Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы партиялардың саяси ерекшеліктеріне талдау жасаңыз



бет32/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы партиялардың саяси ерекшеліктеріне талдау жасаңыз
Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Әлеуметтік қатынаста феодалдық ақсүйектер құқын шектеу, таптық жіктелуді жеделдету мәселесі қойылған жоқ, керісінше, жалпыұлттық мүдде, ұлттык тұтастық бағытына басымдылық берілді. «Алаш партиясы ғаділдікке жақ, халі нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды» деп көрсетілді. Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешілуге тиіс болды. «Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен салынады, ...бар жұмысшылар заң панасында болады».
Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.
Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазақ жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс. Қазақ елінің ықтиярынсыз ішкі Ресейден қоныс аудару токтатылады. Жер мәселесіне байланысты заң қабылданып, қазақ алдымен өз жерінен енші алады. Жер сыбағасы тұрған жерінен, атамекенінен әркімнің тілегіне сай ауылға, ұлысқа, руға бөлінеді. Адам басына, жеке үй басына тиетін сыбаға жер шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы болады. Жер сыбағасын жергілікті жер комитеттері анықтайды. Заң жерді сатуға тыйым салады.
1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазақ комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-қиғаш азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет