Бұқар жырау Қалқаманұлы ақын, жырау. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұны


Археологиялық қазба нәтижесінде табылған заттарды берілген белгілері бойынша байланысын анықтаңыз



бет28/54
Дата19.05.2022
өлшемі1,12 Mb.
#144012
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54
Байланысты:
6 - нұсқа Қаз тарихы Жауаптары

Археологиялық қазба нәтижесінде табылған заттарды берілген белгілері бойынша байланысын анықтаңыз.А) тайпа; В) дәуір; С) аймақ
Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданы жеріндегі жазықта сақ дәуірнің 200-ден аса обалары орналасқан. Оның ішінде 50-ден астамы патша немесе ақсүйектер ескерткіштері саналады.
Қазақстан аумағындағы ең көне, б.з.б ҮІІІ ғасырға жататын патша жерлеу орны 3-Шілікті қорымындағы №1 обадан ашылды. Бұл жәдігер «Бәйгетөбе» деп аталады. Оны ашқан археолог Әбдеш Төлеубаев. Бұл сақ дәуірінің тағы бір ескерткіші.
Обаның биіктігі 8м, диамерті 100 м жуық. Үстіңгі қабат топырақпен, асты тастан үйілген. Тас үйінді ішінде ағаштан жасалған сағана-қабірхана орналасқан. Ер адам жерленген. Алтыннан құйылған қаптыома, түймешектермен безендірілген киіммен жерленген. Саны – 4303. Аңдардың көзінің, құлағының, тұмсығының, тұяғыныңғ орнына көк ақық тастан (бирюза) көз орнатылған. Оның ішінде барыс, арқар, юұғы, таутеке, аю. Қасқыр, бүркіттің бейнелері бар. Аса бір қызықтысы алтын бесжұлдыз табылды. Оның тіні алтын, жұлдызшалары көк лазурит тастан жасалған, айналасы сүйекпен көмкеріліп, ортасына томпақ мүйіз орнатқан. Бесжұлдыз биліктің белгісі саналған. Бұл жәдігерді ғалымдар «Шілікті алтын адамы» деп таныды.


12-билет

  1. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін күресі.

  2. Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы.

  3. Кестені толтырыңыз: 1980-ші жылдарының аяғындағы қоғамды жаңарту шаралары.

Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін күресі
Әбілхайыр хандығынан көшіп келген тайпалардан едәуір әскери күш жинаған Керей мен Жәнібек Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуді мекендеген көшпелі тайпаларды біріктіру жолындағы күреске емін-еркін араласып кетеді. Осыған байланысты Қазақ хандары алдарына стратегиялық үш міндетті шешуге тырысты. Оның біріншісі Дешті – Қыпшақта ерте кезден қалыптасқан мал жайылымдарын пайдаланудың тәртібін қалпына келтіру, екіншісі Сыр бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркістан) және тағы басқа да қалаларының үстінен өтетін сауда керуен жолдарын өздеріне карату, үшіншісі ортақ бір тілде сөйлейтін көшпелі тайпалардың басын қосып, тұтас этникалық аймақты қалыптастырудан тұрды. Осындай стратегиялық мәселелерді шешуде Қазақ хандығына Сырдария бойындағы қалаларды қарату ерекше маңызды еді. Бірақ, Сыр бойындағы қалалар үшін Қазақ хандығына қарсы Әбілхайырдың ұлы Шайх-хайдар және немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан тайталасқа түсіп, сол кездегі Қазақ хандарының басты қарсыластарына айналады. Сондықтан Қазақ хандары шайбанидтерге төтеп беру үшін Жошының басқа ұрпақтары – Ахмет хан мен Махмұд хан, Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтасуға ұмтылады. Нәтижесінде Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ ханның қолынан қаза тапса, Әбілхайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға қашып барып паналайды. Нәтижесінде Сыр бойындағы қалалар үшін соғыстар отыз жылдан астам уақытқа созылып, жеңістер мен жеңілістер жауласушы екі жақтың да үлесіне тиіп отырды. Қасым ханның тұсында қазақтардың саны миллион адамға жеткен. Оның билік ету уақытында Қазақ мемлекеті туралы батыс елдері де білді. Қазақ хандарының Сырдария алқаптарының бір бөлігін қосып алу қазақ хандарының елді тұтас біріктіру жолында табысқа жетуінің кілтіне айналды. XV ғ. аяғында мемлекеттердің әуел бастағы шекаралары кеңейе түсті. Оған Батыс Жетісумен, Оңтүстік Қазақстандағы жоғарыда көрсетілген қалалармен бірге далалық өңірлерімен Қаратау аймағы, Сырдария мен Солтүстік Арал алқаптары, Орталық Қазақстанның едәуір бөлігі енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет