақша мен капитал жинақталатын мәліметтердің барлығының бөлігі болып табылатындықтан, оларды орындау міндеттемелер де туындайды, онда алғашында сатып алу, иелікке алу және жұмсау циклінің аудиті негізгі мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін іріктемелі тексерулер жүргізіледі.
Сатып алу және жұмсау циклінің аудиті болуы мен көрсетілуі, құқықтар мен міндеттемелер, бағалау немесе бөлу, ұсыну мен ашып көрсету сияқты қаржылық есептің сапасын айқындау принциптері мен белгілеріне (критерийлері) сәйкес бейімделіп, жүргізіледі.
Операцияның «толықтық» белгісіне (критерийіне) сәйкестікті анықтау үшін, сонымен бірге, мыналарга көз жеткізу қажет:
а) жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебінің шоттарында көрсетілген міндетемелер кәсіпорынның жабдықтаушыларға берешек актив пен қорлардың нақты, толық көлемі болып табылады;
ә) қаржылық есепте іс жүзіндегі иелікке алынған ұзақ мерзімдік активтер мен қорларының барлығы көрсетілген;
б) негізгі құрал материалдық емес активтер мен қорлар объектілерін кіріске алу олардың түсуі нақты іс жүзінде болған есепті кезенде көрсетіледі;
в) есептің толықтық пен дұрыс жасалу талаптары сақталады;
г) түгендеу барысында анықталған активтер мен міндеттемелер жағдайындағы ауытқуышылықтар бухгалтерлік есепте толық көлемде көрсетіледі.
Шаруашылық операцияларының әрбір циклі бойынша аудиттің белгілі бір мақсаттарына жету деңгейі де осыған ұқсас анықталады. Аудиттің қабылданған бағдарламаларына сәйкес кәсіпорын іс-әрекетінің кейбір операциялары немесе учаскелері тұтас немесе іріктемелі тәсілмен тексеріледі. Мәселен, тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін төлемді алу сатысында ақшалай қаражатты корғау бақылаудың маңызды мақсаты болып табылады.
Бұл мақсатқа жетуге бағытталған бақылаудың процедуралары ақшаның банкке немесе тікелей компанияга түсуіне байланысты.
Егер ақша компанияға почтамен жіберілсе, онда ол чек түрінде келеді, қолма-қол ақша немесе чектерді тексеруші, не болмаса, сатушы қабылдайды. Клиенттің банк арқылы көбіне есеп шотқа аудару немесе телеграфтық аударыммен жүзеге асады.
Көптеген банктер қолма-қол ақшаның қозғалыс уақытын қысқарту үшін есепшотқа ақша аудару жүйесін ұсынады, осылайша компанияда болатын қаржыны молайтады. Сатып алушылар өздерінің аударымдарын салымдар тіркелетін банкке жолдайды. Ағымдағы есеп шот компания қызметкерлерінің (персоналы) оған рұқсаты болмағандықтан, ақшалай түсімнің сақтауын қамтамасыз етеді.
Ақшаны телеграфпен аударуда қолма-қол ақша да, чектер де қолданылмайды. Клиент аударымның (соманы және банктегі шот нөмірін) өз банкіне хабарлайды. Алушы-банк, яғни компанияның банкі, компанияға аударым туралы хабарлайды. Мұндай аударымдар әдетте үлкен сома айналысында қолданылады. Қолма-қол ақшаның қозғалыс уақыты едәуір қысқарады: әдетте қаражат компанияның қарауына аударылған күні түседі.Осылайша қолма-қол шотқа ақша аудару жүйесі сияқты телеграфтық аударым да ақшалай түсімнің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді.
Алынатын сома мен тіркелетін шоттардың кассадан тыс қысқартулары жеңілдік болып танылады. Кейбір компанияларда жеңілдіктер тұрақты клиенттер үшін берілгенде оларды санкциялау мен тіркеу жақсы жолға қойылған. Процесті компьютерлендіруде жеңілдіктердің шарттары мен мөлшерлері ақшалай түсімді қабылдау сәтінде негізгі файл бойынша тексеріледі. Қажетті түзетулерді зерттеу мен енгізу үшін санкцияланбаған жеңілдіктер туралы жеке есеп дайындалады.
Әдетте сатып алушының шағымын бағалауға негізделген сапа бойынша жеңілдіктер де кездеседі. Оларды санкция бере алатын компания бақылайды. Санкциялау мен жеңілдіктерді құжаттауға қатысты тиісті шешімге жетуге мүмкіндік беретін белгілі бір есептілік бар. Тіркелмеген жеңілдіктер инкассаланбаған дебиторлық борышты қарау барысында анықталады.
Ақшалай түсімдерді жеңілдіктерге санкция берілісімен немесе бұл мәселелерді шешумен бір мезгілде шот-фактуралармен бірге салыстыруға дейін тіркеуге болады. Қай жағдайда да ақшалай түсімдерді тіркеу процесі бірдей. Ақша қабылдауда дайындалған тізімдер аналитикалық есеп кітаптары бойынша қорытынды шығару үшін бастапқы құжаттар ретінде қолданылады. Бұл мәліметтер әдетте ақшалай түсімдер туралы ақпараты енгізу үшін бастапқы құжаттар ретінде пайдаланылады. Әдетте барлық кіргізілген мәліметтер жазылатын ақшалай түсімдер туралы күн сайынғы есеп әзірленеді. Бір күн ішіндегі барлық түсімнің сомасын енгізілгеннен кейін әдетте алғашқы тізіліммен және мөрленген депозит салымы туралы бланк көшірмелерімен немесе басқа банктік түбіртектермен салыстырады.
