Кестені толтырыңыз: 1970-1980 жж. Қазақстандағы оқиғалар
Оқиға
Себебі
Салдары
1979ж. Целиноград оқиғасы
1979 жылы көктемде КОКП Орталық Комитетінің саяси бюросында Қазақстанда Неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. бұл шешім елдің конституциясына сәйкес келмейтін еді.
Маусымның 16-сы күні облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері орталық алаңға жиналды. «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясы болмасын!» және т.б. транспаранттар алып шықты. Целиноградтағы жұртшылықтың қазақ жерінде Неміс автономиясын құру жөніндегі қаулысына ашықтан-ашық бой көрсетуі – тәуелсіщдік жолындағы күрестің бір көрініс еді.
1986 ж.Алматыдағы оқиға
Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайлануы, ғасырдан ғасырға созылған отаршылдық езгіге, қазақ халқының төл мәдениетін, тілін, тарихын жоюға бағытталған саясатқа наразылықтан туындады.
1986 жылғы желтоқсандағы қазақ жастарының бой көтеруі ұлтшылдық сипатта болған жоқ. оның басында Қ.Рысқұлбеков, Е.Айнақұлов, Қ.Айтмұрзаев, Б.Иманғожаев, О.Сейтембеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова т.б. тұрды.аз уақыт ішінде қанша адам оқу орынан шығарылып, дұмыстан қуылды.
Желтоқсан қозғалысы қазақстанды жаңа әлемдік кеңістікке алып шықты.
1989ж. Жаңаөзендегіоқиға
Бұл әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты.
1989 жылғы маусымда қалада екі жақтан да қан төгілуге жеткізген жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Бұл қақтығыс құқық қорғау органдары мен арнайы әскери бөлімдердің көмегімен тоқтатылды. Көптеген проблемалар ұзақ уақыт бойы шешімін таппады.
1989 ж. Қарагандыдағы оқиға
Қордаланып қалған проблемалар: еңбекақының төмендігі, шахталардағы жұмыс жағдайының нашар болуы, азық-түлік тауарларының жетіспеуі.
Бастапқыда экономикалық сипаттағы талаптар қойды.соңынан әлеуметтік шеңбердегі талаптарға Семей ядролық полигонын жабу, бүкілодақтық ведомостволардың монополиясын жою талаптары қөосылды. КСРО көмір өнеркәсібі министрі М.И.Щадовтың жауаптары кеншілерді қанағаттандырмады. Кеншілерді басуға Н.Ә.Назарбаев келді. кеншілердің талаптарын орындауға уде берілді.
18-билет Темір дәуірі адамдарының антропологиялық сипаттамасы.
1990 жылдардағы Қазақстан экономикасындағы жаңғыртулар.