Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны



бет35/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген.
"Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.) Құнды мағлұматтың бірі Кейін «Жылнамалар жинағы» деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» дейді ол өзі жайында. «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2. Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет