«Бар тілек анамызға» атты 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі



Дата05.05.2024
өлшемі15,19 Kb.
#201772
түріСценарий
Байланысты:
8-наурыз ортаңғы топ


«Бар тілек анамызға» атты 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
(Залға балалар гүл ұстап кіреді де орындарына жайғасады)


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық
Жүргізуші:- Балалар жарайсыңдар. Бүкіл әлемді гүлге орап, ән мен жырға орап - көктем келе жатыр екен. Ендеше ару көктемді қарсы алайық.

(Ортаға музыка әуенімен Көктем аруы келеді)

Көктем:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, сәлеметсіңдер ме құрметті ата - аналар. Сай саланы гүлге орап, келіп жеткен, мен көктем аруы боламын. Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: - Сәлеметсің бе көктем. Қош келдіңіз, төрге шығыңыз, біз де өте қуаныштымыз.
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады


Ән: «Анашым»
Көктем: - Балалар сендер ойнауды жақсы көресіңдер ме? Егер сендер менің сұрақтарыма жауап берсендер мен сендерге ойын әкелдім,келесесіңдер ме?
Балалар көктемде қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде қай жақтан құстар ұшып келеді?
Көктем мезгілінде ең алғашқы қандай гүл шығады?
Менің қолымда бәйшешек гүлдердің жапырақтары, Қазір мен бүл гүлдерді жерге бесеуін қоямын,музыка ойналады,сендер билейсіңдер,музыка тоқталғанда тез гүлді құрастырамыз
Ойын: "Гүлдер"
Көктем: - Жарайсыңдар балалар, Сендердің ертеңгіліктеріңе қатысып көңілім көтеріліп қалды. Өте ақылды балалар екенсіңдер. Мені басқа да балабақша балалары күтіп отыр. Ендеше сендермен қоштасып, соларға да барайын. Қош сау болыңыздар.
Жүргізуші: - Ой жарайсыңдар балалар, аналарымыз үшін осыдан асқан сый болмас. Балалар біздің ертеңгілігімізге тағы да қонақтар келе жатырған секілді. Қане қарсы алайық.
(Музыка әуенімен залға жүрек пен күн келеді)
Жүргізуші:
- Балалар, сендер білесіңдер ме, бұлар кімдер екенін? Бұлар біздің мейірімге толы анамыздың жүрегі. Қараңыздаршы анамыздың жүрегі қандай үлкен. Себебі оның ішінде сендерге деген мейірімі, қамқорлығы, махаббаты шексіз. Сондықтан да аналарымыздың жүрегі осындай кең боп келеді.
- Ал балалар, неліктен бізге қонаққа жүрекпен бірге күн келді. Себебі күн жылулықтың символы. Аналарымыз да бізге әрқашан, осы күн тәрізді, өз жылулығын еш аяған емес. Сондықтан да ана дегенде мейірімді жүрек пен күндей жылулық лебі бірге жүреді екен.
Жүрек; - Балалар біз сіздермен бірге ойын ойнағымыз келіп тұр. 5 ата-ана және бала шығып матаның арғы жағынан өз баласын қолын ұстап көлу арқылы табу
Ата-анамен ойын: " Аялы алақандар"


Жүр: - Келесі кезекті біздің өнерлі балапандарымызға бермекпіз.
«Қуаныш» оркестрі

Жүрек: - Балалар, сендер білесіңдер ме, жүрек қай кезде дем алатынын? Мен жақсы сөздер естігенімде демаламын. Ендеше аналарыңның жүректеріне қуаныш сыйлағыларың келсе, ортаға шығып анаға деген өлең шумақтарын айтуға болады.
Балалардың таппақтары
Жүргізуші: - Ой жарайсыңдар балалар. 8 - наурыз тек аналарымыздың ғана емес сонымен қатар әжелеріміздің де мейрамы екен. Қане олай болса Әжемізге арналған "Әже әжетайым" атты әнімізді орындап береді.


Ән:"Жақсы көрем"
«Вальс»
Жүргізуші:- Осымен дайындаған "Бар тілек анама" атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді қуантатын адал ұрпағымыз көп болсын. Тағы да мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сіздерге арнап балаларыңыздың өз қолдарынан шыққан сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
(музыка әуенімен, балалар аналарына гүл береді)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет