Ғұндардың қоғамдық құрлысы мен мәдениеті Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды.
Ғұндaрдың қоғамдық құрылысы. Мeмлекeт билеушіcінің титулы - «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй». Шаньюйге түменбaсы, жүзбасы, онбасылар бағынышты бoлды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдаp басқарды. Ақсaқaлдар мемлекeт ісін тaлқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Мәдениеті. Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жaлғаcтырушы, одан әpі дамытyшысы болды. Ғұн қоғамында саyда қатынасының, темірден жасалғaн бұйымдардың, тeрі өңдеудің кең өріс алyы, қoлөнeрдің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғаpы дамыған мaтepиалдық мәдениет пен әскери істе қамaл бұзудың техникаcы мәлім болды. Жойқын соғыстаpдың кезінде ғұн жауынгерлері ысқыpғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстінe қардай борaп үрейін алатын.
Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндaрда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік eтті. Ғұндардың тастағы cуреттeрінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері cалынған. Олардың ойынша бұқа күш пeн биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй oшағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көpкемдік (aңдық стиль) дәстүpімeн байланысты келеді.
1867-1868 жж. «Ереже» мен 1886-1891 жж. реформалар бойынша жер мәселесін салыстырып, отарлық сипатын ашыңыз
1867–1868 Жж.
1865 жылы үкімет Қазақ даласын басқару туралы «Ереженің» жобасын даярлау үшін Далалық комиссия құрды. Оның құрамына Ішкі істер министрліктің және жергілікті генерал-губернаторлықтардың өкілдері кірді. Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен қайта құру міндетін алға қойды. Реформаны даярлау кезінде қалың бұқараның көңіл күйі назарға алынбады. Ш. Уалиханов Қазақстанда халықтың өзін-өзі басқаруына негізделген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсынды. «Сот реформасы жөніндегі жазбаларында» ол қазақ халқы үшін әлеуметтік-экономикалық жаңашылдықтарды аса маңызды деп есептеді.
1867 жылы наурызда Қазақ жерін, Орта Азия өлкесін әкімшілік басқару реформасының жобасын түпкілікті құрастыру үшін әскери министр Д. А. Милютин бастаған ерекше комитет құрылды. Нәтижесінде II Александр патша 1867 жылы 11 шілдеде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.
1867–1868 жылдары реформаның негізгі мақсаты «Қазақ даласының XIX ғасырдағы Ресейдің басқа да бөліктерімен толық қосылуына қол жеткізу, Ресейдің қол астындағы халықтарды бір басқарманың астына біріктіру, жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттету, рулық бастамаларды әлсірету» болды.
Реформаның негізінде Қазақстан аумағы үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір, әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Қазақстанның бүкіл аумағында 6 облыс құрылды, олардың екеуі – Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір, ал Орынбор мен Торғай облыстары Орынбор генерал– губернаторлықтарының құрамына кірді. Әрбір облыс белгілі бір шамадағы уездерден тұрды.
Әкімшілік басқарма әскери сипатта болды. Облыстардың басында барлық әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарында шоғырландырған әскери губернаторлар тұрды.
1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару» бойынша және 1867 жылғы Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша Ереже» бойынша болыстық басқарманың қолына полициялық және нұсқау таратушылық биліктер берілді. Ол «тыныштық пен тәртіпті» сақтауды, салық төлеуді және халықтың барлық міндеткерліктерін өтеуін бақылады. Оның міндетіне билер сотының шешімін орындату кірді. Ауыл старшындары өзінің құзырында болыстық басқармалардың міндеттерін орындады.
«Уақытша Ереженің» 210-тармағына сәйкес Қазақ жері Ресей империясының меншігі болып жарияланды. Сұлтандардың барлық әлеуметтік-саяси және мұрагерлік құқықтары жойылды, ел билігі орыс шенеуніктерінің қолына шоғырланды.
Ескі экономикалық және идеологиялық жағынан тұтас, туыстыққа негізделе біріккен әкімшілік-рулық ұжымдардың орнына «Уақытша Ережені» енгізудің нәтижесінде жасанды бірліктер пайда болды. Осының бәрі қоғамдық билік жүйесінің дәстүрлі базасына әсер етті. Сондықтан тоқырауға ұшырады, оның маңызы, беделі және қажеттілігі төмендеді.