Тауарлар мен қызметтер үшін төлем алу процесінің соңғы кезеңі - Бас кітапта қорытынды шығару. Ақшалай түсімдер мен жеңілдіктер жайлы мәліметтер енгізу және оларды өндеуге дебиторлық шоттардың файлдарында көрсетіледі. Жеңілдіктер туралы мәліметтер, егер олар типтік үлгіде болмаса, әдетте жеке-жеке енгізіледі, егер олар өңдеуге қабылданса, онда дебиторлық шоттардың файлы толықтырылады. Рет бойынша нөмірленген несиелік жазбалар жазылып және олардың файлына өзгерістер енгізіледі, ол сосын Бас кітапқа толықтырулар енгізу үшін қолданылады.
Аудитор жоғарыда көрсетілген мақсаттарға кәсіпорынның есептік саясаты және құрылымдық талаптарын жалпылама түрде тексереді. Мәселен, дебиторлық борышты растау - шоттардың мәліметтерің тексерудің маңызды сәті. Растау аудиттің әрбір мақсаты бойынша тестілерді зерттеледі және талқыланады.
Аналитикалық процедуралардың қорытындылары баланс баптарының тестілерін анықтауда елеулі фактор болып табылады. Сатып алу, өндіріс, өткізу мен кірістерді алу циклдеріндегі барлық шоттар негізділігіне, толықтығына, дәлдігіне, болуына, мерзімі сақталуына, есеп шоттары мен бағалау белгілеріне, заңдылығына, мәліметтерді ұсыну мен ашып көрсетуге тестіленеді. Аналитикалық процедуралардың ең маңызды типтерінің бірі - еткен жылдар ішіндегі мәліметтермен салыстыру үшін салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалану. Дебиторлық және кредиторлық борышқа, өзара есеп айырысуларға, басқа салалармен міндетемелерге шолу жасау қажет.
Ерекше көңіл бөлуге тұрарлық типтік жеке дебиторлар мен кредиторлардың шоттары болып тікелей көрсетілмеген міндеттемелер, ұзақ уақыт бойы төленбеген ірі айналымдар мен шоттар, еншілес компаниялардың дебиторлары мен кредиторлық шоттары, ресми тұлғалардың, директорлардың және т.с.с. шоттары табылады. Аудитор мәнділігі жөнінен әрі қарай қандай шоттар қаралуға тиісті екендігін айқындау үшін баланс кезіндегі (ағымдағы сынама баланс) шоттардың тізіліміне шолу жасауы тиіс.
Кезеңді зерттеу аяқталған соң аудиторлар тиімділігін анықтау үшін тексерілетін циклдің бақылау сапасын бағалауға тиіс. Бақылаудың күшті жақтарын анықтау үшін әдетте ішкі бақылау жүмысы принциптеріне негізделетін жүйелік қүрылымы қолданылады. Бақылаудың бағыттары әр түрлі болуы мүмкін. Іс-тәжірибе жүзінде шаруашылық операцияларының барлық түрлері мынадай негізгі критерийлері бойынша бақыланады: шынайылық, толықтық, заңдылық, дәлдік, жіктеу, есеп пен мерзімділігі.
Басшылық пен аудиторлық ұйым қаржылық есеп көрсеткіштерінің нақтылығына және қаралатын жүйе үшін бақылаудың тиімділігі бағалауга қалай әсер ететіндігін түсіну үшін шаруашылық операциялары циклдерінің қай жүйесінде күшті және әлсіз жақтары бар екеңдігін анықтауы қажет. Сондықтан бақылаудың жеткіліксіздігі салдары ретінде елеулі қателер жоқтығын дәлелдеуге болатын тиісті жыл сайынға процедураларды белгілеу талап етіледі.
Әдетте бақылаудың тиімсіздігі бірлік үлесімен бейнеленеді (0,10; 0,20 т.б.), және абсолютті емес: бақылау бар немесе жоқ. Көптеген аудиторлық фирмалар колданылатын кең таралған бағалау жүйесі бар:
«үздік» (бақылаудың жоғары тиімділігі);
«жақсы» (бақылаудың орташа тиімділігі);
«қанағаттанарлық» (бақылаудың төмен тиімділігі);
«нашар» (бақылаудың тиімсіздік ықтималдығы ең көп
шамада, яғни жақын немесе 1,0 тең).
Осындай тәсілмен бақылау тиімділігінің кез келген дәрежесін анықтауға болады.
Шаруашылық операцияларын циклдік және объектілік бақылауды ұтымды үйлестіру аудиторлық тексерулерді жүргізуге арналған ең тиімді тәсілі болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылық есебі элементтері мен қызмет циклдерінің аудитін өткізу технологиясының теориялық-әдістемелік аспектілері проблемалық ғылыми зерттеулердің тұрақты объектілері болып қызмет етеді, жүйелі түрде жетілдіріледі және барлық мүдделі тараптардың, бұларға тапсырыс берушілер, аудиторлық ұйымдар және бақылау-аудиторлық тексерудің қорытындыларын пайдаланушылар да кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |