Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы



бет1/16
Дата07.03.2023
өлшемі58,79 Kb.
#171430
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы


Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2012.08.16. № 516-521 (27594); "Казахстанская правда" 16.08.2012 г., № 271-273 (27090-27092)



Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы «29» маусымдағы
№873 қаулысымен
бекітілген
Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар
1. Паспорты
Атауы Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің
тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік
кешенді жоспар
Негіздеме «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30
қаңтардағы № 261 Жарлығы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
Мақсаты Тұлғаның Қазақстанның азаматы және патриоты ретінде
рухани-адамгершілік қалыптасуына көңіл бөле отырып,
барлық оқу процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту
Міндеттері патриоттық сананы қалыптастыру;
отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау;
рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту;
жалпы адамзаттық қасиеттердің негізінде
көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын
қалыптастырудың кешенді, үздіксіз және тұрақты
жүйесін құру.
Іске асырылу 2013 - 2015 жылдар
мерзімі
Қаржыландыру Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі
көздері мен көлемі 6 640 975 000 теңгені құрайды
(2013 жылы – 2 187 975,0, 2014 жылы – 2 239 474,0,
2015 жылы – 2 213 526,0). Жергілікті бюджеттен
қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттен
білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат
шегінде жүзеге асырылатын болады.
2015 жылға қарай:
Жоспарды білім алушылардың жалпы санынан қоғамдық
іске асыру бірлестіктердің қызметімен қамтылған мектеп
тиімділігінің оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары
индикаторы студенттерінің үлесі – 70%;
білім алушылардың жалпы санынан өздерін патриотпыз
деп есептейтін мектеп оқушыларының, колледждер мен
жоғары оқу орындары студенттерінің үлесі – 75 %;
тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын
ата-аналардың үлесі - 35%;
білім алушылардың жалпы санынан мектеп оқушыларының
балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерімен
қамтылуы - 25%;
білім алушылардың жалпы санынан тәрбиелік
іс-шараларға белсенді қатысатын мектеп
оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары
студенттерінің үлесі - 70%;
жалпы санынан біліктілігін арттырудан өткен
тәлімгерлердің, әлеуметтік педагогтер мен
психологтардың үлесі - 30%.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет